Бибатпа Кӛшімова


ҚАЗАНҒАПӘУЛИЕ (Казангапаулие)



Pdf көрінісі
бет105/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   333
ҚАЗАНҒАПӘУЛИЕ (Казангапаулие) – меш., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. 
Қазанғап – Бекет атаның баласы Жайлаудан ӛрбіген әулие адам. 
ҚАЗАНКЕТКЕН (Казанкеткен) – б., Маңғыстау ауданы. «Осы жҧртта әлде бала 
сҥндеттеу, әлде бесікке салар – шағын той болып жатқанда нӛсер жауын жауып, 


ошақтағы асулы тай қазанды қарғын алып кетулі. Бҧлақ атауы содан шыққан деседі» 
(Ә.Спан, 2009, 107). 
ҚАЗБА (Казба) – м., Маңғыстау ауданы. Қазба – «жауын, қар суын жинақтап, ҧзақ 
сақтау ҥшін, су ҧстайтын жерлерден дайындалған арнайы орындар, тайыздығы 
таңқылау жер асты суын алу ҥшін қазалатын қазан шҧңқырлар» (Ә.Спан, 
Ж.Дҥйсенбаева, 196).
ҚАЗБАЙЫР (Казбайыр) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қазба (зат есім) және 
йыр//жер (зат есім) сӛздерінің бірігіуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жауын, қар суын 
жинақтап, ҧзақ сақтау ҥшін, су ҧстайтын жерлерден дайындалған тайыздығы таңқылау 
жер асты суын алу ҥшін қазалатын қазан шҧңқырлары бар жердегі қҧдық». 
ҚАЗБАН (Казбан) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «тайыздығы таңқылау жер 
асты суын алу ҥшін қазалатын қазан шҧңқырлы қҧдық». 
ҚАЗБАСҚАЗҒАН (Казбасказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау Қазбас (зат есім) және 
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Қазбас қазған 
қҧдық». 
ҚАЗЫБЕК (Казыбек) – бейіт, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ҚАЗЫГҤЛ (Казыгуль) – қ. Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ҚАЗЫНАНЫҢ САЙЫ (Казынанын сайы) – сай, Қарақия ауданы. Антропоороним. 
Аңыз бойынша, Қазына – Қыдырқазақ деген тҥрікменнің Маңғыстауға хан сайланған 
Біралыға ҧзатылған қызы. Хан ӛзінің екінші ордасын осы сайдың ішіне тіккізген екен, 
атау содан қалған (Ә.Атшыбаев, 104).
ҚАЗЫНЫНЫҢ ҤЙІГІ (Казынанын уйиги) – сай, Қарақия ауданы. Антропоороним. 
ҚАЙҒЫЛЫ (Кайгылы) – қ., Қарақия ауданы. Белгілі бір оқиғаға қатысты аталуы 
мҥмкін. 
ҚАЙДАҚ (Кайдак) – сор, шығ., Маңғыстау ауданы, Каспий теңізінің шығыс 
жағалауында, Бозащы тҥбегі мен Ҥстірт аралығында. «Ҧлы даланың ҧланғайыр 
мҧрасы» атты кітапта: «Қайдақ – кӛне тҥркі тілінде қҧстың бір тҥрінің аты. 1819 ж. 
Хиуаға келген капитан Муравьев шығанақ атын қайдақ қҧсының балапан ӛргізетін 
отаны деп тҥсінік береді» – деп жазылады (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 197). Ал хайдак - 
географиялық термин ретінде «жалғыз тау, жеке тҧрған шың, саласы жоқ ӛзен т.б.» 
деген мағыналарда қолданылатын және негізгі мәні моңғолша «жалғыз» (одинокий)
деген сӛз (Э.М.Мурзаев, 1984,589). Осы пікірге сҥйенсек, Қайдақ топонимі «Бозашы 
тҥбегі мен Ҥстірт аралығындағы жатқан жалғыз сор» деген мағына береді деп 
топшылаймыз. 
ҚАЙҚЫ (Кайкы) – тӛбе, абс. биіктігі 121 м. Қарақия ауданы. Мағынасы: «еңістігі 
жоғарыдан тӛмен қарай арта тҥсетін қайқы беткейлі тӛбе» немесе «ҧзыннан созылып 
жатқан тӛбе». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет