Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет202/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ТОРЫАТ (Торыат) – қ., Маңғыстау ауданы. 
ТОРЫМ (Торым) – қ., қон., Маңғыстау ауданы. Э.М.Мурзаев «Моңғол тілдерінде 
тором немесе тойрим – «тақыр», «ӛсімдік ӛспеген қҧрғақ сор» мағынасындағы сӛз 
десе (Э.М.Мурзаев, 1984, 559), М.Қашқаридың сӛздігінде «торым деп тҥйенің ботасын 
атағандығы» айтылады. Ал кӛнетҥркі тілі сӛздігінде турум – «ӛлшем бірлік, бір турум 
адамның бойына тең қҧдықтың тереңдігі» деп беріледі (ДТС, 589). Демек Торым 
атауы –«тақыр», «ӛсімдік ӛспеген қҧрғақ сор» деген атаудан гӛрі, біздің ойымызша
«адам бойындай тереңдіктегі қҧдық» мәнін береді. 
ТОРЫШ (Торыш) – б., қыс., Маңғыстау ауданы. Иран топонимиясында торш – 
«қышқыл» деген сӛз (В.И.Савина, 216). Сонда атаудың мағынасы: «қышқыл сулы 
бҧлақ» тәрізді. 
ТӚБЕҚҦДЫҚ (Тобекудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау тӛбе басынан не жанынан 
қазылған қҧдыққа байланысты қойылған.
ТӚБЕҚҦДЫҚ ҚОРЫМЫ (Тобекудык корымы) – дәстҥрлі діни ескерткіштер тобы, 
Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «тӛбе басынан қазылған қҧдығы бар қорым». 
ТӚБЕЛ (Тобель) – қ., Қарақия ауданы. Э.В.Севортян: «тӛбел – «маңдайында ағы бар 
ірі қараға қарата айтылады. Осы жерде сӛз тӛбе сӛзінің мағынасына (холм, верх, 
вершина) сәйкес келеді, -л сӛзжасаушы кӛрсеткіш» деп жорамал жасайды 
(Э.В.Севортян, 1980, 200). Осы пікірге сҥйенсек, атаудың мағынасы: «тӛбе жанынан 
қазылған қҧдық» тәрізді. 
ТӚБЕҚОРА (Тобекора) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау тӛбе (зат есім) және қора 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тӛбе басындағы қыстау». 
ТӚЛЕБАЙ (Толебай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. Шежіре дерегінде: 
«Тӛлебай Ҥсенҧлы – Дәулеталының (ру) шӛбересі қаздырған қҧдық» делінеді. 
ТӚЛЕБЕРГЕН (Толеберген) – мола., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. 
ТӚЛЕГЕНӘУЛИЕ ЖЕРАСТЫМЕШІТІ (Толегенаулие жерастымешити) – мешіт 
ор., Маңғыстау ауд-ы, Шайыр ауылының маңында. Антропонекроним. Тӛлеген әулие 
адайдың Жаулы – Ескелді руынан шыққан кісі, шамамен 1860-1915 – жылдарда ӛмір 
сҥрген. Кезінде жергілікті батырлардың жорыққан аттанарда не жолаушылық сапарға 
шығарда міндетті тҥрде тҥнеп шығып, аттанар орны болған екен (С.Қондыбай, 2000, 
45).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет