Модальділік және эмоционалдылық
Модальділік категориясының аясын анықтау барысында оның эмоционалдылық категориясымен сәйкес келуін ескерген жөн.
Көптеген лингвистер эмоционалдылықты субьективті-модальді мағынаны берудегі бір тәсілдердің бірі ретінде модальділіктің құрамына енгізеді де. Оны айтылымның экспрессивтілігі деп қарастырады. Эмоционалдылық адам эмоцияларының интонация, одағай сөз, аффикстер, эмоционалды лексика сияқты барлық берілу құралдарын қамтиды [45].
Егер осы пікірге қарсы эмоционалдылықты психологиялық категория ретінде қарастырсақ, ол адамның тітіркенушілерге инстинктивті реакциялары ретінде қарастырылады. Осындай реакцияларға күлкі, жылау, жестикуляция, және т.б жатады. Осыдан келе біз кез келген реакция тілдік формада көрініс таба береді деп айта аламыз. Эмоцияның тілдік формасында көрініс табуы үшін, алдымен эмоциялар ойда құралуы керек, ал содан кейін лингвистикалық немесе экстралингвистикалық көрініс табуы керек [46].
Л.С.Выгодскийдің пікірі бойынша адамның миындағы ойлар біртұтас болып келеді және осының нәтижесінде эмоциялардың тілдегі көрінісі түрлі лексикалық тәсілдер одағай сөздер, аналитикалық форманттар және эмоционалды-модальді сөздер арқылы көрініс табады. Тіл арқылы эмоционалдықтың аз бөлігі ғана беріледі. Осыған байланысты эмоционалдықтың тіл формасында көрініс тапқан жерінде модальділік пен эмоционалдылық категорияларының байланысы пайда болады [47].
Қарастырылып отырған категориялардың айырмашылық шақтармен байланысты. Эмоцияларды беру тәсілдері тек олардың пайда болған шағында ғана, яғни осы шақ аралығында жүзеге асырылады. Өткен немесе келер шақпен байланыстыратын болсақ, келер шақтың лексикалық құралдары баяндайтын жағдаяттың бөлігі ретінде ғана қарастырылады. Модальді мағыналарды жүзеге асыру аясы үш шақты қамтиды: осы, өткен және келер шақ және олардың модальді мағынаны жүзеге асыруының өз ерекшеліктері бар.
Осы келтірілген тұжырымдамалар модальділік және эмоционалдылық категорияларын ажыратпайды. Олар модальділік категориясының лингвистикалық, ал эмоционалдылықты психологиялық категорияларға жататындығын растайды. Осы екі категориялардың бір-бірімен байланыста болуы, тілдік модальділік категориясының қолданылу аясының кеңдігің дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |