Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Қазревком қызметі және Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. С.Меңдешов, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев сынды қазақ зиялыларының қызметі



бет48/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93
Тарих билет

Қазревком қызметі және Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. С.Меңдешов, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев сынды қазақ зиялыларының қызметі.

Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті.
Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Қазақ АКСР-ның құрылуы. 1920 РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы » декрет қабылданды, 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңесінің съезі өтті. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С.Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.А . Радус- Зенькович болды. Съезде « Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. « Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Меңдешев Сейтқали - 1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған. Семинарияда оқып жүрген кезінде демократ, ұлт-азаттық қозғалысқа қосылғаны үшін патша өкіметінің қуғындауына ұшырады. 1916 жылы тұтқынға алынып, Астрахан түрмесіне қамалды. 1918 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясы сиезінде губерниялық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды, 1919 жылы оның төрағасы болды. 1919 жылы шілдеде Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомының мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды. 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің төрағасы, 1925-1926 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы, ал 1926-1930 жылдары РКФСР экономикалық Кеңесінің мүшесі болып сайланды.
1930-1937 жылдары Қазақ АКСР оқу-ағарту халкомы, Қазақ АКСР Халком кеңесі жанындағы ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ АКСР Халком кеңесі жанындағы қорықтар мен тарихи-ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштықпен күресу жөніндегі төтенше комиссияны басқарды, 1924 жылы Орта Азия елдері мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын межелеу мәселесін шешуге қатысты. 1925 – 26 жылдары КСРО БОАК-нің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституциялық комиссияның мүшесі, 1928-1929 жылдары КСРО БОАК-нің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі болды. Қазақ АКСР кеңестері І-У, VIII, IX сиездерінің делегаты және Қазақ АКСР ОАК мүшесі. 1919-25 жылдары РКФСР және КСРО кеңестері сиездерінің делегаты және РКФСР ОАК және БОАК мүшесі. 1924-1925 жылдары БОАК төралқасының мүшесі. РК(б)П XII сиезінің және Коминтерн 5-конгресінің делегаты. 1921-1926 жылдары РК(б)П Қазақ облыстық бюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды. С.Меңдешев 1937 жылы репрессияға ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет