479
гуманитарлық сипатқа ие болуда. Оқытуды
нәтижелі еңбекпен ұштастыру
идеясы ұмытылып барады: оқушылар бригадалары, құрылыс отрядтары,
өндірістік бөлімшелер және оқушылардың еңбек бірлестіктерінің басқа түрлері
бүгінгі күні жұмыс істемейді. Білім берудің оқу-материалдық базасына қолдау
көрсетілмейді. Қазіргі кезде білім беру үдерісіндегі басты екпін оқушылардың
жеке қабілеттерін дамытуға, олардың қажеттіліктері мен бейімділіктеріне
сәйкес
сараланып
білім
беруді
кеңейтуге,
тереңдетіп
оқытатын
мамандандырылған мектептер мен сыныптар желісін,
орта білім деңгейінің
ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сай болуын қамтамасыз ететін әр
түрлі пәндердің дамытуға бағытталған.
Сондықтан, қазір, бұрын-соңды болмаған, мектеп оқушыларын жалпы
еңбекке даярлау мәселелері маңызды болып тұр, өйткені оқушының білімі,
біліктілігі, мақсаты, тілегі және ұмтылысына
тек өзінің ғана емес,
республиканың болашағы да байланысты болады.
Мектептегі еңбек тәрбиесі бойынша «Оқушылардың еңбек тәрбиесі
туралы қағидасын» (бұдан әрі - Қағида) белгіледі ұсынамыз. Қағиданың
құрылымына төмендегі ережелер кіруі мүмкін:
1. Жалпы ережелер
1. Мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы жұмысы оқу жоспарына
сәйкес ұйымдастырылады.
2. Оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысы - қазіргі білім беру
жағдайында оқушылардың жеке және кәсіби дамуына ықпал ететін оқу
процесінің ажырамас бөлігі.
Оның негізгі міндеттері:
• еңбекке деген саналы қажеттілікті қалыптастыру;
• еңбек адамдарына құрмет көрсету;
•
табиғатқа деген қамқорлық, оған құрметпен қарау;
• ұжымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
• еңбек және өндірістік тәртіпті тәрбиелеу;
• жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру;
• еңбекке баулу дағдылары мен іскерлігін, еңбекке баулу процесінде
алған білімдерін бекіту;
•
жалпы білім беру дайындығы;
• мектеп аумағын абаттандыруға барлық мүмкіндігінше көмек көрсету;
• мектеп ғимаратында тазалық пен тәртіпті қалпына келтіру үшін өзіне-өзі
қызмет ету, сыныптар, мектеп алаңдарын таза ұстау.
3. Қоғамдық пайдалы еңбек V - XI сынып оқушыларын еңбекке оқыту
мен тәрбиелеудің қолданбалы бағытын күшейтеді. Еңбек сабағын ұйымдастыру
үшін:
V - VII сыныптарда - 2 сағат,
VIII - IX сыныптар - 3 сағат;
X және XI сыныптар - аптасына 4 сағат бөлінеді.
4. Оқу жылы бойы оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысы
ұйымдастырылады. Жұмыстар аптасына бір реттен артық емес мерзімде жүзеге
асырылады:
480
5-9 сынып оқушылары үшін - 40 минуттан аспайды,
10-11 сынып оқушылары үшін - 60 минуттан аспайды.
5-11 сыныптарда әлеуметтік жұмысты сынып жетекшісі ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: