КЕБІР (Кебир) – сор, Бейнеу ауданы. «Кепкен сор».
КЕБІРБҦЛАҚ (Кебирбулак) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кебір (зат есім) және
бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кепкен бҧлақты
қоныс».
КЕБІРКӚЛ (Кебирколь) – қон., Мҧнайлы ауданы. Атау кебір (зат есім) және кӛл
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кепкен кӛлі бар қоныс».
КЕЖІТАМ (Кежитам) – мола, Тҥпқараған ауданы. Иран тілінде кедж – «қисайған,
бҥгілген, иілген» (В.И.Савина, 107). Мағынасы: «қисық, қҧлаған там».
КЕЗДІҢ ҚАРАҚҦДЫҒЫ (Кездын каракудыгы) – қ., Маңғыстау ауданы. Кез – екі
таудың тҥйіскен жеріндегі ойыс (А.Аманжолов. 490). Мағынасы: «екі таудың тҥйіскен
жеріндегі ойыста қазылған сулы қҧдық».
КЕЗЕК (Кезек) – Маңғыстау ауд-дағы қыстау. Мағынасы: «екі таудың тҥйіскен
ойысындағы қыстау».
КЕЗҚОРА (Кезкора) – Маңғыстау ауд-дағы жер. Атау кез (зат есім) және қора (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі таудың тҥйіскен
ойысындағы қора».
КЕКІЛ (Кекиль) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қырат басындағы ҥйінді»
(М.Қожанов, 114).
КЕКІЛБАЙ БҦЛАҒЫ (Кекилбай булагы) – б., Маңғыстау ауданы. Халық
жазушысы Ә.Кекілбайҧлының әкесі Кекілбайдың басына егін салған бҧлағы.
КЕЛТЕСАЙ (Кельтесай) – жыра, Маңғыстау ауданы. Атау келте (сын есім) және сай
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қысқа сай».
КЕЛІМБЕРДІ (Келимберды) – қыс., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим.
КЕМЕР (Кемер) – тӛбе, Қарақия ауданы. Мағынасы: «жар қабақты тӛбе».
КЕМПІРҚҦМ (Кемпиркум) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кемпір (зат есім) және
қҧм (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «аласа, ескі қҧм»
тәрізді.
КЕНДІРЛІ (Кендирлы) – шығ., б., қ., Қарақия ауданы, Каспий теңізінің шығыс
бӛлігінде. Академик Қ.Аманниязов: «Д.Ливкиннің «Рыволовство и тюлений промысел
на восточном побережье Каспийского моря» (СПб, 1902г.) кітабында Кендірлі атауы
тҥрікменнің «кең дерели» деген сӛзінен шыққан (кең – широкий, дере –шатқал немесе
шығанақ) «кең шатқал» мағынасындағы атау» – дейді («Огни Мангистау» 2009, 4
июня). Расындада шығанақ кендір ӛсімдігіне байланысты қойылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |