Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет20/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   333
АҚМЫШТАУ (Акмыштау) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау есімше тҧлғалы ақмыш 
(етістік) тҧлғасы мен тау (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау «қасында 
ақып жатқан бҧлағы бар тау» деген мән береді. 
АҚОЙ (Акой) – қ., Орталық Ҥстіртте, Манғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және ой (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Бҧл жерде ақ «ҥлкен, кең» мағынасында, ал ой 
«ойпаң, ойыс жер» мағынасында қолданылған. Сонда атаудың мағынасы: «ҥлкен 
ойыс жердегі қҧдық». 
АҚОЙЫҚ (Акойык) – мола, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және ойық (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «жердің ҥлкен ойылған жеріндегі мола». 
АҚОРПА (Акорпа) – қҧдықтар, Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Ақ (сын есім) және орпа 
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Орпа – аузы кең, тайыз, әрі шегенделмеген 
қҧдық. Мағынасы: «қҧдық қазылған жердің топырағының ақ болуына орай аталған. 
АҚОТАУ (Акотау) – тау, қ., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және отау (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Таудың сыртқы пішіні отауға ҧқсастығына және ақ 
тҥсіне байланысты аталған. 
АҚОТТЫ НАР (Акотты Нар) – шыңырау, Оңтҥстік Ҥстіртте. Маңғыстау ауданы. 
«Ақ от» – қазақ тілінде шӛбі мол, жусанды, малға жайлы жерге айтылған сӛз 
(С.Қондыбай, 2007, 171). Ал нар атауы, жергілікті аңыз бойынша, қҧдықты қазу 
кезінде қҧдықшыны сыртқа алып шығуға қолданылған нарға байланысты қалған. 
Бҧрын шығырға тҥспеген нар ҥркіп, қҧдықшыны қҧдық ішіне соғып-соғып, ӛлідей 
алып шыққан. Осы оқиғаға байланысты қҧдық атауына нар сӛзі қосақталып айтылып 


кеткен екен. Сонда атаудың мағынасы: «шӛбі мол, жусанды, малға жайлы жерде 
қазылған және нармен байланысты оқиға болған суы мол, терең қҧдық». 
АҚӚРМЕ (Акорме) – қ., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және ӛрме (сын есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ақ биік жердегі қҧдық». 
АҚПАН (Акпан) – тӛбе, қ.,сор. Абс. биіктігі 224 м. Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) 
және пан (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ақ тау немесе ақ тӛбе». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет