Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет104/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   333
КІШІ ТҤЛЕН (Малый Тулен) – қ., Бейнеу ауданы. Атау кіші (сын есім) және тҥлен 
(зат есім), ой (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тулен – «итбалық». 
Мағынасы: «итбалық кӛп болатын жерден қазылған қҧдық». 
КІШІ ШҦҚЫРОЙ (Киши Шукырой) – м., Маңғыстау ауданы. Атау кіші (сын есім) 
және шҧқыр (зат есім), ой (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«кішілеу қазылған, ойылған жер». 
Қ 
 
ҚАБАНҚҦДЫҚ (Кабанкудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қабан (зат есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «дӛңдеу, бҥйірлі 
жерден қазылған қҧдық». 
ҚАБАҚ (Кабак) – м., Маңғыстау ауданы. Қабақ – «ӛзен, тау беткейлерінің тік жарлы 
болып келген жері».
ҚАБАҚТЫ (Кабакты)  – м., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «тік жарлы жер». 
ҚАБЫЛАНҚЫР (Кабыланкыр) – жазық, шың, Ҥстірттің оңт-де орналасқан. Атау 
қабылан (зат есім) және қыр (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қабылан – 
«мысық тҧқымдас тҥсі теңге шҧбар, сҥтқоректі жыртқыш аң. Атау қырда қабыланның 
кӛп болумен байланысты қойылған. 
ҚАБЫРҒА (Кабырга) – қ., шатқ., Маңғыстау ауданы. Қабырға – «бір заттың қапталы, 
тҧсы» деген мағына береді (ҚТТС, 5т. 465). Мағынасы: «таудың етегіндегі еңістегі 
қыстау».  
ҚАДЫ (Кады) – қор., Маңғыстау ауданы. «Кәді моңғол тілінде хадны – «қҧзды», 
«тасты» деген мағына береді» (Конкобаев, 70). Атаудың мағынасы: «тасты жердегі 
қорым» немесе «тасты қорым». 
ҚАДЫРАЛЫ (Кадыралы) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ҚАДІРБЕРДІ (Кадирберды) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
ҚАЖЫБАБА (Кажыбаба) – қорым, Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
ҚАЗАҚ (Казах) – шығ., Қарақия ауданы. Қазақ халқының қҧрметіне қойылған атау. 
ҚАЗАҚСОР (Казахсор) – сор, Қарақия ауданы. Мағынасы: «Қазақстан 
территориясындағы тҧзды жер немесе қазақтың тҧзды батпақты жері». 
ҚАЗАН (Казан) – қ., Маңғыстау ауданы, Бозащы тҥбегінде. Ә.Спан: «Қҧдық 
Сырымбетҧлы Мҧрат (Кеще) атасының шӛбересі Қазанның есімімен аталған» (352) 
деп тҥсінік береді. Сондай-ақ Т.Жанҧзақов: «қазан сӛзі «ас пісіретін шҧңғыл шойын 
ыдыс» деген тура мағынасынан басқа «ой, ойдым, ойпат» деген географиялық, яғни 
топонимдік мәнде де қолданылатынын (Т.Жанҧзақ, 2007, 101) айтады. Осы пікірге 
сҥйенсек, атау «ойыс жерден қазылған қҧдық» мағынасын беруі де мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет