Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет139/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
10. Ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптарды сақтауда ата-аналармен, 
мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс 
1. «Бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптар» (нысаны, әдісі,
бағыты және жұмыс мазмұны) семинар өткізу;
2. «Салт-дәстүр білгірі» отбасылық ата-аналар сайыстары; 
3. «Келіндер сайысы», «Әжелер сайысы» бағдарламасын әзірлеу; 
4. «Қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері» дөңгелек
үстел өткізу; 
5. «Қазақ ұлтының даналық ойлары» тәжірибелік сабақ; 
6. «Ұмыт болып бара жатқан ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптар» тренинг 
өткізу;
7. Мектепте «Ұлттық педагогика» әдістемелік бұрышын әзірлеу; 
8. «Игі істер мектебі» волонтерлік қозғалысын құру. 
9. «Қазақстан халқы ассамблеясы – ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптар»
қоғамдық форумын өткізу. 
Мектепте педагогтердің педагогикаылық іс-әрекет барысында кәсіби
ұлттық, тұлғалық құндылықтарының дамуы және мұғалімнің өзін-өзі бағалау 
әдіснамасы 
Құндылық – бұл құбылыстардың қасиеттері, адамның психологиялық 
сипаттамалары, адам немесе қоғам үшін оң және теріс мәндерді білдіретін 
қоғамдық өмір құбылыстары [42]. 
Кәсіби құндылықтар білім берудің ажырамас бөлігі және олар 
мұғалімдердің оқыту процесіндегі іс-әрекеті мен оқушылармен өзара 
әрекеттесуінде көрініс табады. Білім алушылар күнделікті уақытының көп
Олар: 
- құндылықтар туралы ойлану, іс жүзінде олардың нені білдіретінін,
мағынасын түсіну және оларды өзін-өзі бағалау мен болашақ кәсіптік білім 
беруді жоспарлаудың маңызды бөлігі ретінде қарастыру. 
- Құндылықтар туралы ойлана отырып, төмендегі екі маңызды
сұраққа көңіл аудару: 
1) мен кәсіби маман ретінде кіммін? 
2) неліктен мен осылай ойлаймын немесе әрекет етемін? 
Өзін-өзі бағалауда іс-әрекет барысында құндылықтарды анықтау үшін 
көптеген тәсілдерді пайдалануға болады. Дегенмен, кейбір нақты бағыттар мен 
сұрақтарды анықтауда пайдалы тұстарын назарға аудару керек. 
Өзін-өзі бағалау құралы 


308 
Құндылықтардың әрқайсысын алып және кәсіби жинақтаған тәжірибеге 
байланысты бірнеше рефлексивті сұрақтар қоюға болады. «Өзін-өзі бағалау 
шеңбері» әдісін пайдалану құндылықтар туралы түсінуді қолдаудың пайдалы 
құралы. 
Өзін-өзі бағалау 
Құндылықтарға қатысты кеңестер мен ұсыныстар өзін-өзі бағалаудың 
ерекшеліктеріне назар аударуға, кәсіби жаңару процесінің ажырамас бөлігін 
қамтамасыз етуге көмектеседі. 
Кәсіби жаңару процесіне қатысу аясында адамдар контекстке сәйкес 
келетін кәсіби стандарттарды қолдана отырып, өзін-өзі бағалауды жүргізуі 
керек. 
Педагогикалық құндылықтар – бұл педагогикалық қызметті реттейтін 
және білім беру саласындағы қалыптасқан әлеуметтік дүниетаным мен 
мұғалімнің қызметі арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет ететін 
танымдық жүйе ретінде әрекет ететін нормалар. Олар, басқа құндылықтар 
сияқты, тарихи түрде қалыптасады және педагогикалық ғылымда белгілі бір 
бейнелер мен идеялар түрінде қоғамдық сананың нысаны ретінде қалыптасады. 
Педагогикалық құндылықтарды игеру педагогикалық іс-әрекет процесінде 
жүзеге асырылады, оның барысында олардың субъективтілігі жүреді. Бұл 
педагогикалық құндылықтардың субъективтілік деңгейі, бұл мұғалімнің жеке 
және кәсіби дамуының көрсеткіші [43]. 
Өзін-өзі бағалау әр түрлі формада болуы мүмкін және кәсіби оқытудың 
түрлі кезеңдерінде орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, ол ақпарат беруге 
көмектесетін 
бірқатар 
дереккөздерді 
қамтиды. 
Стандарттар 
негізгі 
бағдарлардың бірі болып табылады, бірақ басқа да дереккөздер өзін-өзі 
бағалаудың бір бөлігі болуы мүмкін, мысалы, кәсіби маманның жеке 
туындылары немесе мектеп/ бөлім/ ұйымды жақсарту жоспарлары т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет