Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет130/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
7. Ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптар қазақ ұлтының рухани мәдениетінің 
компоненті ретінде 
1. Ұлттық дәстүрлер мен ғұрыпқа негізделген заманауи хабарламаларды
әзірлеу және күнделікті өмірде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білімді 
кеңейту мақсатында жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік өнер, айтыс т.б. қолдану;
2. «Айтыс өнері» байқауын ұйымдастыру; 
3. БАҚ және әлеуметтік желілерде тақырыптық парақшалар құру, салт- 
дәстүр челленджін ұйымдастыру; (Dastur челленджі, «Dastur» мобильді 
қосымшасын енгізу); 
4. «Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» эссе
жазу; 
5. «Asyk party», «Domdyra party», «Baursak party», этномузыка кештерін, 
ұлттық би кештерін заманауи форматта, галерея, этно-сән қойылымдарын 
ұйымдастыру. 
8. Ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптарды сақтауда ата-аналармен, 
мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс 
1. «Бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптар» (нысаны, әдісі,
бағыты және жұмыс мазмұны) семинар өткізу;
2. «Қазақстан халқы ассамблеясы – ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптар»
қоғамдық форумын өткізу; 
3. «Ата-баба дәстүрі» балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық
телебағдарламалар құру; 
4. Наурыз мерекесін тойлауға байланысты: 
- «Тепе-теңдік» күні; 
- «Ұлттық тағамдар» күні; 
- «Ұлттық өнер» күндері; 
- «Ұлттық ойын» күндері (ұлттық ойындарды жаңғырту, қазақ жеріндегі
ежелгі және орта ғасырдағы ойындар); 
- «Ұлттық өнерді жаңғырту»; 
- «Құт-береке» күні; 
- «Табиғатпен адамның тіл табысу»; 
- «Қазан көтеру» рәсімі; 
- «Ұлттық караоке, күйшілер тартысы, айтыс, жыр-термелер»; 
- «Аңыз әлемінде» таетрландырылған қойылым; 
- «Наурыз бата»; 
- «Наурыз дәстүрлері», 
- «Наурыздың табиғи нышандары», 
- Қара өлең, ғұрыптық сарындар (жарапазан, сыңсу, көрісу), қиса, дастан,
термелер.


290 
Атадан балаға мирас болған бұл өнер түрлері қазіргі кезде сахналық
форматқа ауысып кетті. Оның негізгі себебінің бірі – күнделікті тіршілікке 
байланысты тұрмыс-салт дәстүрлерінің жойылуы. Соған сәйкес қара өлең, 
жарапазан, сыңсу, көрісу т.б сияқты ғұрыптық, фольклорлық жанрлар жоғалып, 
қиса, дастан, терме т.б жанрлар оны орындаушылар мен тыңдаушылар аз 
болғандықтан, өз-өзінен ұмыт болып барады.
Жалпыұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрлерімізді 
сақтап, күнделікті өмірде шынайы қолданатындай дәрежеге жеткізу аға ұрпақ, 
біздердің міндетіміз, ата-бабадан аманат болып қалған дәстүрлерімізге қиянат 
жасамай, ұрпағымыздың бойына сіңіріп жеткізуге тиіспіз. 
 
Аудандық / қалалық білім бөлімі деңгейінде ұлттық дәстүр мен 
ғұрыптарды насихаттауды іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 
Мектепте, мектеп жасына дейінгі мекемелерде және отбасында 
балаларды ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке 
тәрбиелеу мәселесін зерттеуді өзектендіру келесі тұжырымға негізделеді: 
- қазіргі қоғамда жалпыұлттық құндылықтарды, оның ішінде
ұлттық, отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта қарастыру; 
- баланың іс-әрекеті, мінез-құлқы, адамгершілік сезімдері, көзқарасы
мен тәжірибесі қоғамдық және отбасылық дәстүрлердің әсерінен қалыптастыру; 
- балалардың адамгершілік тәрбиесінде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
қолданудың тиімді жолдары; 
- алынған нәтижелерді жан-жақты зерделеу және педагогтер мен ата- 
аналарды, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен кәсіби мамандарды
қаруландыру; 
- сондай-ақ отбасылық дәстүрлерді одан әрі жетілдіру және ата-
аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру қажет. 
Отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұлттық педагогиканың 
ажырамас бөлігі бола отырып, ерте жастан бастап балаларды адамгершілікке 
тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. 
- Тәрбие процесінде үздіксіз дамудың шарты болып табылатын
ұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз ету;
Сабақтастықтың көрінісі әртүрлі және көп қырлы. Ол жалпы тұрақты
стереотиптік мінез-құлықты, ойлау тәсілінің ұқсастығын және белгілі бір 
сипаттамалық белгілерді сақтауға ықпал ететін отбасылық және әлеуметтік 
дәстүрлер тұрғысынан көрінуі мүмкін. Мұның бәрі балалық шақ деп аталатын 
жадтың қалыптасуына ықпал етеді, өйткені адамның жеке басының негіздері 
отбасында мектепке дейінгі жаста қалыптасады. 
Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мазмұнының ерекшеліктерін 
талдауда мынадай сипаттамаларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1) жоғары нәтижелілік, гуманистік және демократиялық бағыттылық; 
2) өзін-өзі дамыту, тәрбиенің барлық міндеттерін жүзеге асыру, жеке 
тұлғаны тұтас процесс ретінде қалыптастыру;


291 
3) педагогикалық мәдениеттің негізгі компоненттерінің көрінісі: 
үлкендерге құрметпен және сыйласымдықпен қарау, қонақжайлылық, 
қарапайымдылық, адалдық, мейірімділік, бейбітшілік, еңбексүйгіштік, 
балаларға, анаға, туған жерге деген махаббат;
4) халықтың көпғасырлық тәжірибе барысында 5-7 жасқа дейінгі баланың 
неғұрлым қарқынды өсіп келе жатқанын эмпирикалық жолмен дамуы, жалпы 
алғанда жеке адамның қарқынды әлеуметтенуі;
5) ұлттық фольклорді, әсіресе, адамгершілік, еңбек тәрбиесіндегі 
ертегілерді, мақал-мәтелдерді дәстүрлі пайдалануды жандандыру; 
6) тәрбиенің ұжымдық сипаты, отбасының барлық мүшелерінің – тәрбие 
күштерін біріктіруге, ұрпақтар арасындағы ынтымақтастық пен сабақтастыққа 
ықпал ететін балалардың, ата-аналардың, ата-әжелердің, ата-бабалардың, 
туыстардың, ел-жұрттың, ауылдың қатысуы; 
Халықтың мәдени шығармашылығының өніміне енетін дәстүрлер мен 
әдет-ғұрыптар үнемі дамып, өзгеріп отырады және ол мыналарды қамтамасыз 
етеді:
а) отбасында және қоғамда тәрбие тәжірибесін мұра етудегі сабақтастық; 
б) балалардың тәрбиесі мен дамуына әсер етудің жаңа нұсқаларын, 
жолдары мен құралдарын үнемі іздеу;
в) халықтың нақты қолданыстағы шығармашылығы, салт-дәстүрлері. 
г) ата-бабаны сыйлау – отбасында әжелер, аталар, ата-аналар, ана мен 
әкені сыйлау дәстүрін сақтау.
Ата-бабаларымыз табиғатпен байланыса отырып, түрлі ою-өрнектің 
композицияларын жасады. Табиғатты қызықтай отырып, адам ондағы шексіз 
көптеген қызықты, таңғажайып өрнектер мен түрлі-түсті реңкті байқаған. Ою-
өрнектің әр түрін таңдау, оның ішінде түс шешімін анықтау халық 
шеберлерінің шығармашылық жұмысы болып табылады. Ою-өрнектің түсі 
шебердің қиялымен, оның көркем талғамымен, сенімімен байланысты. 
Қазақтар фон таңдауға үлкен мән беріп, барлық өрнектің бейнесін әсем 
безендіре білген. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде ғимаратты 
ұлттық ою-өрнекпен безендіру, оқушылардың мектеп формасын ұлттық 
нақышта әшекейлеу арқылы олардың бойында ұлттық құндылықтарымызды 
дарыту;
Өнердегі шығармашылық бастаманың қалыптасуы мен дамуы, тұлғаның 
шығармашылық әлеуетінің жүзеге асуы көркемдік-эстетикалық мәдениеттің 
туындыда көрініс табуымен ерекшеленеді. Сәндік-қолданбалы өнер 
туындылары шығармашылық қиялдың қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. 
Ал ол өз кезегінде дамудың жоғары сатысына жеткен шағында адам қызметінің 
және танымының кез-келген саласында – тұрмыста да, саясатта да, ғылымда да 
және тікелей еңбекте жүзеге асырылатын жалпыға бірдей адами қабілеттің 
туындауына әкеледі. Ата-бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болуы, 
ауа райын болжап, табиғаттың тылсым күштерімен сырласуы олардың 
қолданған заттарынан көрініс тапқаны белгілі. Осыған сәйкес:
- «Жер» тақырыбындағы зергерлік бұйымдар;
- «От» тақырыбындағы зергерлік бұйымдар;


292 
- «Су» тақырыбындағы зергерлік бұйымдардан байқай аламыз.
Қазақ сәндік-қолданбалы өнеріндегі шеберлерінің жаңа буынының 
жұмыстарының маңызды идеясы – табиғи бастаудың қуатын жасампаз және 
берекелі күш ретінде көрсетуге ұмтылу, таудың, судың, өмірдің қайнар көзі 
саналатын аспан шырақтарының құдіреті алдында бас ию. Табиғат қазақ халқы 
үшін әрқашан жанды және тіршілік қайнар көзі болғандықтан, табиғи бейнелер 
дәстүрлі мәдениеттің ерекшеліктерін көрсетеді. 
- Дәстүрлі мәдениет тарихи түрде этностың рухани бірегейлігін
анықтайтын, қоғамның бірігуін қамтамасыз ететін, өткеннің тәжірибесін 
ұлттық-мәдени сәйкестендіруге ықпал етуге мүмкіндік беретін ескірмейтін 
идеяларды, нормалар мен құндылықтарды сақтау; 
- Ежелгі көшпелілердің символдық-таңбалық жүйесіндегі дәстүрлі
мәдениет шеберлерінің тәжірибесін, Ұлы дала өнерінің құндылығын арттыру 
басымдылығын қайта жаңғырту мен трансформациялау қазіргі әлемде 
дәстүрлерді өзектендіруді жүзеге асыру; 
- Қазіргі заманғы мәдениетте, дәстүр өткеннің қазіргі заманға ықпалымен
ғана емес, сонымен қатар қазіргі шеберлердің шығармашылық ізденістерімен 
құралады, оның барысында мұраның өзекті бейнелі-метафорикалық және 
көркемдік-идеялық әлеуеті ашылады. Өткенге көз жүгірту, халық өнерін 
әлемдік мәдениеттің ең ұлы құндылығы ретінде қабылдау, Қазақстанның 
сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жаңашылдықтарын дәріптеу; 
- Қолданбалы-сәндік өнердің қолданбалы рөлінен экология және тұрақты
даму мәселелері сияқты маңызды әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге 
бағытталған туындыларды жасаудағы миссиясына көзқарастарды бағдарлау; 
- Отандық зергерлер ХVIII-XIX ғасырлар арасындағы зергерлік өнерге
сүйене отрып, осы заманға сай әшекейлер ойлап табуда. Білезік, сырға-
сақиналарды безендіру кезінде дәстүрлі ою-өрнектерді қолдана отырып, әр 
зергер өзінің тапқырлығына байланысты, ой-қиялын жетілдіру;
- Жастар мен жасөспірімдердің зергерлік бұйымдарға деген
қызығушылығын арттыру [41].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет