КІШІ КЕНДІРЛІ (Киши Кендирлы) – қ., Қарақия ауданы. Атау кіші (сын есім) және
кендірлі (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кіші аңғардан
қазылған қҧдық» (қараңыз: КЕНДІРЛІ).
КІШІ КЕРТ (Киши Керт) – шатқал, Маңғыстау ауданы. Атау кіші (сын есім) және
керт (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Керт – дӛңес жер, тік жар, қҧлама
жар» (Туркм.-русский словарь, 393) деген сӛз. Сонда атаудың мағынасы: «кішілеу тік
жарлы дӛңес жер».
КІШІ ҚАРАТҤЙЕ (Киши Каратуйе) – қ., Бейнеу ауданы. Атау кіші (сын есім) және
қара (сын есім), тҥйе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы
аз қҧдық».
КІШІ ҚҦДЫҚ (Киши Кудык) – қон., қ., Қарақия ауданы. Атау кіші (сын есім) және
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы аз қҧдық».
КІШІ ҚЫРҒЫН (Киши Кыргын) – қор., Қарақия ауданы. Атау кіші (сын есім) және
қырғын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ел аузындағы деректе, Қырғын
аталатын жер, бір жылы қарашешек індетінің отыздың ҥстіндегі адамды бір тҥнде
алып кетуіне байланысты қойылған» делінеді (М.Нығметуллаев, Т.Кезбаев, 43). Мағынасы: «кӛлемі шағын қорым». КІШІ СОР (Киши Сор) – қон., Бейнеу ауданы. Атау кіші (сын есім) және сор (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ӛсімдіктері ӛте сирек, кішкене
тҧзды ойпаң».
КІШІ ТЕРІСКЕНДІ (Киши Терискенды) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау кіші (сын
есім) және теріскенді (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«теріскен кӛп ӛскен жерден кейін қазылған қҧдық».
КІШ ІШЕТПЕ (Киши Шетпе) – б., Маңғыстау ауданы. Атау кіші (сын есім) және
шетпе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Шетпе атауы жӛнінде тҥрлі
этимологиялар қалыптасқан. Мәселен, Е.Қойшыбаев: «шет және аффикс –пе: қалың
ӛскен шетен ағашы» десе (Е.Койчубаев, 252), Костенко мен Е.Ӛмірбаев «Ожувут
степи» кітабында Шетпе атауы тҥрікменнің осы аттас тайпасының аты дейді: « ... XIII
ғасырдан бері осы жерді моңғол шапқыншылығынан ығысқан тҥрікменнің «шетпе»
руы мекендеді (А.Костенко, Е.Умирбаев, 121). Ал С.Қондыбай: «Шетпе сӛзіне
дыбыстық ӛзгеру жағынан ең жақын келетін сӛз –«жетімек» атауы. Яғни «жетімек» - «джетмек» - «четпек» - «шетпе (к)» ӛзгеруі сӛздің заңдылығына толық сәйкес
келеді» деп кӛрсетеді. Жергілікті баспасӛз беттерінде: «Шетпені ең соңғы мекендеген
тҥрікмендер еді. Әсіресе тҥрікменнің сегіз арыс Сейілхан дейтін руының тарамдары
мекендеген. Ол кезде тҥрікмендер Шетпені «Чешме» деп атайды екен. Бҧл
тҥрікменнің бҧлақ кӛзі деген сӛзі» деген мәліметтер кездеседі. Шынымен де Шетпе
маңы сыңсыған бҧлақ. Шетпе деп бҧлақ та аталады. Шетпе топонимі тҥрікмендік
емес, парсының чешме – «қайнар кӛз, бҧлақ деген сӛзінен пайда болған. Атаудың
мағынасы: «суы аз қайнар кӛз, бҧлақ».