62
«Әже мектебі»
Ұрпақ тәрбиесінде әжелер мектебінің орны бөлек. Әжелер образы қазақ
халқының салт-дәстүрімен, тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. Бесікке салу,
бесік жырын айту, шілдехана секілді салт-дәстүрге әже тікелей қатысты болған.
Қазақ қоғамында
әулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс жолға салуда,
балаларды жастайынан адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде ақ жаулықты
«әжелер мектебінің» алар орны қашан да биік болған. Әжелер – барлық
тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрды. Әже өнегесі – ұрпақтан-ұр-
паққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі
болып саналады. Бұл – ұлттық болмысымызға тән қасиет әрі құндылық.
Бесіктен тамыр тартқан тәрбие келе-келе әже мен немере арасындағы
көзге көрінбейтін нәзік бір байланысқа, екеуі жазбай түсінетін ортақ
психологияның қалыптасуына алып келген. Обал, сауап, ынсап, парыз, аманат,
борыш, қанағат секілді
ұғымдар маңызының айқындалып, бала санасына
тереңнен сіңуіне де әже ықпалының айрықша болғаны да айдан анық. Яғни
әрбір отбасындағы әже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы. Қазақ қоғамының сүт
бетіндегі қаймағындай болған азаматтарының, тарих парағына есімі өшпестей
етіп жазылған тұлғалардың қалыптасуында да әжелердің сіңірген еңбегі зор
болған.
Ақылды, зейінді, мейірімді, ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола
білген Зере әже Абайдың бойына барлық асылды беріп, өнеге мен білімді
жастайынан сусындатады. Абайдың данышпандығы Зере әжесінің тәрбиесінен
бастау алған. Зере әженің ұлағатты әңгімелері арқылы немерелерінің бойына
ақылдылық
пен зеректікті, адалдылық пен парасаттылықты, көрегендік пен
мінездегі ұстамдылықты сіңіріп отырды.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» тарауында:
«Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен.
Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады.
...Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы»,
«Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті
көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана
ынтыға тыңдайтын. Зере ел шабысын әңгіме еткенде, сол істердің бәрін ел ба-
сына әлек салған, ұлардай шулатқан кесел күндей айтатын. Кішк
ентай күнінен
ертек-әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті көп есітіп,
көп біліп алған
сияқты», - деп келетін жолдар бала Абайдың дана Абайға айналуына әсер еткен
мысалдың бірі десек те болады.
Б.Момышұлы «Зере мен Ұлжан Абайдың емес, бүкіл халықтың анасы.
Аналық сезімі мол, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып
ақиқат көрсетілген» деп, - жоғары баға берген.
Шоқанның әжесі Айғаным Сарғалдаққызы үш жүзге бірдей аты тараған,
көркіне ақылы сай, білімді, парасатты әйел болған. Әрі жасөспірім Шоқанның
өз құралпыластарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің
асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткен де – Айғаным әжесі.
Ә.Марғұланның «Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы
болған» деп, - баға береді.
63
Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» повесінде әлем тарихы,
жаратылыс
шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы,
әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық
тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен
есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ
жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді.
Мұхтардың әжесі Дінәсілдің де ұрпағына берген тәлім-тәрбиесі мен
рухани мұрасы таусылмас қазына.
Әжелер туралы жазылған өлеңдер көп. Әнге айналғандары қаншама?!
Мәдениет пен әдет-ғұрыпты
жастардың бойына сіңіріп, оларға тарихымызды
танытып, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды үйретіп, үлкен үлгі, өнеге
көрсететін де – әжелеріміз. Дана халқымыз үлкендерге құрмет көрсетіп,
қарттарын төріне отырғызып, олардың айтқан ақылына, өсиетіне құлақ асып,
үлгі тұтқан.
Қазақ отбасында әжелердің орны ерекше әрі қадірлі болған. Әже –
отбасының ғана емес,
әулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың ауыз
біршілігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің
тәрбиешісі әрі ақылгөйі атанған. Өз балаларын бағып-қағып азамат етіп
тәрбиелеген соң, немере-шөберенің тәрбиесімен айналысып, оларды
қызғыштай қорып, бар мейірімін төгеді. Ел тарихында бір рулы елге ана болып,
ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің
бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Әже –
отбасының
ғана емес, әулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың бірлігін, абысынның татулығын
сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жас келіндердің тәрбиешісі әрі ақылшысы.
Сондықтан да қазақ қоғамында тұңғыш немерені әженің бауырына салады. Бұл
тек біздің халыққа ғана тән қасиет. Сөйтіп, бала ата-әженің кенжесі саналған.
Ал, бүгін, жан-дүниемізбен батыстан келіп жеткен «сыртқы күштердің»
әсерінен мына заманда отбасылық рухани құндылықтан ажырап, яғни әжелер
салған ізгі жолдан жаңылысып, адасып бара жатқандай, болашақ ұрпақ
тәрбиесіне алаңдаушылық тудырады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз
мәнінде жүзеге асуының түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да
заңды. Бұл
ұлағатты сөз кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт-
дәстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға
деген шынайы тазалыққа үйретері һәм имани нұрға жетелері хақ. Осыдан-ақ,
«Әжелер мектебі» – бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол деп
санаймыз [49].
«Отбасы – орта мектеп» тәрбие жобасының әдіснамалық негіздері
Қазақстан
Республикасының
нормативтік
базасына,
педагогиканың,
этнопедагогиканың,
психологияның,
этнопсихологияның,
отбасылық
психологияның, әлеуметтанудың қазіргі заманғы ғылыми тәсілдері мен
әдістеріне негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: