Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет131/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

«Дәстүріміз бен мәдениетіміз – біздің байлығымыз» жобасы 
Жобаны іске асыру тетіктері: 
Қысқаша сипаттамасы 
Бұл жоба еліміздің тарихи және мәдени мұрасын сақтауға және 
насихаттауға; қазіргі жастардың бойында патриотизм, адамгершілік рухында, 
өз Отаны, халқы мен мәдениеті үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, қазіргі 
жастардың мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері саласындағы тәжірибені, білімді 
беруде сабақтастықты сақтауға жағдай жасау. 
Жоба мыналарды қамтиды: 
1. Демалыс және мереке күндері саябақтарда, демалыс орындарында, 
қаланың әртүрлі аудандарындағы алаңдарда қала тұрғындары мен қала 
қонақтарын (ең алдымен балалар мен жастарды) халықтың дәстүрлері мен 
шығармаларымен таныстыратын ұлттық мерекелер өткізу. Басқа іс-шаралардан 
айырмашылығы басты назар мерекені қызықтауға келген қала тұрғындары мен 


293 
қонақтарды өткізілетін іс-шараларға тікелей қатысуға тарту. Аниматорлар 
қатысушыларды ұлттық костюмдер кигізіп, халық әндері мен билерін үйретеді. 
Балалар ұлттық музыкалық аспаптарында (домбыра, сыбызғы, қобыз) ұлттық 
аспаптард ұстап көреді, ойнауға тырысады; халықтық жұмбақтарды шешеді, 
мақал-мәтелдер мен қарасөздерді айтып жарысады, оларды есте сақтайды; түрлі 
ұлттық ойындарды ойнайды және халық ертегілерінің қойылымдарына 
қатысады. Сонымен қатар, ұлттық мерекеде қатысушылар оның тарихы мен 
дәстүрлері туралы біледі. 
2. Фестиваль-конкурстар өткізу 
Балалардың би шығармашылық ұжымдары және ұлттық би 
шығармашылығына қызығушылық танытатын балалардың қатысуымен 
өткізіледі. 
3. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты балаларға, жасөспірімдерге, 
жастарға дәстүрлі халықтық ойыншықтарды және саздан, ағаштан жасалған 
басқа да бұйымдарды дайындау бойынша, сурет салу өнері бойынша, кесте 
тігу, тоқу, және киім тігу, алаша, сырмақ жасау сондай-ақ басқа да ұлттық 
қолөнер негіздерін зерделеу бойынша тегін сабақтар ұйымдастыру және өткізу. 
Ұлттық мерекелер мен ұлттық өнер фестивальдерін өткізу барысында 
дайындалған бұйымдардың көрмелерін және шеберлік сыныптарын 
ұйымдастыру. 
4. Балаларды халық шығармашылығына тарту және ұлттық мерекелерге 
қатысу үшін ата-аналармен өзара ынтымақтастық орнату жобаның өте маңызды 
бөлігі. Ұлттық салт-дәстүрлер, құндылықтар мен ұлттық мәдениетті жас 
ұрпаққа беруде негізгі проблемаларының бірі – ата-аналардың осы 
процестердің маңыздылығы мен қажеттілігін түсінбеуі. Ата-аналардың 
көпшілігі балаларын тәрбиелеуде ұлттық дәстүрден басқа заманауи 
практикалық дағдылар мен ғылымдарды үйренуге көңіл бөлсек болғаны деп 
ұлттық құндылықтарға баса назар аудармайды. Көптеген балалар 
ойыншықтармен ойнауды, қолөнер жасауды, моториканы дамытуды білмейді, 
оның орнына виртуалды әлемге енеді. Демек, осыдан физиологиялық– сөйлеуі, 
қиялы, ойлауы және моторикасының дамуында проблемалар туындайды; 
психологиялық – қоғамда қарым-қатынас орната алмау, өз іс-әрекеттері үшін 
жауапкершілікті сезінбеу, отбасылық қатынастардың нашарлауы және 
бұзылуы; медициналық – жүрек-тамыр ауруларының қаупі туындайды. 
4. Ұлттың тарихи және мәдени мұрасын насихаттау үшін жергілікті билік 
органдарымен өзара әрекеттесу. 
Мақсаты: 
Ұлттың тарихи және мәдени мұрасын насихаттау; халықтық қолөнер мен 
қолөнерді қоса алғанда, ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтау; қазіргі жастарды 
патриотизм, адамгершілік, өз Отаны, халқы мен мәдениеті үшін мақтаныш 
сезімін тәрбиелеу. 
Қазіргі жастарға ата-бабамыздың тәжірибесін, білімін, мәдениеті мен 
дәстүрлерін, құндылықтарын беруде сабақтастық орнату. 
Міндеттері: 
Қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын сақтау және дамыту. 


294 
Халық арасында ұлттық салт-дәстүрлерді, мәдениетті және әдет-
ғұрыптарды кеңінен тарату үшін жағдай жасау. 
Ата-аналардың қызығушылығын қалыптастыру және балаларын ұлттық 
өнер мен қолөнерге үйрету, мәдени дәстүрлер мен ата-бабаларының 
тәжірибесін, ұлттық құндылықтарын зерттеу қажеттілігін түсіну. 
Ұлттық қолөнер мен ұлттық өнерді дамыту арқылы тұлғаны дамыту және 
түзету. 
Көпұлтты мемлекет ретінде өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлеріне 
толерантты көзқарасты дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет