Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. 2017 жыл, 27 сәуір



бет47/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93
Тарих билет

3.Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. 2017 жыл, 27 сәуір.
«Туған жер» бағдарламасы – Президент ұсынып отырған рухани жаңғырудың өзегі, себебі, ол еліміздің болашағы – жастар үшін рухани дамудың бағдаршамы іспеттес. Бұл бағдарламаның тұжырымдамалық негізгі мұраты – туған өлкені, жерді, ауылды қастерлеу арқылы елін сүюге, жалғыз Отанымыз – Қазақстанды сүюге тәрбиелеу. Сондықтан, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы және география пәндері негізінде әр өлкенің әдебиеті, тарихы, қайталанбас табиғаты мектепте оқытылып, оқушылардың білімі шыңдалып, бағалануы тиіс. Ал факультативтік сабақтары есебінен жүргізілетін танымдық экскурсиялар мен мұражайларға, тарихи ескерткіштерге саяхаттар теориялық білімді толықтыру үшін ғана қолданылуы керек. Ойлап қарасақ, математиканың төрт негізгі амалдарынан басқа тригонометриялық функцияларды меңгерген, физикада Архимед, Ом заңдарын, химиялық өңдеудің қағидаттарын өмірде еркін қолдана білетін адамды «техникалық көзі ашық» деуге болатын болса, ал санамыздың ісімізден қаншалықты озып жүргенін мұражай мен тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастырумен бағалаудың тиімділігі қандай болмақ? Әр оқушының өзі туған өлкесін қаншалықты білетініне мектеп қабырғасында қойылатын баға – оның рухани келбеті үшін алғашқы емтихан болмақ, ондағы алған үздік бағасына келешекте күтіп тұрған заман сынағына лайықты төтеп беруінің кепілі деп қарауымыз керек. Ендеше, мектепте өлкетану компоненттері білім стандарттарына еніп, міндетті оқытылып және әр оқушының білімі жыл сайын бағалануы тиіс. Бұл – аксиома. Президенттің тапсырмасына сәйкес көршілес өңірлер өзара араласып, шаруашылықтарымен танысып, мәдениет күндерін өткізуді жолға қойып келеді. Осындай күндер аясында делегациялар құрамына оқушылар мен жастарды да қосып, өлкенің белгілі ақын-жазушылары шығармаларымен, тарихымен, қайталанбас табиғатымен таныстыруды да өңірде болу бағдарламасына енгізген абзал. Бұл өзара қарым-қатынастың тиімділігін, келешекте беретін «мультипликативті эффектісін» еселеп арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Елбасы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасы жан-жақты дайындалып, тиімді жүзеге асырылатын болса, ол әлбетте, қоғамда жаңа рухани дәстүрді қалыптастырады және келешекте әуелі елім дейтін, нағыз отаншыл, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті ұрпақтың өсіп-жетілетініне кәміл сенеміз. 


Билет 18

  1. Қазревком қызметі және Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. С.Меңдешов, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев сынды қазақ зиялыларының қызметі.

  2. «Қайта құру» жылдарындағы қайшылықтар мен мүмкіндіктер.

  3. «Аманат» Халықтық Демократиялық Партиясы. Тарихы, басшылығы, идеологиясы.



1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет