Билет билет билет


К. Жәленұлының әдістемелік математикалық қызметі



бет9/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Билеты МОӘТ-2

К. Жәленұлының әдістемелік математикалық қызметі

Кәрім Жәленұлы[1] (1888, бұрынғы Орал губерния Жымпиты уезі Байқұтты болысы ғ4 ауылы – өлген жылы белгісіз) – қоғам қайраткері, Алашорданың батыс бөлімшесі жетекшілерінің бірі, әдіскер математик. Ол тек ең алғашқы оқу бағдарламасын ғана дайындап қоймай, математика оқулықтарын дайындау бағытында да кажырлы еңбек етті. Ол 1923 жылы Ташкент жазылған тұңғыш төл оқу құралымыз болатын "Есеп тану. каласында қазақ тіліндегі бөлшек сандар арифметикасынан Бөлшек сандар" еңбегін бастырып шығарды. Көлемі 58 беттен тұратын оқу құралының мазмұны 94 параграфқа бөлінген және мынадай 5 тараудан тұрады: “І. Бөлушілер туралы. П.Жай бөлшектер. III. Ондық бөлшек. IV. Протсент туралы. V. Метр өлшеуіштері”
І тарауда сандардың бөлінгіштігімен байланысты оқу материалы 21 тақырыпқа бөлініп баяндалған. Мұнда алдымен бір санның екінші бір санға бөліну-бөлінбеуі туралы қарастырылады да "жай сан", "құрама сан", "жұп сан", "так сан" ұғымдары енгізіледі. Одан кейін қосындының бөлінгіштігі талданып, 2-ге, 4-ке, 8-ге, 5-ке, 10-ға, 9-ға, 3-ке және 6-ға бөлінгіштік белгілері тұжырымдалған. Бұл орайда автордың бөлінгіштік белгілерін тұжырымдауы ерекше назар аудартады. Мәселен, ол 2-ге бөлінгіштік белгісін былайша түсіндіреді: "2-ге аяғы нөл йа жұп болған сандар ғана бөлінеді. Қандай сандарды алсақ та, аяғы нел болса, 2-ге бөлінеді, себебі ол сан бірнеше ондықтан түзілген; 10 бес екіліктен түзілген. Енді аяғы нөл болмай, басқа сыйпырлер болса, екіге тек кана жұп сандар бөлінеді, соның үшін аяғындағы сыйпыр екіге бөлінсе, барлык сан да бөлінуі керек. 268 екіге бөлінеді (аяғындағы сыйпыр жұп), 197 екіге бөлінбейді (аяғындағы сыйпыр тақ)".
Келесі кезекте санды көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) пен ең кіші ортақ еселікті (ЕКОЕ) табу қарастырылады. Бұл жерде автор: "...сандардың ең үлкен ортақ бөлушісін табу үшін екі жол бар: 1-інші: сандарды бастапқы көбейушілеріне айыру; 2-інші: бір-біріне реттеп бөлу”, -дей отырып, нақты мысалдар қарастыру арқылы ЕҮОБ табудың екі әдісін (жай көбейткіштерге жіктеу әдісі мен Евклид алгоритмі) егжей-тегжейлі түсіндіріп берген. Тарау соңында ЕКОЕ (1534, 413) жаттығуын орындап көрсету арқылы ЕКОЕ табудың реті мынадай болатындығын баяндайды: 1) Евклид алгоритмі арқылы ЕҮОБ (1534, 413) =59 екендігі тауып көрсетіледі; 2)413:59=7; 3) 1534·7-10 738. Бұл тарауда негізінен, сандардын бөлінгіштігі жайында тиянақты білім қалыптастыра отырып, оқушыны бөлшек сандар мен оларға амалдар қолдану мәселелерін игеруге дайындау максаты көзделеді.
"Жай бөлшектер" деп аталған II тарауда жай бөлшектерге қатысты материал жүйелі түрде 35 параграфқа бөлініп, өзара логикалық байланыста баяндалады. Алдымен бөлшек санныӊ болу амалын орындаудың және өлшеудің нәтижесі ретіндегі мән-мағынасы ашып көрсетіліп, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сан туралы ұғымдар қалыптастырылады. Одан кейін ретімен мына сияқты мәселелер қарастырылады: аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру; белшектерді салыстыру бөлшектерді арттыру және кеміту; бөлшектің негізгі қасиеті; бөлшекті қысқарту; бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; санның бөлігін және бөлігі арқылы белгісіз санды табу. Мұндағы атап айтарлық жай, санның бөлігін табу және бөлігі арқылы белгiсiз санды табу жайлы білімді қазақ халқының тұрмысынан, оқушыға таныс оқиғалардан алынған есептерді шығару арқылы қалыптастыру жүзеге аскан. Мынадай есептер қарастырылып, олар дәйекті түрде шығарылып көрсетілген:
"1) Бір шәкірт 35 сом акшасынын - 4/7-iне кiтап сатып алды, сонда неше сом теледі?
2) Бір баланың 24 асығы бар еді, соның 3/8 - iн жоғалтып алды. Сонда баланың неше асығы жоғалды?
Бөлшектерді қосу үш жағдайға бөлініп баяндалған: 1) бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу; 2) бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу; 3) аралас бөлшектерді қосу. Әрбір жағдай нақты мысалдарды қарастыру арқылы түсіндіріліп, соңында сәйкесінше ережелер тұжырымдалған. Мәселен, бөлімдері бiрдей бөлшектерді қосу ережесі былайша тұжырымдалады: "Бөлшектердің болiмi тең болса, оны ортақ белім қылып, сонан сон алымдарын косып косындысын алым кылу керек". келесі “Бөлшектерді кеміту” параграфында бөлшектерді азайту төрт жағдайға бөлініп қарастырылған: 1) бөлімдері бірдей бөлшектерді кеміту; 2) бөлімдері әртүрлі бөлшектерді кеміту; 3) аралас бөлшектерді кеміту; 4) бүтін саннан бөлшекті кеміту.
Бөлшектерді көбейту бес түрлі жағдайға бөлініп,мынадай әдістемелік ретпен баяндалған: 1) бүтін санды бөлшекке көбейту; 2) бөлшекті бүтін санға көбейту; 3) бөлшекті бөлшекке көбейту; 4) бірнеше бөлшектерді көбейту; 5) аралас бөлшектерді көбейту. Бөлшектер үшін көбейтудің ауыстырымдылық заңы арнайы тақырыпта жеке оқытылады.
“Бөлшектерді бөлу” параграфында автор: “Бөлшектерді бөлудің төрт түрі бар: 1) бөлшекті бүтін санға бөлу; 2) бүтін санды бөлшекке бөлу; 3) бөлшекті бөлшекке бөлу; 4) аралас бөлшекті аралас бөлшекке бөлу"деп көрсеткен. Бұдан кейін бөлудің көбейтуге кері амал ретіндегі мән-мағынасын ашу жүзеге асырылады да бөлшектерді бөлудің жоғарыда атап көрсетілген төрт түрі жекеленген тақырыптарға бөлініп баяндалады. Тарау берілген сандардың өзгеруіне қарай көбейтіндінің және бөліндінің өзгеруі жөніндегі мәселені қарастырумен аяқталады. Жалпы алғанда,бұл тарауда қағидалар мен ережелерді тұжырымдауда натурал сандарға қолданылатын амалдардың оқушыларға таныс касиеттері, сондай-ак, сандардың бөлінгіштігі, сандарды жай көбейткіштерге жіктеу сиякты бұрын окылган материал негіз етіп алынады. Ережелер мен қағидаларды тиянақты бекіте түсу мақсатымен тақырыптардың соңына қарай жаттығулар ұсынылып отырады.
Бөлшектерге қатысты материалды оқыту ХХ ғасырдың 20-жылдары едәуір қиындық тудырғаны белгілі, өйткені төңкеріске дейiн де одан кейін де әуелі жай бөлшектерді оқып, ондық бөлшектерді олардың дербес түрі ретінде кейін оку керек пе, әлде ондық бөлшектерді жай бөлшектерден бұрын оку керек пе деген даулы мәселе өз шешімін таппаған едi. Бiздi ерекше таң қалдыратыны - казак топырағындағы алғашқы тәжірибе болып саналатын осы оқу құралында бұл мәселенің дұрыс шешімін тапқандығы. Бұл автордың аса білімдарлығын байкатса керек.
Оқулықта ондық бөлшектердің қазақ тіліндегі оқылуына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген. Бұл “Ондық бөлшектерді оқу” параграфында баяндалады. Зер сала қарайтын болса, ондық бөлшектердің қазақ тілінде оқылуы сол кезде-ақ дұрыс шешіліп, бірте-бірте тілімізге әбден сіңіп, күні бүгінге дейін колданылып келе жатқандығын байқауға болады. Демек, бұл мәселені де қазақ топырағында алғашқылардың бірі болып тұжырымдаған К.Жәленұлы болғаны анық. Жалпы алғанда, ондық бөлшектерге қатыстыоқу материалы мынадай тәртіппен қарастырылған: ондық бөлшек туралы түсінік; ондық бөлшекті жазу және оқу; ондық бөлшектерді салыстыру; ондық бөлшектің қасиеттері; ондық бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру және қысқарту; ондық бөлшекті 10-ға, 100-ге, 1000-ға және т.с.с. сандарға көбейту және бөлу; ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу; ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру; жай бөлшекті ондық белшекке айналдыру; шектеусіз периодты ондық бөлшектер; таза периодты бөлшекті жай бөлшекке айналдыру; аралас периодты бөлшекті жай бөлшекке айналдыру; сандардың арифметикалық ортасын табу.
Оқу құралында бөлшек сандар ұғымын ендіре отырып, сан ауқымын біртіндеп кеңейте түсу шамалар және оларды өлшеу мәселесін толық дерліктей дәрежеде қарастыруға мүмкіндік жасаған. Осыған орай бұл тақырыптарда оқушылардың шамалар жайындағы бұған дейінгі алған білімдерін толықтыра және дамыта түсу мақсаты көзделіп, өлшеуіштерді олармен бір текті басқа өлшеуіштермен алмастыру мәселесі (яғни өлшем бірліктерінің кестесі) біршама тереңірек баяндалады. Сонымен бірге, автор сол кезеңде тұрмыста жиі қолданылған шақырым, вершок, дюйм, сажень, кез, фунт, ар, гектар, десятина, кадам, мыскал, пұт сияқты ескі өлшем бірліктеріне көңіл бөлуді де ұмыт қалдырмаған.
Кейбір деректер бойынша оку куралы 1928 жылы "Эсеп тану" деген атпен кыргыз тiлiне аударылып, кыргыз мектептерiнде негiзгi оку куралдарынын бiрi ретiнде колда- нылган. Кыргыз педагогы Т.Абдукаримовтын зерттеулерінде онын "Мугалимдер учун методикалык колдонмо" болгандыгы атап көрсетілген. К.Желенулынын бул оку куралы әлі күнге дейiн өз кунын жойган жок деп айтуға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет