Әбілқайыр хан (1710-1748) саясаткер, дипломат және тарихи тұлға ретінде.
Әбілқайыр хан (1710-1748) саясаткер, дипломат және тарихи тұлға ретінде
Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ жасақтары бұл бағытта да жауғаұйымдасқан тойтарыс берді. Осынау қиын-қыстау кезде халық сұлтандар мен ру басыларына үміт артпай, өз тарапынан да қарсылық ұйымдастыра бастады. Қазақжасақтарының басында халық батырлары тұрды. Халық рухын көтеруде Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рөлі зор болды. Жауға қарсы жаппай қарсылық көрсету 1724 жылдан басталды. Бұл жылы негізгі әскери қақтығыстар Орталық және Батыс Қазақстан территориясында болды. Бұл қақтығыстарда Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары табысты қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың басым бөлігі, қарақалпақтар мойындады. Бұл жылдары Әбілқайыр хан соғыс даласында асқан батырлық танытты. 1725 жылы Әбілқайырдың қол астындағы сарбаздардың соны 50000-ға жетіп, қазақтар жаудың басып алған жерлерін азат етуді бастады. Осы жылы басқыншыларға қарсы алғаш рет үлкен тойтарыс берілді. Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам төңірегін жаудан азат етуде қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаратау тауларының Теректі алқабындағы Садырбұлақ өзенінің төңірегіндегі қалмақтардың қолын Үлкентұр тауына қуып тығып, жойып жіберді.
1726 жылы жоңғарларға қарсы тойтарыс беру үшін үш жүздің басын қосу жөніндегі саясат белсенді түрде жүргізіле бастады. 1726 жылы Ордабасы жерінде (Шымкенттен оңтүстік-батысқа қарай) барлық үш жүз өкілдерінің басын біріктірген тарихи құрылтай болды. Онда барлық қазақтарды біріктіріру қажеттілігі мен халық жасағын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.
Жасақтың бас қолбасшысы болып Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1718-1748) сайланды.Ол қазақ қоғамының жоңғарға қарсы күштерін біріктіруге өзінің үлкен үлесін қосты. Осы құрылтайдан кейін үш жүздің жасақтары бірігіп, 1726 жылы Сарысу өзенінің батысына қарай орналасқан Бұланты өзенінің жағасында жоңғарларды ойсырата жеңеді. Бұл осы уақытқа дейін болған соғыстардың ішіндегі жоңғарларды жеңген алғашқы шайқас болды. Қалмақтар көптеп қырылғандықтан, шайқас болған жер «Қалмақ қырылған» деп аталды. 60 мыңдық қазақ жасағы жоңғар күштеріне үлкен соққы берді. Бұл жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, өз күшімен жауды жеңуге болатындығына деген үлкен сенімдерін ұялатты. Қазақ жасағы бастаманы өз қолына алып, жоңғарларға қарсы соғысқа шықты. Қазақ халқының жоңғар жаулап алушыларына қарсы азаттық күресіндегі елеулі оқиға Аңырақай шайқасы болды. Ол 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жердегі халық арасында «ит ішпес Алакөл» (көл тұзды болғандықтан, осылай аталған) атымен белгілі Алакөл көлінің жанындағы Аңырақай атты жерде болды. Жасақты Әбілқайыр хан басқарды1730 жылы Әбілқайыр хан Ресей императрицасына өзінің қоластындағы халқымен бірге Ресейдің бодандығына алуын өтініп, Құлымбет Қоштаев пен Сейітқұл Қойдағұлов бастаған елшілігін жіберді. Ортаазиялық базармен байланысын нығайтуды көздеп, Әбілқайыр хан Хиуа мен Бұхараға орыс көпестерінің керуендерін шығарыпсалуға дайындығын білдіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне уәде берді. Сонымен бірге жыл сайын 4000 түлкі көлемінде жасақ төлеп, өз балаларын аманат ретінде жіберетіндігіне уәде берді. Осылардың қайтарымы ретінде Ор өзені сағасына қамал салып беруін, оған жэне оның ұрпақтарына хандық титулды бекітуін, башқұрт, қалмақ, Жайық казактарының тонаушылық жорықтарынан қорғауын сұрады. Қамалды салу арқылыӘбілқайыр хан өзінің хандық билігін нығайтуды жэне қоластындағылар мен бағынбағандарды жуасытуды көздеді.
1748 жылы Әбілқайыр ханды Орта жүздің Барақ сұлтаны өлтіргенде Ресей империясының шенеуніктері былай деп жазған: «Әбілқайыр хан қаншалық қиянат жасаса да, басқаларға қарағанда бірінші болып императордың ұлы мәртебесінің қол астына кірген еді»
Достарыңызбен бөлісу: |