Билет №1 Біліктілікті арттыру курсына кіріспе. Оқу бағдарламасын жаңартудың алғышарттары



бет8/8
Дата05.01.2024
өлшемі1.92 Mb.
#488525
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1-4 билеттер

Билет № 4
1.Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: ойлау сипаты.
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталып отырғаны баршамызға мәлім. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мектептегі білім сапасын арттыру үшін оқыту мен оқу жүйесі өзгеріс енгізуді қажет етуде Елбасымыз айтқандай қазіргі заманғы білімді азаматтарды тәрбиелеп оқытуда елімізде оған көптеген жағдайлар жасалып отыр. Білім саласында күнделікті жаңалықтар ендірілуде. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасауда. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі критериалды бағалау жолдары. бұл бағалау жолын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асыра аламыз. Бұл бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығшылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерилердің жеңіл түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін - өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дискрипторларды құрамыз. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:


1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
1. Қызметтік (Мақсаты,міндеті,жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік,ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге 
жағдай туғызу.)
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т.б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр.Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Жоғарғы оқу орындары жаңа формация мұғалімдерін дайындауға енді ғана бағыт алып отыр. Осыған байланысты мектеп жағдайында жаңа формацияда ұстазды қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеу әрбір мектеп басшыларының басты міндеті болмақ. Осы жауапты іздеу барысында мектепте педагогтың жеке біліктілігін арттыру картасы үлкен көмек болар еді.
2. Оқу бағдарламасының «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімі бойынша сабақ жоспарларын ұсыну, талқылау.






Эксперимент барысында өткізілген сабақ жоспарларынан үзінді






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет