Билет № 2
1. Оқу бағдарламасының мазмұны.
Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат. Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.
I.Жалпы мәлімет
1.Пәннің маңыздылығы
2.Оқу бағдарламасының мақсаты
3.Үштілділік саясатын жүзеге асыру
4.Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
5.Педагогикалық әдіс – тәсілдер
6.Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
7.АКТ қолдану құдыреттілігі
8.Коммуникативті дағдыларды дамыту
9.Оқу жетістігін бағалау
II.Оқу мақсаттарының жүйесі
1.пәннің мазмүны
2.Оқу мақсаттарының жүйесі
3. Ұзақ мерзімді жоспар
2. Математика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту. Зерттеудің алты қадамы, «7W» (немесе «7 неліктен»). Оқушылардың жоба жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту.
Қазіргі таңда білім беру үрдісінде оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік ғана емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік қызметтерін дамыту арқылы игерту көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы оқушыларды оқу-зерттеу ісіне баулу арқылы оларға білімді зерттеушілік іс-әрекет деңгейінде игерту болып табылады.
Оқушының зерттеушілік қабілетін (талдау, топтау, салыстыру, шолу, маңыздыны бөліп көрсету, дербестік, ойлау икемділігі, сөйлеу жүйелілігі, ойлау шапшандығы) дамытуда мұғалім осы бағытта жұмыс жасауға оқушыны бағыттау қажет.
Оқушыларды зерттеу қызметіне үйретуді математика пәнін оқыту барысында іске асыруға болады.
Математиканы дәстүрлі оқытуда мұғалімнің оқушыларға ақпаратты дайын күйінде беруі әбден қалыптасқан жүйе. Бірақ бұл жолмен оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкін емес.
Математика сабағында оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыруда проблемалық ахуал туғызу басты мәселе болып табылады.
Мұғалім оқушыларға проблеманы зерттеулер жүргізу негізінде өз бетінше шешулері үшін оларға теориялық және практикалық тапсырмалар береді.
Біз оқушылардың зерттеушілік қызметтерін дамытуды 7 сыныпта алгебра курсының «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын өткенде қолданып, тарау бойынша алған білім-білік дағдылары оң нәтиже берді.
Бұл тақырып материалдарын зерттеу тұрғысынан игертудің мақсаты: оқушылардың бағдарламалық материалды саналы меңгеруін (қысқаша көбейту формулаларының кез келген екі өрнектің квадратын табуды жеңілдететіні туралы түсінік қалыптастыруды), жаңа білімді игерту арқылы олардың білімдерін тереңдетуді қамтамасыз ету.
Оқыту үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай, түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алу қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |