КАМЕНИСТЫЙ (Каменистый) – алқ., мҧн. кені Қарақия ауданы. Каменистый орыс
тілінен аударғанда «тасты» деген сӛз. Сонда атау «тасты алқап» болғаны.
КАМЕННЫЙ (Каменный) – карьер, Бейнеу ауданы. «Тасты, тасы кӛп жер».
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ (Каспиское море) – теңіз, Еуразия қҧрлығының
орталығында,
мҧхиттардан алыста, оқшау жатқан тҧйық су алабы. «Каспий орасан зор аймақты алып
жатыр, жағалық сызығының жалпы ҧзындығы 6380 км
болса, оның 2340 км-і
Қазақстан жеріне қарайды. Каспий осындай орасан зор
аймақты алып жатқандықтан
оны «теңіз»
деп атайды, әйтпесе географиялық табиғатына қарай ол – кӛл. Ӛйткені
Каспий ешқандай мҧхитпен бҧғаз арқылы байланыспайды.
Каспий жер бетіндегі ең
ҥлкен кӛл, кӛлемінің осындай ҥлкендігіне орай «теңіз» деп аталынады (Ә.Аяпбекова,
61).
Тарихта теңіздің бҧл атауынан басқа
70 - тен астам атауы (Горган, Хорасан, Гилян,
Хазар, Булгар, Хвалы, Оғыз т.б.) болған. Каспий гидронимінің этимологиясы туралы
тҥрлі пікірлер қалыптасқан. Проф. Т.Жанҧзақов: «Лингвистикалық тҧрғыдан
Каспий
атауының
кас сӛзі (тайпа аты) және
пий – «су, ӛзен, кӛл, бҧлақ… Демек, Каспий теңізі
«
кас тайпасына тән
кӛл» мағынасындағы атау деп білеміз. Кӛптеген еуропалық және
отандық зерттеушілер осы кас (қас) этнонимін «қазақ» сӛзінің тӛркіні
ретінде
қарастырады» - дейді (Т.Жанҧзақ, 2007, 90).
Атырау облысы топонимдерін зерттеген
М.Қожанов та Каспий топониміндегі кас тайпасын «қазіргі халық, ҧлт аты «қазақ»
сӛзіне» байланысты қарайды (М.Қожанҧлы, 13).
Каспий
теңізінің атауы ӛлкеде мекен
еткен
каспи тайпасымен тікелей байланысты айтылады. «Каспи - Арал ӛңірінің тарихи
тайпаларының бірі, аймақ тарихында кӛп ерекшелене
бермейтін тайпалар тобы
каспилер деуге болады, оларды тарихта (Геродот) салтанаттылар деп те атайды. Осы
бір шағын тайпа кӛшпенділердің кӛне тарихынан бастау алады.
Сақтардың осы
бӛлігінің аты бірте-бірте Каспий теңізіне берілді» (С.И.Әжіғали, 61).
Сонымен Каспий
атауы
каспи тайпасының атынан қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: