61
отбасыларының саны көбейіп кеткені, онда әке рөлі бала үшін тек арман болып
қала беруі қазіргі қоғамдағы қынжылтатын жағдай.
Көптеген отбасылардағы, сондай-ақ балабақшадағы,
мектептегі тәрбие
тек «әйел адамның ісі» болып, қазір баланы тәрбиелеуде ананың рөлі шешуші
болатын жүйе қалыптасты. Бұл жағдайдың көптеген себептерін атауға болады,
бірақ адамның әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік бейтараптылығының
жоғалуы азаматты
қ, ата-ана, неке жауапкершілігінің әлсіреуіне әкеліп соқты
және әлеуметтік және демографиялық мәселелер туғызды. Қоғамда кейбір
әкелер бала тәрбиесіне қатысуды тоқтатты, балалар үшін жауапкершіліктен бас
тартты. Нәтижесінде балалар толық емес
отбасыларда өседі немесе
қиындықтармен күресуді білмейтін (ішімдік, нашақорлық, құмар ойындар және
т.б.) әуесқой әлсіз әкені көреді. Ал әкенің рөлін жоқ отбасында, әке тәрбиесін
дұрыс қабылдамаған ер мінезі қалыптаспаған балалар өседі.
Сондықтан әке өзінің бала тәрбиесіне де жауапты екенін түсінуі керек,
яғни ол әке ретінде өзін шыңдап, білімін кеңейту керек. Әке балаға
психологиялық және педагогикалық ықпал ету дағдыларын игеруі және жоғары
моральдік, құзыретті, табанды және демократиялық болуы керек. Әке
отбасындағы тұлғалық мінез-құлықтың үлгісі, сенімділік пен беделдің қайнар
көзі,
талап пен
тәртіптің бейнесі екенін түсінуі керек. Әке балаға адам
еңбегімен жасалған ой әлемін, әлемдік құбылыстар, заң мен тәртіп, саяхат және
қызықты оқиғаларды ұсынады. Балаға дамудың барлық кезеңдерінде әке қажет,
әсіресе бес жастан кейін әке махаббатына, оның билігі мен басшылығына
мұқтаж бола бастайды. Қазақта «Балаңды бес жасқа дейін төбеңе көтер, он бес
жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сырлас»
деген
аталы сөздің тәрбиелік мәні зор.
Әке
балада
ұстамдылық,
сабырлы,
салмақты,
оптимистік,
орындаушылық, жауапкершілік сияқты қасиеттердің дамуына әсер етеді. Әкесі
тәрбиелесіне белсенді араласқан балалар тәуелсіз, эмоционалды тұрақты болып
өседі, жақын адамдарынан жыраққа кеткенде немесе ұжымда бейімделу кезінде
депрессияға ұшырамайды [47].
Толыққанды даму үшін әр баланың рөлдік үлгісі, әкесімен достық қарым-
қатынасы, әкесінің мақұлдауы, әкесімен жеке әңгімелесу уақыты болуы керек.
Бала қорғау қажеттілігі мен жауапкершілік
сияқты шынайы ер-мінезді
қасиеттерге ие болады.
Қыз балаға әкесімен достық қарым-қатынас қажет, өйткені әкесі қызының
іс-әрекеттерін, қабілеттерін, сыртқы келбетін мақұлдайтынын білдіріп, өзін-өзі
оң бағалауды қалыптастыруға ықпал етеді. Әкесімен күнделікті қарым-қатынас
оны ерлер психологиясын түсінуге үйретеді, бұл болашақта ер адамдармен
сындарлы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі [48].
Жақсы әкенің қасиеттері – бейтаныс құбылысты,
заттарды, тәжірибені
түсіндіруге деген ықылас пен шыдамдылық, сәтті іс-әрекетті мадақтау, баламен
бірлескен іс-әрекетке қатысу, әрқашан қызығушылықпен балалардың дамуын
бақылау. Әрбір әке балаларының болашағы – олардың тәрбиеге қатысуына
байланысты екенін түсінуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: