Билет билет билет


A) Арифметикалық материал



бет31/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Билеты МОӘТ-2

A) Арифметикалық материал. Оқулықтың бөлімі натурал сандар арифметикасын қайталауға және пысықтауға арналған. Мұнда пропедевтикалық дайындықты жүзеге асыруға көңіл бөлінген.
II және III бөлімдер бөлшек сандар арифметикасына арналған. Ондық бөлшектер қазіргі оқулықтардағы сияқты жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде олардан кейін емес, керісінше жай бөлшектердің бұрын енгізілген. Осыдан авторлардың белшектерді оқытудың реті туралы өзіндік әдістемелік пайымдаулары болғандығы байқалады. III бөлімде сандардың бөлінгіштігі мәселелері қарастырылады да жай бөлшек ұғымы енгізіледі және жай бөлшектерге амалдар қолдану оқытып-үйретіледі. Қазіргі оқыту жүйесінен айтарлықтай айырмашылық жоқ деуге болады. Ондық бөлшек ұғымы жай болшектен бұрын енгізілгендіктен, осы бөлімнің соңғы «Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер» тақырыбында ондық бөлшектер жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде тағы да қарастырылады. Бөлшектерді оқып-үйренумәселесі қатынасын табумен және проценттік есептеулер жүргізумен ұштастырылған. Ол үшін ең алдымен, «айырмалық салыстыру» және «еселік салыстыру» үғымдары және осының негізінде «қатынас» ұғымы енгізіледі. Одан әрі әртүрлі мысалдар келтіру арқылы «қатынас» ұғымының мән-мағынасы ашылып, пропорциялардың белгісіз мүшелерін табу және проценттік қатынас мәселесі, санның процентін және проценті бойынша санды табу мәселелері қарастырылады.
Келесі IX бөлім – алдыңғы бөлімнің жалғасы, ол пропорциялар мен пропорционал шамаларды оқытуға арналған. «Пропорция» ұғымы өткен бөлімдегі қатынастар туралы білім негізінде, яғни екі қатынастың теңдігі ретінде енгізіледі де пропорцияның негізгі қасиеті, туынды пропорциялар, пропорцияның белгісіз мүшесін табу беріледі. Осыдан кейін функциялық тәуелділіктің ең қарапайым түрі болып табылатын пропорционалдық тәуелділік және пропорционал бөлумен байланысты есептер шығару қарастырылған. Бөлшектермен байланысты материалдан кейін қатынастарға, оның негізінде пропорцияға және сол арқылы пропорционал шамаларға көшу, соңында осы үш мәселе «функциялық тәуелділік» ұғымына ұштасады. Бұл жоғары әдістемелік шеберліктің көрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет