Билет Түргеш қағанаты


)Қазақстанның тоқырау жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы (ХХ ғасырдың 70-80 жылдары). Дағдарыс құбылыстарының өсуі, басқарудың әкімшілік әдістері



бет44/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

2)Қазақстанның тоқырау жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы (ХХ ғасырдың 70-80 жылдары). Дағдарыс құбылыстарының өсуі, басқарудың әкімшілік әдістері.
Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды.1960 жылдардың 2-жартысында КСРО-да коммунизм құрудың негіз үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды. Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы туындады. 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған салтанатты мəжілісте Л.И.Брежнев “кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады” деп мəлімдеді. 1 - “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.
Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет