жиылып намаз оқитын және бала оқытатын жері», Ақ борлы жерден салынған
мешітке байланысты аталған.
АҚМОЛА (Акмола) – мола, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және мола (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Ақ сӛзі – «киелі, қасиетті»
деген мағынада
қолданылып, «киелі мола» деген мәнде және
моланың ақ тастан салынуына
байланысты да аталуы мҥмкін.
АҚМОЛАЛЫ (Акмолалы) – қ., Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және молалы (сын
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау: «ақ тастан
қаланған моланың жанынан
қазылған қҧдық» мәнін береді.
АҚМОЛДА (Акмолда) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
АҚМОНШАҚ (Акмоншак) – шатқ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «бір-біріне
тізбектелген тӛбелі шатқал».
АҚМҦРЫН (Акмурын) – шатқ., қорым, Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және мҧрын
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Аталған жердің сырт кӛрінісінің шығыңқы,
биік (мҧрын тәріздес) пішініне қарай аталған. Мағынасы: «сусыған биік қҧмды жер».
АҚМЫШ (Акмыш) – б., Маңғыстау ауданы. Атау ақ (етістік) және –мыш жҧрнағы
арқылы жасалған. С.Қондыбай
–мыш тҧлғасын оғыз тіліндегі «бҧлақ» деген сӛз деп
қарастырады (С.Қондыбай, 2007, 171). Біздің пікірімізше, топоним қҧрамындағы
-мыш
– есімшенің кӛне жҧрнағы. М.Томанов
«-мыш – Орхон Енисей жазбалары тілінде,
сондай-ақ кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің ӛткен
шағын жасаған
аффикс:
қалмыш (қалған),
тегміш (тҥйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің
қызметін атқарған», – деп кӛрсетеді (М. Томанов, 2002, 272-273).
Демек Ақмыш
«аққан бҧлақ».
Достарыңызбен бөлісу: