Былғары және мех өҢдеу технологиясы



жүктеу 2.69 Mb.
бет6/14
Дата16.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Гетерополиядролық илегіш қосылыстардың коллагенмен әрекеттесуі

Гетерополиядролық комплексті қосылыстардың химиялық тұрғыдағы деңгейі жаңадан қалыптасу үстінде. Сондықтан, гетерополиядролық қосылыстардың модельдерінің, терінің негізгі белогі коллагенмен байланысы туралы мәліметтер шектеулі.

Илегіш гетерополиядролық комплекстермен коллаген байланысының табиғаты туралы сөз болғанда, комплекс құраған атомдар энергиясы мен оттегі және азот атомдары арасындағы әрекеттесу энергиясына жүгіну керек сияқты. Сг(ІІІ), Cг(ІV), Ті(IV), АІ(ІІІ), Fе(ІІІ) негізіндегі аралас комплекстер және олардың әртүрлі қосылыстары коллагенмен жақындасуға икемді, соның нәтижесінде белоктың гидротеромиялық төзімділігі жоғары болады.

Бөлініп алынған хром цирконийлік комплекс пен коллагеннің әрекеттесуі кезінде, белок құрылымында қосымша ішкі және молекулааралық байланыстар орнайтыны дәлелденген. Одан кейінгі болған ізденістердің нәтижесі илеу процесі кезіндегі коллаген мен аралас комплекстер арасындағы байланыстардың табиғатын айқындай түсуге біршама көмектеседі.

Алюмоцирконийлік және алюмотитандық комплекстерінің белокпен әрекеттесу табиғаты мынаны көрсетеді: белоктың, ионды карбоксил тобы және спиртті, фенолды гидроксил топтары, амин тобы, гетерополиядролық комплекстің ішкі сферасына еніп, соның нәтижесінде берік байланыстар орнап, коллаген құрылымында кері қайтпастай бірігу болатынын дәлелдеді.

Аралас илегіштер белоктың функциональды топтарымен ішкі және молекулааралық байланыстар түзеді. Барлық жағдайда коллагеннің бүйірлі тізбелерінің карбоксил және азотты топтары арасында координациялық әсерлесу жүреді. Комплекстердің гетерополиядролық табиғаты, олардың фибрилл талшықтары арасыңдағы бос кеңістікке орналасуы мүмкін екенін көрсетті. Соның әсерінен аралас комплекстердің толықтырғыштық қасиеті болады.



Гетерополиядролық комплексті қосылыстармен илеу

Қазіргі кезде аралас комплексті қосылыстар илегіш ретінде кең қолданылуда, әсіресе, ауыр салмақты ірі қара малдың терісін өндеуде оларды көп пайдаланады. Мүның себебі, аралас комплекстер жақсы илегіштік қасиетімен қоса, былғарьгаы жеткілікті түрде толықтыра да алады.

Комплекс түзуші атомдардың мольдік қатынасын өзгерте, отырып, былғары мен тері өзеңінің қажетті қасиеттерін алуға болады. Мысалы, теріге жоғары термотөзімділік беру керек болса, онда аралас комплекс құрамында хром атомдары басымырақ болуы керек, ал иілімді қасиеті теріге алюминий қосылыстары бере алады, былғары тығыз және қалыңдау болуы үшін илегіш комплекстер құрамында цирконий атомдары болуы керек.

Ірі қара малдың терісін илеуде, илегіш комплекстегі оксидтердің мынадай салмақ қатынасы тиімді болып саналады: Сг2Оз : 2гО2 - (10,3)-(10,5). Осындай илегіш комплекспен иленген жартылай фабрикаттың жиырылу температурасы жоғарылап, былғарының шеткі беліктері жақсы толықтырылады. Аралас комплекс илегіш қосылыстарды ауыр салмақты шикізатты илеуге қолданғанда илеу тәртібі басқа илегіштерді қолданудан өзгешелеу тәртіппен жүргізуді талап етеді. Мысалы, пикельдеу жүргізілмейді, илеуден кейін негізділікті уротропинмен көтереді. Былғары қатты болып қалмау үшін илеу мен майлауды қатар атқарады. Илеу алдында, кенді аммоний сульфатымен өңдеп, ерітіндіге дициандиамид, уротропин немесе мочевина қосады. Соңынан техникалық катионды май қосады.


Органикалық илегіш қосылыстар

Органикалық илегіш қосылыстар құрылысы бойынша жай және күрделі болып бөлінеді. Жай органикалық илегіш қосылыстарға негізінен альдегидтер мен кейбір теңіз жануарларының майлары жатады (илегіш майлар).

Күрделі илегіш қосылыстарға жататындар: хош иісті қатар туындылары мен кейбір гетеротізбекті полимерлер; өсімдік илегіш заттар (таннидтер); синтетикалық илегіш заттар (синтандар); синтетикалық полимерлер (көбінесе аминді шайырлар).

Өсімдік илегіш ерітінділеріндегі тұнбалар. Сульфиттеу

Өсімдік илегіштерінің судағы ерітіндісінде барлық жағдайда белгілі бір мөлшерде тұнба болады. Өсімдік илегіш ерітінділеріндегі тұнбаның негізін таннид фракциясы қүрайды.

Илегіштің түріне байланысты, тұнбаларда флобафендер немесе гидролизденетін таннид өнімдері галл және эллаг қышқылдары болады. Одан да басқа тұнбада біраз мөлшерде пектинді заттар мен гемицеллюлоза кездеседі. Тұнбаның мөлшері ерітіндінің сутектік керсеткіштігіне, температураға, танид концентрациясына және т.б. факторларға байланысты болады. Температура, мен рН жоғарылағанда тұнба азаяды, ал 50°С температурада ерітіндіден тұнба түспейді, рН=8 болғанда, яғни негіздік ортада тұнба толығымен ериді, ал қышқылдық ортада тұнба (рН=3) көбейеді. Егер таннидтің концентрациясын арттырса, тұнбаның көлемі белгілі бір мөлшерге дейін артады, ал одан кейін де таннид концентрациясын арттыра берсе, тұнбаның мөлшері азаяды.

Илегіш ерітіндісіндегі тұнба илеу процесін қиындатады және таннидтің шығынын көбейтеді. Сондықтан да тұнба мөлшерін азайту үшін алдын-ала шаралар қолданылады, ерітінді қосады, температураны 70°С дейін жоғарылатады, сонымен қатар сульфиттейді.

Сульфиттеу әдісі илегіш заттарды сульфитпен немесе натрийдің бисульфитімен қыздыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс сульфо хош иісті қышқылдарды пептизациялауға негізделген.

Натрий бисульфитінің таннид молекуласымен резорцинді ядро арқылы байланысуы мына сызбада көрсетілген:



Сульфиттеу көп жағдайда ерітіндідегі таннид мөлшерін өзгертеді.


Илегіш материалдардың және экстрактылардың негізгі

сапалық көрсеткіштері

Илегіш материалдар мен экстрактылардың сапасын бағалау үшін ондағы таннидтің мөлшерін білу керек және ылғалдылығы (Ы), құрғақ қалдығын (ҚҚ), барлық ерігіш заттарын (БЕЗ), таннидтерді (Т), анотаннидтерді (АТ), ерімейтін заттарды (ЕЗ) анықтау қажет.

Бұларды лабораториялық талдау жасау арқылы анықтайды.



Өсімдік илегіш материалдар мен экстрактының негізгі ерекшеліктері

Өсімдік илегіш материалдар өнеркәсібінде негізгі шикізат ретінде емен, үйеңкі, шыршаның қабығы, қылқан жапырақты илегіш заттар қоладанылады. Экстракт өндіру үшін қара талдың барлық бөлігі және бірнеше тамырлы өсімдіктер алынады. Шетелдерде өсімдік илегіш материалдар ретінде мангрове, мимоза, гемлок, гамбир, каштан т.б. пайдаланылады.

Еменнен экстракт дайындау үшін ағаштың қабығын, түбірін, жаңқасын және өндірістік мақсатта жарамсыз деп есептелетін немесе ағаш өңдейтін кәсіпорындардың қалдығын қолданады. Емен экстракты өсімдік илегіштердің ішіндегі кең тарағаны, ол қатты күйде шығарылады.

Үйеңкіде таннидтер ағаштың кабығында, жапырағында және тамырында болады. Бірақ өндірістік мақсатта тек қабығы ғана қолданылады. Өсімдік илегіштердің ішіңде, үйеңкі экстракты ең жақсысы деп есептелінеді. Себебі, ол ете терең диффузияланып, тұтқырлық қасиетімен ерекшеленеді, ал басқа илегіштермен қоса пайдаланғанда илеуді жылдамдататын да қасиеті бар.

Шырша ағашында таннидтер тек оның қабығында ғана кездеседі. Шырша экстрактының езеңге диффузиясы нашар. Сондықтан оны сульфиттелген күйінде және басқа экстрактыларға қосып қолданады. Шырша экстракты қатты күйінде шығарылады.

Көптеген көпжылдық шөпті өсімдіктердід құрамында таннидтер болады. Орта Азияда таран, кермек, бадан, шөптерінен алынған экстрактыны пайдаланады.


Илегіш экстракт даярлау

Илегіш экстракт даярлау негізгі терт процестен тұрады: 1. Илегіш материалдарды ұсақтау. 2. Таннидтерді экстрактілеу. 3. Алынған диффузиялық шырынды белгілі концентрацияға дейін булау. 4. Кептіру.



Экстракт сұйық және қатты түрде шығарылады. Таннидтердің өсімдік илегіш материалдарынан сумен сорылу процесіне ондағы қолданылатын беткі активті заттар (БАЗ) көп әсер етеді. Өсімдік илегіш материалдарға су тиген кезде БАЗ-дың әсерімен олардың сулануы жылдамдайды, одан кейін БАЗ мицеллелеры таннидтердің суға сорылып шығуын қамтамасыз етеді.

Таннидтердің шығымын күшейту үшін таралған көмірсутекті радикалдары бар БАЗ-ды қолданған дұрыс.
Синтетикалық илегіштер (синтандар)

Синтандарды пайдалану аса бағалы емен ағаштарын экстракт жасаға жұмсауды қысқартуға немесе толық тоқтатуға мүмкіндік береді. Синтандарды қолдану сонымен қатар илегіштер ассортиментін ұлғайтуға, былғары өвдеу процесінің сапасын жақсартуға және интенсивтердіруге әсер етеді. Ол стационарлы аппараттарда үзақ илеу тәсілдерінен бас тартуға және айналмалы жабдықтар мен ерітінділер пайдалану арқылы илеу процесін жеделдетуге жағдай туғызады.

Өсімдік илегіштермен бірге синтандарды қолданудың бірқатар артықшылыгы бар. Синтандар ерімейтін өсімдік экстрактыларын ерітіп, оларды ішінара таннидтерге айналдырады. Синтандарды қолданған кезде илегіш ерітінділердің рН көрсеткішін тұнба түсуден қауіпсіз реттеп отыруға болады.

Таннид ерітінділеріне синтандарды қосқанда олардағы тұнбаның ерігіштігі артады және өзеңнің өткізгіштігі жылдамайды. Бірқатар синтандар минералды қышқылдардың, атмосферада кездесетін зиянды газдардың бүлдіргіш әрекетінен былгарыны сақтайды, яғни былғарыны пайдалану мерзімі ұзарады.

Синтандар үш топқа белінеді: 1. Көмекші синтандар. 2. Таннид орньша қолданатын синтандар. 3. Арнайы синтандар.

Көмекші синтандар өсімдіктік экстрактыларын еріту үшін, сондай-ақ хроммен иленген былғары өндірісінде бояу, майлау процестерінің әртүрлі кезеңдерінде, бояу кезінде біркелкі түс беру үшін, сондай-ақ илеуді аяқтағанда көмекші заттар ретінде қолданылады. Көмекші синтандар нафталиннен, антраценнен және кейде хлорлы бензил мен фенолдан алынады. Мұндай синтандарға НК мен НФ диспергаторы жатады.

Көмекші синтандар кең тараған түрде қолданылады. Оны қолданудың мынадай артықшылығы бар:

1. Таннидтерді дисперсиялайды. 2. Илеуді тездетеді. 3. Еруі қиын өсімдік экстрактысын ерітеді. 4. Хроммен илеу, бояу-майлау процесіне катализатор, ретінде қосылады. Шетелдерде кең түрде қолданылатын көмекші синтандарды басинтандар деп атайды.

Көмекші синтандар ұнтақ және сұйық күйде шығарылады. Жалғыз НК көмекші синтанымен өңделген былғары қаңылтыр сияқты жұқа, тез сынатын, жиырылу температурасы төмен, иі жеткіліксіз болып шығады.
Таннид орнына қолданылатын (алмастырғыш) синтандар

Алмастырғыш синтандарды қолдану - илеу процесінен, қымбат өсімдік илегіштерді жартылай немесе тұтас алып тастауды қамтамасыз етеді. Көмекші синтандарға қарағанда, таннид алмастырғыш синтетикалық илегіштердің технологиялық қасиеті жоғары болады. Бұларды қолданған кезде көннің жиырылу температурасы 82°С жетеді және көн құрылымының тығыздығы артады.

Алмастырғыш синтандарды алудың бірнеше түрі бар. Фенол және оның туындыларын конденсациялау және сульфиттеу арқылы алынған синтандар. Бұларды алу үшін монофеяолды алдымен формальдегидтің қатысуымен конденсациялап, одан шыққан жаңалақ шайырын сульфиттейді. Алу схемасы:

1. Конденсация



Сонда сульфотоп жаңалақ шайырының ядросына тікелей емес, оған қосылған формальдегид арқылы реакцияға түседі. Мұның өзі синтанның диссоциациясын азайтып, оның керексіз қышқылдық қасиетін бәсеңдетеді.

Сульфиттеуден кейін өнімнің рН көрсеткішін алдымен күкірт қышқылы арқылы 4,8-ден 5-ке дейін төмендетеді де, соңынан сүт қышқылымен 3,8-ден 4,2-ге дейін жеткізеді. Фенолформальдегид шайырын сульфиттеу арқылы №5, 6, 12, ФБ-2 синтандары алынады. Бұл шайырлардың ерекшелігі - кеннің формасын жақсы қалыптастырып, тығыздық береді. Сондықтан олар көн илеу үшін және хромдық былғарының иін жетілдіру үшін қолданылады.

Фенолформальдегид шайыры мен хош иісті сульфоқышқылдардың әрекеттесуі арқылы алынған синтандар. Бұл топтағы синтандар диоксидифенилсульфондарды немесе диарилсульфондарды (крезол, ксиленол), формальдегидтің қатысуы арқылы хош иісті сульфоқышқылдармен (β-нафтал мен нафталин негізіндегі сульфоқышқылдар) конденсациялау жолымен алынады.

Мұндай синтандарды алудың технологиялық процесі төмендегідей кезеңнен тұрады: хош иісті қосылысты сульфиттеу, оларды фенолдық заттармен қосу және формальдегид арқылы конденсациялау; алынған затты бейтараптау және стандартқа келтіру. Диоксиди-фенилсульфонмен - нафтолдың негізінде СНФ илегіші алынады, оның құрылысының сызбасы төмендегідей:



Бұл илегішті көн алу өңдірісінде қолданады, ол таннидтерді 60%-ке дейін алмастырады. Синтандардың құрамындағы тобы коллагенмен тұрақты қосылыстар түзуге мүмкіндігі бар, сондықтан бұл топтағы синтандардың илегіштік қасиеті жақсы болып келеді.

Фенолформальдегид шайырын лигносульфон қышқылдарында дисперсиялау арқылы алынатын синтандар. Лигносульфондық қышқылдар целлюлоза қағаз өндірісінің қалдығы болып табылатын сульфитті спирттік барданың негізгі бөлігін құрайды. Бұл қышқылдар ағаштың химиялық негізі лигниннің күкіртті қышқылымен әрекеттесу нәтижесінде түзіледі:

Лигнин алмастырылған бензол ядросынан тұрады, негізінен конденсацияланған заттардың қоспасы болып келеді. Лигнин молекуласының саны мен оның құрылысы әлі толық анықталмаған бірақ оның қүрылымдық негізін фенилпропан құрайтыны белгілі.



Лигниннің молекулалық массасы 3600-7200 аралығында болады. Лигносульфондық қышқылдар дисперсиялық заттар, ерітіндіде олардың бөлшектерінің массасы 1000-20000 аралығында болады. Олар тұздардың және қышқылдардың әсеріне тұрақты және коллагенмен қайтымсыз реакцияға түседі, кейінгі қасиеті лигносульфондық қьппқылдарды илегіштер алуға қолдануға себеп болды. Лигаосульфон қышқылдары мен фенолформальдегидтік шайырларды конденсациялау арқылы СПС, № 3, № 9, СЛС сияқты синтандар алынған.


Құрамында сульфотоптары жоқ синтандар

Сульфотоптар синтандардың ерігіштік қасиетін күшейткенмен, былғары мен кеннің сақталған кезде мықтылығын төмендетеді. Сондықтан құрамында сульфо тобы жоқ синтан алу қажетті де керек мәселенің бірі. Резорциннің фенолға қараганда ерігіштік қасиеті өте жоғары. Сондықтан резорин - формальдегидті синтандар сульфотоптың қатысуынсыз-ақ ериді. Резорцин фурфуролмен оңай конденсацияланады. Резорцинді ацетальдегидпен конденсациялап резотан синтаны алынады. Резотан синтандар ішінде ең жақсы илегіш болып табылады, бірақ қымбатқа түседі.


Арнайы синтандар

Бұл топтағы синтандардың илегіштік қасиетіне қосымша арнайы бояғыштық майлағыштық, бекіткіштік (фиксатор) сияқты бір немесе бірнеше қасиеттері бар синтетикалық илегіштер жатады. Оларға: жартылай фабрикаттың бетін ақшылдандыратын ақ түсті синтандар; бояғыш синтандар; жартылай фабрикаттағы анионактивтік қолданылады. Олар былғарыға жұмсақтық, теріге шыдамдылық береді, бояуды біркелкі етеді.

Глутар альдегидінің жақсы илегіштік қасиеті бар, ал иленген былғары толықтығымен, жұмсақтығымен және өзең көлемінің жоғары қалыптасуымен ерекшеленеді. Формальдегидпен илеуге қарағанда былғарының жиырылу температурасы аса жоғары болмаса да, өзеңге тез және көп мөлшерде енеді. Бұл жағдайда да формальдегидпен илегендегі сияқты глутаральдегиді лизин мен оксилизиннің амин топтарымен әрекеттеседі деп санауға болады. Бірақ күні бүгінге дейін осынау илеу түрінің механизмдері туралы ортақ пікір жоқ. Өйткені глутар альдегидінің сулы ерітіндісі циклді мономерлерден, димерлерден, олигомерлерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде реақцияға циклді диальдегид түзеді деген пайымдау басым.

Коллаген мен глутар альдегидінің байланысы:



Амин топтарынан басқа глутар альдегидімен реақцияға спиртті гидроксил топтары да қатысады.



Бұған, глутар альдегидімен өңделген поливинил спиртінің талшығының суда ерімеуі дәлел болады.

Илеуге ең қолайлы рН көрсөткіші - 8, бұл кезде жиырылу температурасы 87°С жетеді. Практикада глутар альдегидінің былғары шығаруда илеуді жетілдіру үшін қолданады.

ІІІ –бөлім

ИЛЕНГЕН БЫЛҒАРЫ МЕН МЕХТЫҢ ҚАСИЕТІ

Хроммен иленген былғарыға глутар альдегиді тығыздық, жұмсақтық және сілтілердің әсеріне төзімділік, теріге шыдамдылық береді. Мех өндірісінде глутар альдегидін тері тінін (жүні боялатын) илеуге қолданады. Жүні табиғи қалпымен шығарылатын мех терілеріне бұл илегішті қолдану тиімсіз, өйткені глутар альдегиді жүнге сарғыш өң беруі мүмкін.

Фолмальдегидпен өңделген жартылай фабрикат ақ түсті болып, сілтілер мен тотықтырғыштар әсеріне төзімді болады. Мех терілерінің сапасы жақсарып, салмағы хромалюминий қосылыстарымен иленген теріге қарағанда 15%-ға дейін жеңіл болады, ауданының кемуі азаяды, сақтауға, киіске төзімді келеді, ол қасиеттерін көпке дейін сақтайды.

Мех өндірісінде формальдегидті илеуді жетілдіру үшін қолданғанда, олардың ағартқыш заттарды қолданудағы тотығу әсеріне шыдамдылығы артады. Формальдегидті қолдану қышқылмен және спиртпен өнделген терідегі түкті жабынның қасиетін жақсартады, жүн талшықтары судырап, дараланып, пішінін тік сақтайды.

Формальдегидтің илеу кемшіліктері - бұл өзең көлемінің нашар қалыптасуы және нашар толықтырылуы. Іс жүзінде формальдегидпен және маймен илеу аралас жүреді. Таза формальдегидпен илеу мех өндірісінде мехқа жоғары термошыдамдылық, сондай-ақ тотықтырғыштар мен негіздердің әрекетіне төзімділік беру қажет болған жағдайда қолданылады. Формальдегидпен иленген былғарының хроммен иленген былғарымен салыстырғанда ауданы 5% аса ұлғаяды және көп рет қайталап майыстыру кезіндегі беріктігі артықтау болады.

Былғарынын иленгендігін анықтау

Хроммен иленген жартылай фабрикаттың иленгендегі үлгілерді ыстық суда қайқатқан кезде кемуімен сипатталады. Бұл көрсеткішті былай анықтайды: жартылай фабрикаттардың сауыры немесе мойнынан (әр партиядан 3-5 дана) 50x50 мм өлшемді кесінді алады. Оларды стаканда сымды ілгішке іліп, ыстық суда 3 минуттай қайнатады. Қайнағаннан кейін әрбір үлгінің пішінін қаламмен миллиметрлік қағазға түсіреді. Үлгілердің, қайнағанға дейінгі және қайнағаннан кейінгі аудандарды арасындағы айырмашылық оның бастапқы шамасына қатынасының 100-ге көбейтіндісі, кему дәрежесін пайыздық мағынада көрсетеді. Әрлеуге бағытталған, жақсы иленген жартылай фабрикат қайнағанда кішірейілмеуі керек.



Пісу температурасын анықтау. Пісу температурасын, аяқ киімнің жоғарғы және төменгі бөлігіне арнажан былғарыда (хромдаудан кейін) қолғап былғарысы мен замшада, сол сияқты мех және тондық қой жарты фабркатының, былғары тінінде анықтайды. Бұл көрсеткіш әртүрлі илегіштердің илегіштік тиімділігін сипаттау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.

Жартылай фабрикаттың пісу температурасын арнайы аспаптың көмегімен және оларсыз да анықтауға болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында пісу температурасын анықтау үшін міндетті түрде аспаптарды қолдану керек. Жартылай фабрикаттың пісу температурасын арнайы аспаптардың көмегінісіз анықтау кезінде жартылай фабрикаттан немесе мехтық терілерден (алдын-ала қырқылған) 3x50 мм өлшемді жолақтарды кесіп алады. Жолақты (тілікті) термометрге төменгі сынабы бар шариктің жоғарғы бөлік деңгейінде келтірілген рәзіңкелі сақина арқылы біріктіру керек. Термометрді штативке бекітіп, суы бар (алдын-ала қайнатылып, суытылған) стаканға енгізеді. Жартылай фабрикаттың пісу температурасы 100°С асатын болса, су орнына глицерин мен су ерітіндісі қолданылады (қатынасы 75:25). Стакандағы суды жайлап қыздырып (температураның көтерілуі 5°С/мин, жоғары аспеуы керек) жолақ майыса бастағандағы температураны анықтайды. Осы температура жартылай фабрикаттың пісу температурасы болып саналады.

Пісу температурасын анықтау үшін көптеген әр түрлі аспаптар ұсынылған. ББТ (ВЕМ) бойынша пісу температурасын, жартылай фабрикат тішгімен жіп арқылы байланысқан Федеров аспабынын стрелкасының күрт өзгеруіне қарай анықтайды. Чехословакиада құрастырылған аспап одан гөрі жетілдірілген. Бұл аспаптың ең бір артықшылығы, онда бірден бірнеше жартылай фабрикат үлгілерін сынауға болады. Цирконий илегішімен иленген былғарының пісу темлературасында анықтау кезінде жартылай фабрикат рН 3-тен төмен болмау керек.

Арнайы престе 60x10 мм өлшемділікті 3 үлгіні кеседі де, оларды аспаптың қысқыштарына 1 бекітеді (5-сурет). Аспаптардың төменгі бөлігін, үлгілермен бірге, тік бұрышты тот баспайтын ваннаға 2 түсіреді, оған 400-500 см3 тазартылған су құяды. Былғары үлгілерін суда 1 мин аралығында ұстайды, содан кейін ретке келтіретін бұранданың 3 көмегімен олардың кішкене рычагпен қосылуын реттейді. Электротізбек түйісу кезінде тұйықталады да, лампочкалар жанады. Содан кейін суды, 5°С/мин көтерілетін температурада қыздырады. Қыздыру әсерінен үлгінің ұзындығы қысқара бастаған кезде лампочка сөнеді, себебі реттейтін бұранда 5 және кішкене рьгчагтың жоғарғы ұшының 4 арасындағы түйісу бұзылады. Осы кезде термометр көрсеткен температураны пісу температурасы ретінде белгілейді.


МАЙЛАРМЕН ИЛЕУ

Майлар замша (күдері) шығаруда қолданылады. Илегіш қасиет тек теңіз жануарлары мен балық майында ғана болады. Майдың илегіштік қасиеті оның қанықпағандығымен сипатталады. Теңіз жануарлары мен балық майынның (ворвай) илегіштік қасиеттері олардың құрамындағы қанықпаған май қышқылының мөлшерімен сипатталады.

Ворваньның құрамына енетін олеин, линол, линолен және басқа қанықпаған қышқылдар болады. Тюлень және тресканың бауыр майында болатын май қышқылдарымен илегенде де жақсы күдері алынады. Жақсы илегіштік қасиет болу үшін майдың йод саны 140-тан жоғары, ал қышқылдық саны 15-тен төмен болуы керек. Дельфин және кит майлары илеуге жарамсыз. Майлардың өзінде илегіштік қасиет болмайды, илегіш заттар майлардың тотығуы кезінде пайда болады, олар негізінен әртүрлі альдегидтер мен құрамында эпоксидті топтар (-СН-СН-) бар органикалық қосылыстар.

Маймен илеу (замшалау) көнді қанықпаған маймен (ворваньмен) өңдеумен жүзеге асырылады. Бұл май оттегі - ауа әсерімен тотығады. Нәтижесінде замша деп аталатын ауа өткізгіш, әрі жұмсақ былғары алынады. Илегіштік әсері бар альдегидтер, құрамында эпоксидтер бар органиқалық қосылыстар, сондай-ақ тотықтанған май қышқылдары коллагенмен химиялық әрекетке түседі.

Белок пен қанықпаған майлардағы эпоксид топтарының байланысы:

Маймен илеу кезінде қанықпаған май қышқылдары және олардың тотыққан өнімдері мен коллагеннің байланысы рН көрсөткішінің 2-9,5 аралығыңда өтеді. Бірақ илеу кезінде рН 7-7,5 болса өте сапалы күдері алынады. Илеудің алдында жарғақтың ылғалдылығы 55-65% болса, май өзеңге жақсы сіңіп, біркелкі таралады. Замшалау дұрыс жүрсе, күдерінің ылғалдығы майдың сіңуіне байланысты төмендеп, илеу соңында ылғалдылық 8-10% болады. Илеуге процестің ұзақтығы, температура әсер етеді.

Практикада майдың тотығуы үшін барабанға арнаулы қондырғы арқылы температурасы 60°С дейін ыстық ауа жіберіледі. Бұл кезде жартылай фабрикаттың температурасы 40°С аспауы керек, майлау соңында ғана 45°С жуық болуы керек, температураны қадағаламаса, жартылай фабрикаттың сапасына нұқсан келуі мүмкін. Илеуге керек майдың мөлшері, ылғалдылығы 60% болатын жарғақтың салмағына шаққанда, 20-25% болады. Илеудің ұзақтығын және майдың мөлшерін тотықтырғыш КМnО4 қосу арқылы кемітуге болады.

Илеу алдыңдағы дайындық процестері, сіресе күлдеу ұзақ жүреді. Бұғы терісінен күдері дайыңдауда, күлдеудің ұзақтығы 5 тәулікке дейін созылады. Күдеуден өткен жарғақты қалыңдығы бойынша екіге бөліп, машинадан өткізіп, беткі қабатын жұқалап алып тастайды. Бұлай ету илеу кезінде майдың жақсы сіңуіне ықпал жасайды. Илеудің алдында, жартылай фабрикатты натрийдің сульфатымен өңдеп, престеу арқылы ылғалдан арылтады, оның илеу алдындағы ылғалдығы 60% болуы керек.

Замшалаудан соң, күдеріні натрий қарбонаты ерітіндісімен 2-3 қайта шаяды, мұндағы мақсат байланыспаған майдың артық мөлшерін алып тастау. Бұл үшін кейде органиқалық еріткіштерді пайдаланады. Соңғы жылдары маймен илеуді, формальдегидпен илеуді араластыра қолданып жүр. Алдын-ала формалинмен өңделген өзеңнің өткізгіштігі артып, май оған тез және біркелкі сіңеді. Формальдегид орнына глутар альдегидін де қолдануға болады.
АРАЛАС ИЛЕУ

Алюминий, цирконий және титан қосылыстарының гетерополиядролы комплекстері негізіндегі минералды илегіштер

Былғары өндірісінің экономиқалық тиімділігін көтеру жолдарын іздеу және шығарылатын былғарының ассортиментін көбейту, технологиялық процестерде жаңа химиялық материалдарды қолданумен тығыз байланысты. Бұл үшін былғары қасиетін қалыптастыратын негізгі процесс болып табылатын илеу процесін жетілдірудің маңызы зор. Осы орайда соңғы жылдары өз елімізде және шет елдерде жаңа илегіштерді синтездеп олардың құрылысын, илегіштік әсерін және былғарының қасиетіі зерттеуде кең тұрде ізденістер жүргізілуде.



Бұл ізденістердің ішінен хром, алюминий, цирконий және титан қосылыстарынның гөтерополиядролы комплекстері негізіңдегі минералды илегіштерді алудағы жұмыстарды ерекше атауға болады. Олардың жиынтығы минералды илегіштердің химиясы мен илеу процесінде жаңа ғылыми бағыт құрайды. Хром мен алюминий қосылыстарын бірге қолдану ертеректе белгілі болғанымен де, цирконий мен титан илегіштері алынғаннан кейін бұл ғылыми бағыттың қалыптасуы жаңа бір деңгейге көтерілді. Аталған илегіштер мен хром қосылыстарын бірге қолданудың нәтижесі олардан әрекеттесуін зерттеуге және екі, үш, төрт компонентті илегіштерді алуға бағыттады.

Аталған илегіштерді синтездеудің негізгі идеясы ерітіндіде тезірек гидролизденіп және полимеризацияланатын цирконий мен титанның илегіштеріне қарағанда гидролизге төзімдірек және тұнбаға тез тұспейтін хром меи алюминий қосылыстарының әрекеттесуі нәтижесіндегі гетерополиядролы комплекстерді түзу болып табылады.

Бұрынғы одақтағы Орталық былғары және аяқ киім ғылыми-зерттеу институтыңдағы (ЦНИИКП) жұмыстар бұл идеяның дәлелділігін көрсетіп, гөтерополядролы комплексті илегіштердің жаңа қатарын алды. Олардың негізін хромцирконий, хромтитан және хромтитанцирконий комплекстері құрайды да, хром атомдары тұрақтандыратын рөл атқарады.

Аталған гетерополиядролы илегіштердің илегіштік әсерін және олармен илеу әдістерін жүйелі тұрде зерттеу, бұл илегіштерді былғары өндірісінде қолдануды табысты етті. Соңғы жылдары аталған илегіштерді мех өндірісінде де қабылдану жұмыстары жүргізілуде.

Комплексті минералды илегіштерді алуда алюминий, цирконий және титан қосылыстарын пайдалану мүмкіндігі, алюминий қосылыстарының табиғаттағы біршама бай қорына негізделген және ол комплексті алюмоцирконий, алюмотитан және алюмоцирконийтитан илегіштерінде басымырақ компонент рөлін атқарады.

Илегіш алюминий тұздары ретінде оның сульфаты, хлориды және нитраты, сондай-ақ натрийдың сульфатцирконаты (СЦН) мен аммонийдың сульфаттитанилатының (СТА) өзара әрекеттесуін зерттеу, олардың ерітінділерінің араласуы нәтижесінде гетерополиядролы алюмоцирконий және алюмотитан комплекстерін тұзетінін көрсетті. Бұл кезде комплекс түілудің интенсивтілігіне әсер етуші негізгі факторларға ерітіндінің рН көрсеткіші, компоненттердің өзара мөлшері және алюминий, цирконий немесе титан тұздарының табиғаты жатады. Белгілі болғаны, алюминий мен цирконий немесе титан қосылыстары бар ерітіндіде біркелкі аниондары бар комплекстің түзілуі берігірек жүреді. Ерітіндіде әртүрлі аниондар болған жағдайда, комплекстің орталық атомына олардың бәсекелестігі байқалады, бұл нашар еритін негіздік тұздардың түзілуіне әкеледі де, гетерополиядролы комплекс орнаудың қарқынын әлсіретеді. Сондықтан да алюмоцирконий және алюмотитан комплекстерін аларда, ерітіндіде ол металдардың тек сульфат қосылыстары ғана алынды.

Гетерополиядролы комплекстер түзілуінің сырттай белгісі ретінде және олардың практиқалық қолданылуының мәні, комплекске енген алюминий мен цирконий немесе титанның тұрақтылығының жоғарылауына жатыр. Гетерополиядролы комплекстердің сілті әсеріне тұрақтылық дәрежесі ерітіндідегі алюмиийдің цирконийге немесе титанға қатынасына тәуелді болып, ол қатынас А13+/Zг4+ және А13+/ Ті4+ = 4:1 болған жағдайда өзінің максимумына жетеді. Құрамында алюминий сульфаты мен СЦН бар ерітіндіні илеуге қолдану үшін оның рН көрсөткішін 3,5-3,7 дейін алуға болады, ал алюминий сульфаты мен СТА ерітіндісінің рН көрсеткішін 3,0-3,3-ке дейін көтеруге болады. Гетерополиядролы илегіштердің мұндай жоғары тұрақтылығы, оларды цирконий немесе титан илегіштерін қолданудағы сияқты көнді алдын ала дайындамай-ақ кеқ тұрде илеу процесіне қолдана беруге мүмкіндік туғызады.

Гетерополиядролы комплекстердің құрылысын ерітіндіде, қатты күйде комплексонометриялық, ең алмастырғыш хроматография, дифференциалды термиялық талдау мен термогравиметриялық әдістерімен зерттегенде, белгілі болғаны, алюминий сульфаты мен СЦН немесе СТА арасындағы комплекстің тұзілуі - гидроксил тобы аркылы жүретіндігін көрсетті және олар орталық алюминий мен цирконий немесе титан атомдарынның арасында көпіршелер рөлін атқарады. Зерттеулердің нәтижесі мынаны көрсетті: алюминийдің цирконийге немесе титанға қатынасы неғұрлым көбейген сайын және ерітіндінің рН-ы жоғарылауымен бірге цирконий мен титан комплекстерінің ішкі сферасыннан бидентатты координацияланған сульфат топтары толығымен сыртқы сфераға шығып, монодентатты координация сатысына көшеді.

Гетерополиядролы комплекстің құрамы компоненттердің қатынасына және ерітіндіңің рН көрсеткішіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ комплекстегі алюминий атомының саны цирконий немесе титанға есептегенде төрттен аспауы керек.

Цирконий және титан комплекстерінің ішкі сферасындағы ОН топтарының мақсимум санының бәсекелестігі - бұл комплекстер гидрооксидтер түзгенде, гидроксил топтарының рөлін гетерополиядролы комплекстердің түзілуі дәлелдейді. Гетерополиядролы комплекстердің барлығы оларды таза күйінде бөліп алумен және рентгенографиялық, ИҚ спектроскопиялық талдаулардың нәтижесімен дәлелденді. Цирконийдің гидроксокомплекстерінің тетрамерлі құрылысын ескере отырып, оның алюминий комплекстерімен әрекеттесуі нәтижесінде орнаған алюмоцирконий комплекстерінің схемасын мынадай түрде көрсетуге болады.



СТА ерітіндісінде титанньщ полимерленген күйде жүретінін ескерсек, оның алюминиймен әрекеттесуін мына схема бойынша көрсетуге болады:



Алюминий, цирконий және титан комплекстерінің ерітіндіде тез арада әрекеттесіп олардың гетерополиядролы комплекстер түзуін алюмоцирконий (АЦИ) және алюмотитан (АТИ) илегіштерінің ерітіндісін өндірістік мақсатта бірден барабанда, кәдімгі технологиялық схемаға оп-оңай үйлесе кететін әдісін жасауды мүмкін етті. Бұл мақсатта барабанда белгілі бір ара қатынастағы алюминий сульфатын (АС), СЦН немесе СТА-ны ерітіп, онан соң ерітіндінің рН көрсеткішін қажетті деңгейге дейін көтерсе болғаны.

Цирконий мен титан комплекстерінің коллагенмен әрекеттесуі негіздік азот құрайтын топтармен, ал алюминий комплестерінің қарбоксил, спирттік және фенолдық гидроксил топтарымен белгілі деп есептесек, онда олардың гетерополиядролы комплекстерінің коллагеннің бір ғана функциональды топтарымен емес, бір мезгілде бірнеше түрімен байланыса алатын мүмкіндігі бар. Бұл АЦИ мен АТИ-дің цирконий, титан және алюминий илегіштерімен салыстырғанда, илегіштік әсерін біршама күшейтеді.

Комплексті минералды илегіштерді алу үшін, аралас илеуде олардың бастапқы компоненттері ретінде коллагеннің әртүрлі топтарымен байланысатын илегіш заттарды қолдану тиімдірек екенін көрсетті.



Бұл мақсатта коллагенмен байланысу сипаты ұқсас болатын илегіш заттарды қолдану тиімді емес, себебі коллагеннің біркелкі функциональды топтарына бәсекелестік туады. Мысалы, алюминий мен хромды бір мезгілде қолданғанда олардың арақатынасы ерітіндіде 0,25-0,5:1 артпауы керек екені белгілі болды, ондай болмаған жағдайда өзеңнен хром қайта бөлініп шығып, илеу эффектісі төмендейді. Мұның себебі хромның да, алюминийдің де комплекстері негізінен коллагеннің карбоксил және гидроксил топтарымен әрекеттеседі. Алюминийдің, цирконийдің және титанның илегіш тұздарын немесе олардың негізіндегі комплексті илегіштерді бір мезгілде қолдану олардың бастапқы компоненттерінің жақсы қасиеттерін бір-біріне үйлестіреді.

Сонымен бірге әртүрлі құрамдағы АЦИ және АТИ илегіштік қасиетін зерттеу мынаны көрсетті: бірдей жағдайда олардың реакцияға түсу қабілетінің мақсимумына алюминийдің цирконийге немесе титанға қатынасының белгілі бір оптимумы тура келеді, ол сан 4:1 қатынасынан кем болуы керек. Алюминийдің цирконийге немесе титанға қатынасы 4:1 қатынасына тең немесе артық болған жағдайда, илегіштердің реақцияға қабілеттілігі төмендейді, себебі ерітіндіде цирконий мен титанның барлық төрт валенттік жұптары оларды алюминий атомдарымен байланыстыратын гидроксил және сисотоптарымен координациялануға жұмсалған гетерополиядролы комплекстер пайда болады. Мұндай "қаныққан" гетерополиядролы комплекстердің коллагенге деген реақциялық қабілеті төмендейді, комплекстердің ішкі сферасына коллагеннің функциональды топтарының координациясы қиындайды.

Бір жағынан бұл құбылыс бүркемеленген илеу заңдылықтарына ұқсас, мысалы илегіш хром комплекстерінің тұрақтылығын тым жоғары көтеріп жіберген кезде, олардың реақцияға түсу қабілеті төмендейді. Сондықтан комплексті илегіштермен немесе минералды илегіштермен аралас илеуде олардың компоненттерінің оптимальды қатынас мөлшерін анықтауда стехиометриялық құрамының мәліметтеріне жүгіну керек.

Ізденістер мынаны көрсетті, алюминий, цирконий және титанның комплекстері негізіндегі минералды илегіштерді әртүрлі былғары жасауда илеу және иін қанықтыру процесіне қолдану технологиялық процестердің интенсивті жүруіне, экономикалық тиімділігін көтеруге және былғарының сапасын арттыруда, хром қосылыстарын біртіндеп немесе түгелдей алмастыруды мүмкін етеді. Аталған комплексті илегіштерді былғарыны илеуде, иін қанықтыру мен толықтыруда қолдану туралы біраз әдістер жасалған.

Сонымен бірге мына жайларды ескере кету керек, жасалған жұмыстардың жиынтығына қарамастан, комплексті илегіш заттардың былғары өндірісінде қолданылуы әлі жеткіліксіз, сондықтан жаңа комплексті илегіштер алу олардың құрамын, құрылысын, илегіштік әсерін, коллагенмен әрекеттесу сипатын білу, былғарының қасиетін анықтау - басты мәселенің бірі. Илегіштік әсері жоғары комплексті минералды илегіштерді алу әдістерін ары қарай жетілдірумен бірге, түрлі былғары алу үшін қолданып, олардың қасиеттерін анықтау төңірегіндегі ізденістерді кеңейте түсу керек.
Таннидтермен, синтандармен және хром қосылыстарымен

аралас илеу

Илегіштердің пайдалану ретін өзгертуде, олардың былғары қасиетіне әсері. Егер көнді алдын ала хром қосылыстарымен өңдеп, онан кейін таннидтермен немесе олардың синтетиқалық илегіштерінің қоспасымен илесе, уақытты 1-3 сөткеге дейін қысқартуға болады.

Оның себебі хромдаудан кейін жартылай фабрикаттың өткізгіштігі артады, соның нәтижесінде жоғары концентрациялы таннид ерітіндісін қажетті температурада қолдана беруге болады, бұл кезде иі бұзылу сияқты ақаулар туудың мүлде қаупі болмайды.

Алдын ала хромдау әдісі аса жоғары ауыр салмақты көн терілерін айналмалы аппараттарда илеудің негізін қалады.



АРАЛАС ИЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ИЛЕГІШТЕРДІҢ КОЛЛАГЕНМЕН ӘРЕКЕТТЕСУНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Белоктың құрылымдық элементтері арасында қосымша көлденең байланыстар орнайтындықтан, алдымен хром қосылыстарымен илейді, соңынан коллагенмен байланысы мықтырақ болуы үшін таннидпен иін жетілдіреді.

Жартылай фабриқатты қатионды хром комплекстерімен өңдегенде, таннидтер теріні хромның анионды комплекстерімен илегенге қарағанда көбірек фиксацияланады. Оның себебі хромның қатионды комплекстері белоктың қарбоксил тобымен көбірек байланысады да, амин топтарының ақтивтілігін арттырып, олардың таннидтермен байланысын жеңілдөтеді. Осының салдарынан коллаген тізбелерінің арасындағы қосымша көлденең байланыстар көбейе тұседі, ал ол хромтаннидпен иленге былғарының тозуға төзімділігін жоғарылатады.

Аралас илеудегі таннидтермен хром комплестерінің белокпен байланысын көрсетілген схемамен модельдеуге болады.



Аралас илеудің кейбір әдістері


Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының "Былғары және мех технологиясы" қафедрасында аралас илеуде бүркемөленген көпкомпонентті илегіштерді қолдану арқылы бірнеше әдістер жүргізілуде:

  1. Төменгі сортты қой терілерін натрий ацетаты, уротропин және глутар альдегидімен бүркемөленген хром мен алюминий қосылыстарымен илеуде физиқалық-механиқалық көрсөткіштері жоғары сапалы былғары алуға болады.

  2. Тұсі ақшыл ұлтан былғарысын шығаруда, бүркемөленген алюмотитан және алюмоцирконийтитан қосылыстарымен пикельсіз илеуді қолданып, бейтараптайтын химиялық заттарды үнемдеуге болады. Соның нәтижесінде бұл әдіс шайынды су құрамындаш химиқаттардың концентрациясын азайтуға мүмкіндік жасайды.

3. Юфть былғарысын шығаруда бүркемөленген хром-цирконий, хромтитанцирконий және алюмотитан қосылыстарымен илеу арқылы жоғары эксплуатациялық қасиеттері бар юфть былғарысын жасаудың әдістері құрастырылған. Бұл әдіс ыстық вулқанизациялауды қолданып аяқ киім жасауда юфть былғарысының термотөзімділігін жоғарылатады.
Формальдегидті қолдану арқылы аралас илеу

Формальдегидті аралас илеуте қолдану екі жағдайға байланысты:



  1. Жарғақ құрылымын таннидпен немесе хромтаннидпен илеу алдында фиксациялау (тұрақтандыру).

  2. Көнге арналған былғары шығаруда илеуді аяқтау үшін формальдегид қолданылады. Сонда ұлтан былғарысының терге төзімділігі артады.

Алюминий қосылысымен иленген "лайқаны" формальдегидпен өңдесе, жууға төзімді болады. Аралас илеу барысында, кей жағдайларда технологиялық процесс жылдам жүріп, былғары жасаудың өзіндік құны кемиді. Илегіш қосылыстар былғарыға, тері өзеңі мен жүн талшықтарына ерекше қасиет береді. Мысалы, хром қосылыстары жартылай фабрикаттың термотөзімділігін және оның талшықтарының серпімділігін арттырады.

Әртүрлі илегіш заттар былғарыға сол илегіштің өзіне ғана тән белгілі бір қасиеттерді бере алады. Мысалы, тек таннидтердің өзі былғарының тығыздығына, қаттылығына, беріктігіне әсері әртүрлі екені белгілі. Олай болса, әртүрлі илегіштік әсері бар таннидтер, хром қосылыстары, майлы заттар және синтетикалық илегіштердің былғары қасиетіне ықпалы да бірдей болмайды.

Кейбір илегіш заттардың былғарының жақсы қасиеттерін жоғарылатуымен бірге өздеріне тән кемшіліктері де бар. Қайсыбір илегіштер ол кемшішктерді жоюға қабілетті, сонымен бірге, сапаға дұрыс және бұрыс ықпал етуі мүмкін. Екі немесе бірнеше илегіш заттарды қолдану бір ғана илегішті қолданумен алуға болмайтын былғары қасиеттеріне қол жеткізеді. Осы негізде аралас илеу пайда болды.
Жартылай фабрикатты хромдау

Жартылай фабрикаттың өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін күлсіздендіру процесі толық өткен көнде, пикельдеу жылдам жүруі тиіс, қышқылдың мөлшері көн кесіндісінің сыртқы қабатының рН көрсеткішін 3,6-3,8-ге дейін, ал ішкі қабатының рН көрсеткішінің мөлшерін 5-6-ға жеткізсе жеткілікті деп есептеледі.

Пикельдеуден кейін, көнде хромдау жүргізілгенде хромның өзең қабаттарына бірден таралуының маңызы зор, сондықтан хромдаудың соңында негіздікті көтереді. Ал, тұзбен өңдеуден кейін хромдау жүргізілсе, онда төмен негіздіктегі хром ерітіндісі қолданылады. Барлық жағдайда ескеретін нәрсе жартылай фабрикаттың рН көрсеткіші 4,5-5 аралығында болуы керек.

Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған жартылай фабрикатты хромдауда, оның мөлшері Сг2О3-ке есептегенде, орташа есеппен былғары массасының 0,7%-нен кем болмауы керек.

Ал, юфть былғарысына (хромтаннидпен иленген) хромдауға көтетін хром қосылыстарының мөлшері Сг2О3-ке есептегендегі көн салмағының 0,4—0,45%-дей болуы керек. Бұл кезде жартылай фабрикқаттың өткізгіштігі артып; юфтінің жиырылу температурасы 90-93°С-ке дейін жетеді.

Хромдауды, әдетте пикельден қалған ерітіндіде жүргізеді, алдын-ала қажетті негізікте дайындалған қаныққан хром ерітіндісін барабанға құяды, хромдаудың температурасы 18-30°С. Хромдаудың соңында ерітіндінің негіздігін натрий карбонатымен немесе сульфитімен жоғарылатады. Жартылай фабрикаттың жиырылу температурасы 76°С-ден төмен болмауы керек.

Хромдаудан кейін жартылай фабрикатты тыныштықта ұстаудың дұрыс та, бұрыс та жақтары бар. Бұрыс жағы: еңбекті көп шығын етіп, орын алып, уақытты өткізіп алуға болады. Ал тыныштықта ұсталмаған және бейтараптау жүргізілмеген көнде, ондағы хром мөлшерінің 50%-ға жуығы шайылып көтеді.

Хромның шайылу дәрежесі таннидпен илеу кездегі, таннидтер табиғатына да байланысты. Мысалы, емен таннидтерімен салыстырғанда, шырша таннидтері хромның көбірек шайылып кетуіне ықпал өтеді. Ерітінді өте қышқылды болып, иін қанықтыру ұзақ жүрген кезде де хром көбірек шайылады.



Таннидтермен және синтетиқалық илегіштермен иін қанықтыру

Алдын-ала хромның қатиондық комплекстерімен, сонан соң таннидтермен иін қанықтыруда, байланысқан таннид мөлшері көбейеді. Себебі, хром мен коллагеннің қарбоксил топтарының байланысы, таннид пен коллагеннің амин топтарының реақциясын оңайлатады. Соның нәтижесінде, тек таннидпен илеу әдісімен салыстырғанда сумен шайылатын заттардың мөлшері азаяды. Күлсіздендіруден бастап дайындық процестерін бір барабанда жүргізген кезде тексеруді күшейту керек, әсіресе, пикельдеу мен хромдауда химиялық заттардың концентрациясын (процестің алдында және соңында), температураны, СК-ті, процестің ұзақтығын және жартылай фабрикаттың рН көрсеткішін қадағалау керек. Хромдаудан кейін жартылай фабрикаттың жиырылу температурасы тексеріледі. Таннидпен илеуден кейін жартылай фабрикаттың көлденең қиындысында илеудің өткен-өтпегендігі тексеріледі.


Термотөзімді былғары жасау

Хроммен иленген былғарыдан (юфть, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған жұқа былғары және ұлтарақтық) аяқ киімді дайындау үшін ыстық вулқанизациялау әдісі қолданылғанда, оның термотөзімділігін арттыру үшін хром қосылыстарын былғарының иін қандыруда қолданады. Иін қандыруды жартылай фабрикатты мұқият шаюдан кейін атқарады. Сг2О3-ке есептегенде көн салмағынан хром қосылыстары 1-1,2% тең болуы керек және жартылай фабрикаттың рН көрсеткіші 4-тен төмен болмайды. Хром қосылыстарын таннидтермен және синтетикалық илегіштермен араластыра отырып илеудің басқа варианттары кемшіліктеріне байланысты көп қолдау таппады.

Аралас илеудің бір түріне хроммен иленген аяқ киімнің
жоғарғы бөлігіне арналған былғарыны хром қосылыстарымен, таннидтермен немесе синтетиқалық илегіштермен иін қанықтыру жатады. Бұл әдістің былғарының қасиетіне әсері мынадай: былғарыға жеткілікті тығыздық беріп, жақсы толықтырады, қалыңдығы мен кей жағдайда ауданын үлкейтеді, былғарының шет аймақтарының қалыңдығы біркелкіленеді, біраз ақаулары жойылады, былғарының пішімділігін көбейтеді.

Хромтаннидпен аралас иленген былғары тығыздау және қалыңдығы топографиялық бөлімдерінде біркелкілеу, пішімділік көрсеткіші жоғары, анилинді бояғыштарды жақсы қабылдай алады. Аяқтың формасына жақсы қалыптасып, аяқ киім киюге ыңғайлы болады, су тиіп, кепкеннен соң көлемін өзгертпейді. Таннидтермен иін қандырып жетілдіруден кейін былғарының беті қашанда жақсы тегістеліп, бетіндегі ақаулар азаяды.

Хромтаннидпен иленген былғары қасиетіне хром қосылыстарының мөлшері әсер етеді, егер хром оксидінің мөлшері көн салмағына шаққанда, 1%-ға дейін болса, онда аралас илеудегі былғары қасиеті таннидпен иленген былғары қасиетіне жақындау болады, бірақ тығыздығымен және жұмсақтығымен ерекшеленеді. Хромтаннидпен илеу барысында, хромоксидтің мөлшері көн салмағына шаққанда 1,5%-дан жоғары болса, былғарының тозуға төзімділігі артады. Хромтаннидпен илеудің мынадай жолдары бар: алдын-ала хром қосылыстарымен, соңынан таннидпен және синтандармен илеу (бұл әдіс өте кең тараған); алдын-ала таннидтермен және синтандармен илейді де, соңынан хром қосылыстарымен илеуді жетілдіреді; таннидпен және синтандармен екі кезеңде, арасында хром қосылыстарымен илейді; алдын-ала хром қосылыстарымен, кейін таннидтермен және синтандармен илейді де соңынан хром қосылыстарымен илеуді жетілдіреді.

Бұл әдіс тиімсіздеу және былғары сапасы жақсы болмайды. Бір мезгілде хром қосылыстарымен және таннидтермен илеу тәжірибе түрінде колданылады.



ЖЕКЕЛЕНГЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Теріні өндеуде технологиялық процестер жекеленген операциялармен аяқталады. Олар жүнді жабынға механикалық әсер етеді және тері тінінің соңғы тауарлыққа жарауына әкеледі. Кептіруден кейін жүнді жабында тапталған орындар қалады. Ол ылғалдың теріге біркелкі таралмауынан болады. Тері тінінің иілгіштігінің жетіспеушілігіне әкеледі. Кейде қылшықтың ұзындығын және пішінін өзгертеді, табиғи әктаспен бояйды және бұйралайды. Бұл операцияларды түрлендіру деп атайды.

Жекеленген операцияларға мынадай талаптарды орындайды: жүнді жабынды жеке-жеке тазарту, жылтырату, терідегі ылғалды қалыпқа келтіру, қожыту, тері тінін тазарту. Теріні келесі жекеленген операцияларда өңдейді:

1. Қысу. Ол үшін ағаш ұнтағын (көбінесе шамшат ағашын), кейде бұған құм, бор, органикалық еріткіштер қосады. Қысу екі рет орындалады: ылғалды және құрғақ ұнтақта.

Бірінші қысуды құрамында 35-40% суы бар ұнтақта өткізеді. 1 кг құрғатылған теріге 0,5-1 кг ылғалды ұнтақ келеді. Теріні барабанда 3-4 сағаттай қысады, сосын қағады. Бұл мехтік тері мен тері тінінде 18-20% ылғал қалдырады.

Екіншіде қосуды барлық жекеленген операциялардан соң жүргізеді. Бұған құрғақ ұнтақ, 1 кг ұнтақ 10-40 г органикалық еріткішті дайындап қосуға болады. Қысу ұзақтығы 3-4 сағат.

2. Қағу. Бұны терінің жүнді жабынынан ұнтақты айыру үшін жасайды.

З. Тартқылау. Теріні өндеудің әртүрлі этаптарынан кейін орындайды. Тартқылау кезінде жеткілікті ылғал болуы керек, одан созғылау кезіндегі терінің беріктігін көруге болады. Бұл процесте тері көлімі 5-8%-ға өседі.

4. Тегістеу. Бұл операция тері тінінің беті тегіс, әрі біркелкі болуын қамтамасыз етеді. Тегістеу нәтижесінде тері тінінің иілгіштігі және жұмсақтығы айтарлықтай көтеріледі. Тегістеу механикалық жолмен өткізілед. Сонымен қатар, бор мен пемза да қолданылады. Тері тініне қалыңдап бор себеді және оны пемзамен сүртеді.

5. Жүнді жабынды тарау. Үй жағдайында тарау үшін металды тісі бар тарақ пайдаланады. Жұмыс алдында тарақ тістерінің өткірлігіне көз жеткізген жөн. Алдымен түсіп қалған қылшықты жинап алып, сосын барып тарауға кіріседі. Бұл операция нәтижесінде ағаш ұнтағы, шаң, нашар қылшықтар түсіп, қылшықтар түзуленеді. Қойдың меринос тұқымының жүнді жабынын тарағанда қалындығы 30-40%-ға азайтатынын білеміз. Тарауды шартсыз, біртіндеп батырып тарайды. Теріні тарау ыңғайлы болу үшін, сол жақ қолмен ұстау керек. Эпидермиске жеткізбей, сақтық жасаған дұрыс. Әсіресе, бауыр мен бүйір терісін байқаған жөн, бұл жерде шел өте жұқа, оңай жыртылып кету қауіпі бар.

6. Жүнді жабынды қырқу. Жүнді жабынды арнайы машинаның көмегімен қырыққан жеңіл. Қырқуды екі рет өткізеді: алдыңғысы тараудан кейін, соңғысы тегістеуден кейін, өйткені одан кейін қылшықтың ұзындығы өзгереді. Қылшықты мехтік терімен еліктеу (иммитация) түріне байланысты, әртүрлі биіктікте қияды. Мысалы, қойдыкін 12-16 мм, ал қозыныкін- 4-6 мм биіктікте қияды.

7. Мехтік теріні үгіктеу. Үтіктеу - теріні жылтыр және мамықты етеді, қылшығы ұзарып, түзуленеді. Үтіктеу алдында қылшықты құмырсқа қышқылы мен этил спирті ертіндісімен дымқылдайды. Үй жағдайында үтікті қатты қыздырып, қалың ақ бұл арқылы үтіктейді.

8. Эпирлеу. Кейбір қымбат теріге ұқсаған теріні өстік қылшықтан арылтқан соң алады. Мысалы, қоян терісінен қоянға еліктеуіш алуға болады.

Кейде көптеген жекеленген операциялар қажетсіз болып та көрінеді. Бірақ өте сапалы тері алу үшін уақыт пен күшті аямау қажет. Әрқилы тері өндеу тәсілдерінің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.


Қалың тері тінін өңдеу ерекшеліктері

Бұған бірінші топтағы терілер жатады - ірі көлемді шикізаттар: аю, ит, қасыр және т.б. Осындағы ерекше спецификацияға пикельдеу ертіндісінде міндетті түрде қышқыл мен ас тұзы болуы қажеттілігі ескергілген. Әйтпесе ісініп кетеді. Ал ісінуді кетірмесе, тері бұзылады. Бірақ жоғарыда айтылған теріге бұл қасиет қажетті: кәдімгі пикельдеу тәсілімен өңдеу кезінде тері тініне борпылдақтық жетіспейді және теріде шел пайда болады. Бұндай жағдайда теріге ерекше өндеу кіргізеді, ол қышқылды - гидрометикалық деп аталады.

Теріні басында қыщқылмен өңдеп, сосын ас тұзын қосады. Осы өндеу нәтижесінде тері ісінеді, талшықтар борпылдақтанады және тері қажетті жұмсақтыққа кенеледі. Бұл ісінуде тері қалындайды. Ісіну дәрежесі қылшық концентрациясы мен терінің түріне байланысты. Егер күкірт қышқылын қолданса, аз концентрациялымен салыстырғанда ең жоғары ісіну жетеді. Ең жоғары ісінуден кейін концентрациясын үлкейту қажетсіз, себебі бәрібір де ісінбейді, керісінше кішірейді. Қышқылмен өңдегенде өте сақ болу қажет – бұл өте қауіпті, өткір процесс. Ол тері тінін жұқартып, тіпті жарып жібереді. Сапалы тері алғыңыз келсе, қышқылды гидрометикалық өндеудегі ісінуді жоғалту керек. Тұз концентрациясы 60-80 г/л болады.

Қышқыл гидрометикалық өндеу - тек ірі көлемді терілер үшін қолданылады. Еркек мал терілері, орташа мал терілеріне қарағанда шелінің қалыңдығымен өзгешеленеді.

Қалың шелді қоян терісін өндеуді қарастырамыз: жібітуге кеткен сұйық көлемі тері салмағынан 8 есе артық етіп дайындалады. Жібіту ұзақтығы - 22 сағат. Теріні жібіткен суға 0,6 г/л биосульфит пен 40 г/л концентрациялы ас тұзын қосады. Содан кейін аяғы мен басын кесіп тастап, екінші жібітуді 10 сағаттай таза суда орындайды. Сосын теріні қырып шелдейді де, 3 сағат қышқылды-гидрометикалық өңдеуде ұстайды, оған 3 г/л концентрлі күкірт қышқылы ертіндісі пайдаланылады. Пикельдеу үшін ертіндіге 80 г/л есеппен ас тұзын қосып, толық ірігенше араластырады, 6 сағаттан кейін 10 г/л күкірт қышқылын құяды да, 19 сағатқа қалдырады. Жалпы қышқыл шығыны - 13 г/л. Жалпы ұзақтығы - 19 сағат. Ескере кеткен жөн: ертіндіге таза күйінде қылшық қоспайды, себебі ол тері пісіп кеткеніндей ертінді температурасын жоғарлатады. Өндіріске 12 сағат кетеді, сосын қысу, қағу, ұрғылауды өткізеді. Осымен пикельдеу бітіп, илеуді басталады. Илеуде сұйық көлемі тері салмағынан 7 есе жоғары болады, 28-30оС температурада 10 сағаттай жүргізеді.

Илеуге 10 г/л гипосульфит, 50 г/л ас тұзы, 4 г/л хромды квасц, 1,5 г/л алюминий квасцы қажет. Операция гипосульфит пен тұз еріген соң теріге жағу арқылы жүреді, 3 сағаттай үздіксіз араластырып отырады. 25-30% хром квасцын 1 сағат аралығында 2 рет құяды, 1 сағаттан соң алюминий квасцы ертіндісін қосады. Ертінді температурасы 40°С-дан аспау керек. Сосын қысу, ұрғылау, кептіру және майлау процесі жүреді.



Тері тіні қалың терілерді және қоян мен тиін терілерін өндегенде қышқылды гидрометикалық өңдеуден қаша алмайсыз. Өндеу реттілігі былайша болады: престі құрғақ теріні үлкен көлемдегі сумен (су тері салмағынан 8 есе артық болсын) 20°С температурада жібітеді. Жібіту ұзақтығы - 4 сағат. Сосын суды ауыстырып, осында 1 г/л ас тұзын, 02 г/л күкірт қышқылын қосып, 4 сағаттай сол температурада тағы да жібітеді. Сосын теріні сығып, бетін мұқият ұрғылап, жотаның бірінші қабыршығын шелдейді. Егер бауыр терісі майлы болса, онда оны майсыздандырады және шелдейді. Аяқтарын тұяғына дейін қырқып, жоғары жағын шелдеп, ені бойынша созғылайды. Осыдан сон қышқылды-гидрометикалық өндеу мен илеуді жүргізеді. Сұйық көлемі жібітудегідей алынады, ал температурасы 25°С болады. Теріні бас кезінде 3 г/л күкірт қышқылы ертіндісіңде 3 сағат жібітеді. Сосын ісінуді жоғалту үшін 60 г/л ас тұзы ертіндісіне салады, 2 сағаттан соң 35%-ды хром квасцын құяды. 6 сағаттан кейін алып, эмульсиясында 25% аммиагы бар майлаған теріні 4-6 сағат жатқызады. Қылшығын жоғары қаратып құрғатады да сілкіп, қапсырмаға иілте енімен жаяды. Сосын қылшықтарын тараған жөн.

Қоянның жұқа шелді терісін өндеу. Жібіту 18-20°С температурада тері салмағынан 8 есе артық дайындалған сұйықтық көлемінде 10 сағаттай уақыт аралығында өтеді. Жібіту суына 4 г/л бисульфит және 30 г/л ас тұзын қосады. Сосын теріні сорғытып, аяқтарын кескен соң 10 сағат ішінде екінші жібітуді жүргізеді. Теріні сығады да, қырқу бойынша шелдейді. Бұлшық етті, майлы кабықшаны қолмен сыпыруға болады, бірақ оған уақыт кетеді. Шелдеуден кейін пикельді илеу ваннасына салады: сұйық көлемі тері салмағынан 7 есе көп болады. Құрамы: 6 г/л күкірт қышқылы, 8 г/л ас тұзы, 6 г/л хромды квасц, 25% г/л гипосульфитті, 12г/л алюминий квасцы. Операцияның орындалу реттілігі: алғашында қайнатылған су, сосын түз бен күкірт қышқылын қосады да, тұз толық ерігенше араластырады, содан кейін теріні салады. Үзіліссіз 8 сағат араластырғаннан кейін гипосульфит қосады. Екі сағаттан соң 25% хром квасцының жартысын, 1 сағаттан соң жартысын сыздықтатып отырып құяды. Ал тағы 1 сағаттан кейін алюминий квасцын қосылады. Осыдан кейін 4 сағат тосады да, пикельдену дәрежесін тексереді. Егер тексеру нәтижесі қанағаттандырса, онда 10 сағатқа қалдырамыз. Содан соң сығып, қапсырма иілгіде ұрғылап, майлайды. Бүйіріне қарағанда, жонарқасына қалыңырақ етіп эмульсия жағады. Майлаған соң 6 сағатқа қалтырамыз, яғни кептіреміз. Терінің мүлдем құрғап кетпегені жөн. Кейінірек - ұрғылау, тазарту, сілкілеу, қылшығын тазарту процестерінен өтеді.

Қызыл түлкі терісінің өндеу. Алдымен жүнді жабынға көңіл аудару қажет, қылшығындағы қан дақтарын жылы суға батырылған щеткалармен тазартып, тарақпен тарайды. Сосын чулактың көмегімен алынған терінің ішін 35°С-дан аспайтын жылу сумен дымқылдайды. 1,5-2 сағаттан соң, су теріге сіңген соң шел жағына аударып, басынан құйыршығына қарай мұқият шелдейді: қабыршықты, өтті, май қалдықтарын алады. Еңді сылау әдісімен жібітуді бастайды. Бұл үшін ылғалды ағаш ұнтағы керек. Терінің барлық жағын ұнтақпен сылап, 12 сағатқа қалдырады. Ұнтақты тазартып, құйрығы мен аяғын буландырады. Әрі қарай теріні қапсырма илгіде шелдейді. Құйрығы мен аяғын ені бойынша созылған күйінде қалдырады. Тұяғын аяғынан кеспейді. Тері шелденгеннен кейін ұзындығы бойынша созып, пикель ертіндісімен буландырады. Пикельдеуді 4 рет жүргізеді. Ертіндіге 20г/л құмырсқа қышқылы мен 80г/л ас тұзы кетеді. Пикельдеу температурасы - 25°С. Бірінші пикельдеуден кейін 6 сағат, қайтадан пикельдегеннен соң бірнеше сағат жатады. Сосын қырқу әдісі бойынша тері басын шелдейді де, екі рет пикельдеуді өткізеді. Одан соң теріні ұзындығы бойынша, ал құйрығы мен аяғын ені бойынша ұрғылайды. Осыдан кейін жағу әдісі бойынша майлайды, ол 3-4 сағатты қажет етеді. Сосын теріні шелін жоғары қаратып кептіреді. Шел мүлдем кеппей, жеңіл ылғалданса, қылшық жағын жоғары қаратып жаяды. Теріні түтікке (трубкаға) орап кептіреді. Бұдан соң теріні шел жағын жоғары қаратады да, тазартуды жүргізеді. Тазартылған теріні қылшығын жоғары қаратып аударады, сілкіп, металды тарақпен тараған жөн.

Құндыз терісін өңдеу. Бұл кезде майсыздандыру операциясына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қолмен майсыздандырғанда әр түрлі құралдардың көмегі жеткіліксіз болып саналады. Теріні міндетті түріне арнайы жуғыш ертінділермен жууға тура келеді. Бұған әр түрлі жуатын ертінділерді қолдана береді. Сұйық көлемі тері салмағынан 8 есе артық, ертінді температурасы 35°С болғаны құрыс. Сосын осы температурадағы таза суда жуылады.

Жуғаннан кейін жас теріні пикельдейді, ал құрғағын жібітуге жібереді. Онда жібіту таза күйде емес, ас тұзының қатысуымен болады. Тұз концентрациясы 20 г/л, сол температурада және майсыздандыруда да 35°С . Жібіту ұзақтығы - 14-16 сағат. Жібіткеннен соң тері пикельдеуден өтеді. Пикельдеу үшін сұйық көлемі жуу мен майсыздандырудағыдай болады Пикельдеуге : 60 г/л ас тұзы, 12 г/л 80%-ды сірке қышқылы, операция ұзақтығы - 10 сағат. Ертінді мен теріні жақсылап араластырып, пикельдеуді құрғауы бойынша анықтайды. Дайын тері тәулік бойы жатады, сосын барып ұрғылауды жүргізеді. Ұрғылау барлық бағытта орындалады: алғашында ұзындығы, сосын ені бойынша. Егер тері қалың шелді болса, тері астындағы майлы қабат пен өзең бөлігін қырқу арқылы алады, бұл үшін өте мұқият қарап қылшық түбірін бүлдірмеуге тырысыңыз. Теріні сосын илеп, 6 сағатқа қалдырады. Одан кейін сығады, ұрғылайды және жағу әдісімен майлайды. Теріні майлағаннан соң қылшығын ішке қаратып бүктеліп 6-8 сағат жатады, сосын температуралық төртіпті қадағалай отырып, кептіреді. Қайтадан 8 сағатқа қалдырады және шелді тегістеу, ұрғылау т.б. да жекеленген операциялармен аяқтайды.



Мерлушка, ешкі, лямка терілерін өңдеу. Мерлушка, ешкі, лямка - қозы терілері. Негізінен оларды пластпен шешеді және престі құрғақ консервілеу әдісін қолданады. Теріні жібіту үшін ас тұзы ертіндісі керек. Барлық дымқылды операциялар үшін сұйық көлемі тері салмағынан 10 есе артық болады, 20 г/л тұз кетеді. Лямканы жібітуде жүнді жабынның жоғары майлылығы үшін 0,5-1 г/л жуатын зат қосады. Жібіту ұзақтығы мерлушка мен ешкі үшін 18-20 сағат, ал лямканы жуатын зат қоспай тұрып, 10 сағаттан екі рет жібіту жүргізеді. Лямканың жүнді жабыны өте майлы болғандықтан, оны мұқият майсыздандыру керек, ол үшін 2-4 г/л жуғыш ертінді қажет. Майсыздандыруға 45 мин уақыт кетеді. Егер терідегі май сығып, жуғаннан кейін кетпесе, онда операция қайталанады. Сосын пикельді-илеу өткізіледі. Пикельді-илеудің жалпы ұзақтығы - 14-16 сағат. Әр 2 сағат сайын теріні мұқият араластырады.

Ешкі мен мерлушкаға қарағанда лямкаға басқа бірнеше ертінділер дайындалады. Темпертурасы 40-42°С суға 45г/л ас тұзы мен 6 г/л сірке қышқылын қосады. Теріні салып, жақсылап араластырып, 4 сағаттан кейін 10 г/л гипосульфит, ал жарты сағаттан соң 0,9 г/л хром оксиді есебімен хромді квасц ертіндісін құяды, сағат сайын араластырып отырады.

Пикельді-илеуден кейін теріні дұрыстап жайып, 10 сағатқа қойып қояды. Кейінірек теріні сығады және қапсырма иілгіде барлық бағыт бойынша алдымен ұзындығын, сосын енін жазып қояды. Жағу әдісі бойынша майлайды да, 50°С дейінгі температурада іледі. Оны алады да 8 сағатқа қалдырады. Сосын дымқыл ұнтақ пен жұқалап ылғалдайды немесе су себеді. Теріні біраз жатқызғаннан кейін қағып, барлық бағыты бойынша созғылайды. Сосын тері тінінің жүнді жабынын құрғақ ұнтақпен сүртеді.

Мехтік қой терісін өңдеу. Қой терісі - бұл қой мен қошқардың биязы және аралас жүнді жабыны, олар әртүрлі қылшық және жүндес тұқымды болады. Биязы жүнді жабыны - қалың, ұзындығы біркелкі, ақ түсті болып келеді. Тері тіні жұқа және борпылдақ, ал жүні май бездерінің салдарынан майлы болады. Жартылай биязы қойлардың жүні азырақ майлы. Аралас жүнді қойлардың жүнді жабыны бір түске боялған, майлылау болады.

Жас малдың терісін өңдеу. Жас мал терісін өңдеу жеңілдеу. Ал үлкен малда, әсіресе, биязы жүнді қой терісін, ұзын жүнді жабындарын өндеу қиынға түседі. Мехтік қой терісін престі құрғақ, құрғақ тұздалған немесе ылғалды тұздау әдісімен консервілейді. Әр түрлі операцияларды жүргізу үшін суды 1:19 қатынасындай қылып алу керек. Жібітудің екі түрін өткізеді. Бірнші құрғақ тұзды немесе престі қүрғақ әдіспен консервіленген қой терісін температурасы 35°С ерітіндіде 20-24 сағат, сосын 0,75 г/л кремнофторлы натрий, 0,5 г/л жуғыш заттарда ұстайды. Жібіту ұзақтығы - 8-10 сағат.

Ылғалды тұздалған шикізатты жібітудің біршама өзгешеліктері бар: температурасы 35°С ерітіндіде, 1 г/л кремнофторлы натрийда. Жібіту ұзақтығы - 4-6 сағат. Қой терісін жібітуден кейін қылшығы бойынша қисық қалыпқа соғады. Келесі операция майсыздандыру да екі түрлі жолмен жүргізіледі. Бірінші майсыздандыру, ертіндісі:3 г/л жуатын зат, 0,5 г/л кальциленген сода, 40%-ды 0,5 г/л формалин. Кальциленген соданы мөлшерімен ерітеді. Майсыздандыруды 43°С температурада, 45 минут үздіксіз араластыру арқылы өткізеді. Сосын қылшығы бойынша қалыпта сығады және осы құралды қолдана отырып, шелдейді. Одан соң екінші майсыздандыруды жүргізеді. Ертіндісі: 0,1 г/л кальциленген сода, 40%-ды 0,5 г/л формалин, 5г/л жуатын зат - биязы жүнді қой үшін, ал жартылай биязы жүнді қой үшін - Зг/л . Осыдан кейін қой терісін түсіріп алып, үздіксіз араластыра отырып сорғытады, сосын екі қайталап жуады. Жібітуден түсіргеннен соң пикельдеп-илеу процестерінің 20 сағаттан аспауын еске сақтаған жөн.

Пикельдеп-илеу үшін 42°С температурадағы суға 40г/л ас тұзын, 2,5г/л күкірт қышқылын қосып араластырады да, теріні салады, сосын биязы жүнді және жартылай биязы жүнді терілер үшін 3 сағат, аралас жүнді терілер үшін 4 сағаттан кейін, 0,3-0,5 ертілген күйдегі кальциленген сода қосып араластырады және 2 г/л гипосульфит пен 2,5 г/л хромды илегіш салады.

Илеу 12-20 сағатқа созылады. Илеудің аяқталғанын тығыздығы мен түсі бойынша білуге болады. Ол жеткілікті тұздалған және жасыл түске боялған болуы тиіс. Майыстырып тартқанда ақ сызықтар пайда болады. Содан соң қайыста барабанның көмегімен ылғалды ұнтақпен ұрғылайды, жүнді жабынын тарап, кептіреді.



Тондық қой терісін өңдеу. Бірінші операциясы – жібіту, престі құрғақ және құрғақ тұзды әдіспен консервіленген қойлар үшін екі рет жібіту қажет. Жұмыстың барлық жағдайында 1 кг теріге 5л сұйықтығы бар ерітіңді кетеді.

Бірінші жібітуге Мынадай заттар қажет: 0,55 г/л жуатын зат, 2г/л кристалды натрий сульфиті, 1 г/л натрий кремнофторы. Жібіту ұзақтығы - 20-24 сағат. Теріні салғаннан кейін 4 сағаттан соң араластырады және әр сағат сайын бір бағытқа араластырған дұрыс. Біріншілік илеуден соң теріні қалыпта жүні бойынша сығады.

Екіншілік илеуге 2г/л жуатын зат, Іг/л натрий кремнофторы, 20г/л кристальды натрий сульфиді қажет. Жібітуді бір бағытта араластыра отырып, 12 сағат аралығында өткізеді. Осыдан кейін теріні сығады, шелдейді, контуры бойынша бахтармасын кеседі.

Егер тері ылғалды тұздау өдісімен консервіленген болса, онда жібітуді екі рет өткізеді. Біріншісін 35°С температурада, 2г/л натрий кремнофторы мен 2г/л натрий сульфиді қатысында 6-8 сағат жібітеді. Екіншісін 35°С температурада, 2г/л жуғыш заттың көмегімен 2-4 сағат жүргізеді. Сосын теріні алдыңғы жағдайдағыдай өңдейді. Шелдеуден соң теріні міндетті түрде майсыздандырған дұрыс. Бұл үшін мынадай дайын ертінді дайындайды: 3 г/л жуғыш зат, 40%-ды 1мл/л формалин және 0,5 г/л калъциленген сода. Операцияны 40-42°С температурада 1 сағат ішінде үнемі араластырып отырып жүргізеді, сосын теріні 40°С-дан төмен емес температурадағы таза сумен 20 минуттан екі қайтара жуады.

Енді 2,4 г/л күкіртпен 2г/л құмырсқа қышқылмен және тек қана күкірт қышқылымен орындалатын пикельді-илеу процесін жүргізуге болады. Екі жағдайда да теріні қышқылмен қоса хром оксиді құрамына байланысты 2,5 г/л хромді илегіш, 40 г/л - ас тұзы бар ертіндіге салады. Ертінді температурасы - 40°С. Бірінші жағдайда - 12 сағат, екінші жағдайда - 8 сағат бір бағытта үнемі араластырып отырады. Осыдан кейін бірінші ингредиенттер қосылады: 1-ге 2 г/л гипосульфит пен 2г/л хромді илегіш. Теріні мұқият араластырады да жарты сағаттан соң 0,25-0,3 г/л кальциленген сода ертіндісін қосады. Процесс басталғаннан кейін 15 сағаттан соң және әр сағат сайын ертіндіге жоғарыдағы мөлшердегідей кальциленген сода қосады. Сосын 18-20 сағатқа созылып, терінің иленген мехтік қой терісінің көрсеткішіндегідей болғанынан білесіз. Дайын теріні 20-24 сағатқа қалдырады, сосын сығады және қалыпта дұрыстап, қолмен және щеткамен жағу әдісімен майлайды. Майланған терінің жүнін ішіне қаратып 4-6 сағатқа қалдырады, сосын барып жақсы желдетіретін қоймаларда кептіреді.

Сосын теріге ылғалды ұнтақ пен суды жеңілдетіп себеді, тағы жатқызады. Тері тіні жұмсарғаннан кейін жүнін тарайды және пемза мен наждак қағазбен тазартады.

Біз айтып кеткендей, қой терісі өте майлы, сондықтан да теріде май ақаулары болу себебі әбден мүмкін. Бұндай жағдайда ертедегі әдісті қолданып, топырақ көмегімен майсыздандырамыз. Бұл үшін топырақты суда ерітеді де майлы жерлерге жағады. Қой терісін қараңғы қоймаларда толығымен кепкенше іліп қояды. Одан соң кепкен топырақты түсіреді және тері тінін тазартады. Егер дақ кетпесе, онда операцияны қайталаймыз.

Жабайы шошқа терісін өндеу. Жабайы шошқа терісін қоян ретінде және интерьерді бөлектеу үшін пайдаланады. Терісін шешу қойдікі сияқты, тері асты қабатының майы қалың болуы қиынға түседі. Терісін шешкеннен соң суытады, бірақ мұздатады. Консервілеу алдында мұқият араластыру керек. Бұл өте көп еңбекті қажет ететін жұмыс, сондықтан мұқият жасаған дұрыс. Егер теріні алмай, теріге тұз себсеңіз, сақтау процесінде қышқылданып, желім тәрізденіп, келесі процестерді қиындата түседі.

Майсызданған шикізатта 100 дм2 ауданға 2-3 кг тұз кететіндей қылып қалыңдап себеді. Осындай жағдайдағы теріні 1-15°С температурада 3-4 тәуліктей ұстайды. Жоғары температураның салдарынан тері ісініп кетеді. Сосын терідегі тұз қабатын алып, жаңадан жағады. Осыдан кейін теріні ұзақ уақыт сақтауға болады. Қысқы уақытта шикізат мұздап кетпес үшін сақтанған жөн.

Шикізатты бүктелген күйінде сақтау кезінде, кейінірек жүннің түсу қаупі төнеді. Теріні өндемес бұрын жібіту қажет. Оның бірнеше әдістері бар:

1-ші әдіс. 45°С температурада мынадай ертіндіні дайындалады: 45г/л ас тұзы, 5г/л кальциленген сода мен 3г/л кір сабын. Жаңа консервіленген теріні үнемі араластырып отырғандағы жібіту ұзақтағы - 2-3 сағат, ұзақ сақталған шикізат үшін -24 сағат. Сосын теріні 1 сағат жатуында да, қалыпта ұрғылайды. Одаң соң тағы да осындай сұйық мөлшерінде жібіту жүргізеді. 32°С температурада келесі ертіндіні дайындайды: 30г/л ас тұзы, 1г/л кальциленген сода, 1 г/л кір сабын, 1 г/л техникалық бұрыш. Екінші жібіту уақыты - 4-тен 12 сағатқа дейін. Осыдан кейін шелдеуді қайталайды. Керекті жағдайда дайын ертіндіде жібітуге дейін өткізеді. Осы оперцияларды орындағаннан соң, температурасы 32°С таза суда 1 сағаттай шаяды, сосын сорғытады. Кейінірек шикізатты бензин немесе скипидармен майсыздандырады. Бұл үшін температурасы 36-38°С сұйықты тері салмағынан 10 есе артық қылып алады. Оның құрамы 10 г/л ас тұзы мен скипидар және 200 мл/ л бензиннен тұрады. Майсыздандыруды ашық ауада 1-1,5 сағаттай жүргізеді. Сосын температурасы 34°С суда жарты сағат жуады.

2-ші әдіс. Жібітуді кәдімгі тұз ерітіндісінде жүргізуге болады. Температурасы 36°С суға 45г/л тұз салады. Тері жағдайына байланысты, процедура ұзақтығы 12-ден 24 сағатқа дейін. Сұйық көлемі біріншідегідей. Бірінші жібітуден соң ұрғылау мен шелдеуді өткізеді. Сосын жаңа құрам дайындайды. Температурасы 36°С суда 3 мл/л 25% нашатыр спирті мен 2г/л жуатын затты ерітеді. Екінші жібіту ұзақтығы - 4-6 сағат. Сосын қайтадан шелдейді, керекті жағдайда жібітуге дейін дайындалған ертіндіде жүргізеді. Осыдан соң майсыздандыруды өткізеді: Температурасы 36°С суға 8 г/л кальциленген сода, 3г/л кір сабын және ОП-10 Зг/л дымқылдандырғыш кетеді. Су көлемі теріден 10 есе жоғары болуы керек. Үнемі араластырып отырғандағы майсыздандыру уақыты - 1 сағат. Сосын теріні сорғытады да, екі қайтара жуады. Бірінші жібіту үшін су көлемі мен температурасы жоғарыдағыдай, онда 1 г/л кальциленген сода, 1г/л кір сабын және 1 г/л ОП-10 ерітеді. Жуу ұзақтығы - 40 минут, 2-ші рет жуғанда су көлемі сондай, бірақ температурасы 32°С суға 2 мг/л, 25% нашатыр спирты қосылады. Жуу ұзақтығы - 30 минут. Сосын 1 сағаттай теріні сорғытады, егер шелденбей қалған жері болса қайта шелдейді.

3-ші әдіс. Су көлемі тері салмағынан 40 есе артық, температурасы 18-20°С суға 30 г/л ас тұзы қосылады. Ұзақтығы 48 сағат, тері шірімес үшін 0,5 г/л хлорлы әктас (суда ертілген) қосады. Сосын теріні сорғытады және шелдейді, осыдан соң екіншілік жібітуді жүргізеді. Бұл үшін сондай көлемдегі, сондай температурадағы суға 30 г/л ас тұзы мен 0,5 г/л хлорлы әктасты ерітеді. Жібіту ұзақтығы - 18-20 сағат.

Теріні 8-10 сағаттан соң жақсылап араластырады. Тері ертінді бетіне шықпауын қадағалап отырған дүрыс. Бұл үшін терінің жүнін жоғары қаратып, үстіне жүк қою керек. Екіншілік жібітуден соң қайта шелдейді. Сосын майсыздаңдырады. Бұған келесі тәсілді қолдануға болады. Тері салмағынан 10 есс артық, температурасы 36°С суға 5 г/л үшнатрийлы фосфат, 3г/л жуатын ұнтақ қосып, шикізатты салады. Осыдан кейін екі рет жуады. Бірінші жуу - температурасы 32°С суға 1г/л үшнатрийлы фосфат пен 1 г/л жуатын ұнтақ қатысында 40 минутта өтеді. 2-ші жуу да сол температурадағы суға 2 мг/л 25% 55г/л нашатыр спирті қатысында болады. Сосын теріні 2 сағат сорғытады, қажет болған жағдайда шелдейді. Егер тері жаңаланған болса, онда жібіту мен майсыздандыруды ұстамауы мүмкін.

Келесі операция - тұздау. Теріні су көлемі тері салмағынан 10 есе артық, температурасы 32°С 60г/л ас тұзы қосылған ертіндіде жарты сағат ұстайды, үнемі араластырып отырады. Сосын 2 мл/л сірке қышқылын немесе 0,5 мл/л күкірт қышқылын қосады. Қышқылды 150 мл/л мөлшердегі нан ашытқысымен алмастыруға болады. Теріні 20-30 минут сайын араластыра отырып, 1,5-2 сағат жұмсартады. Керек жағдайда теріні шелдейді, пикельдеуге сосын бірақ жібереді. Бұл операция жұмсартқыш ертіндіде жүргізіледі. Бірнеше пикельдеу әдістері бар.

1-ші әдіс. Ерітіндіге сірке қышқылынан - 30 мл/л, күкірт қышқылынан 4,5 мл/л қосады. Егер жұқа шелді болса, онда қышқылды азырақ алады. Ертіндіде ұстау уақыты - 48 сағат, әр 6-8 сағат сайын араластырады. Егер тері калың шелді болса, онда пикельдеуді тағы 24-48 сағатқа ұзартады. Біраз жатқан теріні қалыпта ұрғылайды.

2-ші әдіс. Жұмсартқыш ертіндіге 7 мл/л сірке қышқылы мен 3 г/л карбомид қосады. Үнемі араластырғанда 1-ші этаптағы пикельдеу ұзақтығы 3-4 сағат. Бұдан соң ертіндіге екі қайтара сірке қышқылын қосады: 1-ші ретте - 10 мл/л, 2-шіге 8-10 сағатан кейін 8 мл/л. Жалпы пикельдеу ұзақтығы - 30-36 сағат.

3-ші әдіс. Бұған алюмокалийлі ашытқысын пайдаланып, оған 25 г/л пикель ертіндісін қосады. Сонымен қоса 2 г/л кальциленген сода салып, осы ертіңдіде 12 сағат ұстайды. Сосын 2 г/л кальциленген сода құяды да, 36-48 сағат илейді, әр 10 сағат сайын араластырады. Бұдан соң біраз жатқызады, қалыпта ұрғылайды және кептіреді.

Әрі қарай теріні жағу әдісі арқылы сумен ылғалдайды. Керек жағдайда 6-8 сағат жаткан соң тағы да ылғалдайды. Біраз жатқаннан соң теріні мыжғылап, сосын майсыздандырады, бұған топырақ пайдаланады, 2г/л кальциленген сода мен 3 г/л жуғыш ұнтақ ертіндісімен жуады. Екі сағаттық сорғытудан соң майлау және тері мен жүні толығымен кепкенше кептіреді. Сосын теріні тегістеуге және басқа әдіспен майсыздандыруға болады. Бұл үшін тері салмағынан 30 есе арттырып, температурасы 40°С суға 3г/л кальциленген сода, 3 г/л жуғыш ұнтақ қосады да, 1 сағат майсыздандырады. Біраз жатқаннан соң бастапқы көлемдегідей сумен 1-шілік суды бастайды. Бұған Іг/л кальциленген сода және 1 г/л жуғыш ұнтақ қосады. Жуу уақыты - 40 минут. Екіншілік жуу температурасы - 32°С, таза суда 30 минут ішінде жуылады. Біраз жатады да, шелді майлау мен кептіруді жүргізеді. Толығымен кептірілген теріні дымқылдап, 10-12 сағат жабық күйінде жатқызады, сосын мыжғылайды, кептіреді.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет