Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы


Буккроссинг процесі «оқу – басқаға беру» принципіне негізделген  қарапайым әрекеттен тұрады



Pdf көрінісі
бет58/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
Буккроссинг процесі «оқу – басқаға беру» принципіне негізделген 
қарапайым әрекеттен тұрады. 
 
Отбасын жаңа негізгі ағымға – буккроссингке жасауға ықпал ету, 
мысалы, балаға өзінің оқу орнында, белгілі бір жерде осындай платформаның 
негізін қалау 
шы болуды ұсынады. 
Мектепте «Оқуға құштар бала» конкурсын ұйымдастыру. 
Мақсаты:
оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыр, 
болашаққа деген сенімді көзқарастарын қалыптастыру. 
Міндеттері:
- отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту; 
- отбасында оқу мәдениетін арттыру; 
- оқушыларды балалар әдебиетін тұрақты оқуға және мектеп 
кітапханасына баруға тарту; 
- білім алушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін 
дамыту. 
«Оқуға құштар бала – бақытты отбасы; бақытты отбасы ол – гүлденген 
қоғам»; «Оқуға құштар мектеп – табысты метеп» ұстанымдарын мектеп пен 
отбасында жүзеге асыру. Осы мақсатта отбасы мен мектепте іс-шаралар 
ұйымдастыу. 
 
 


120 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы білім беру міндеттерін 
және білім алушының даму бағдарламасын анықтауды, сондай-ақ осы 
міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруды қамтиды. Ата-аналардың зияткерлік және 
материалдық деңгейінің айырмашылығына, олардың отбасындағы және 
мектептегі балаларды тәрбиелеуге деген ұстанымына байланысты мұғалімдер 
мен сынып жетекшісі қызметінің негізі отбасымен қарым-қатынас орнатуда 
сараланған тәсіл болуы керек. Осы мақсатта балаларды тәрбиелей отырып, 
отбасымен және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке нысандары 
қолданылады: тәжірибе алмасу бойынша конференциялар, тренингтер, ең 
табыстысы ата-аналардың шеберлік сыныптары, пікірталастар, сұрақтар мен 
жауаптар кештері, мұғалімдермен, психологтермен, мектеп әкімшілігімен 
кездесулер, ата-аналар жиналыстары, сондай-ақ ата-аналар мен балаларды 
қатыстыра отырып іс-шаралар ұйымдастыру. 
Бүгінде білім алушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасы мен 
мектептің өзара ынтымақтастығының жаңа тәжірибесі қажет. 
Ата-аналардың мәдени капиталының деңгейін арттыру мақсатында 
жалпы білім беру ұйымдарында психологтердің, заңгерлердің, медицина 
қызметкерлерінің және басқа да мамандардың, ата-аналардың онлайн-
қауымдастығының қатысуымен ата-аналар үшін курстар, онлайн-тренингтер 
құру ұсынылады. Білім алушылар арасында «Оқуға құштарлықты» 
қалыптастыру мақсатында демалыс күндері отбасы клубтарында отбасылық 
оқуды тәжірибеге енгізу. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 
қорытындысы бойынша табысты отбасылардың тәжірибесін кеңінен 
насихаттау. Білім беру жүйесі мен ата-аналар жұртшылығының алдына жаңа 
міндеттер қойылуы тиіс: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық 
сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары контексінде жеке тұлға және субъект 
ретінде, жеке тұлға және даралық ретінде өсіп келе жатқан тұлғаның даму 
процесін басқаруды білдіретін мақсатты тәрбиені жүзеге асыру. 
Әлемдік білім беру кеңістігінде баланың жеке басына бет бұру – тәрбие 
мазмұнын жаңартудың негізгі бағыты. Ол адамның өзін-өзі бағалауы мен 
әлеуметтік беделінің негізін құруды қарастырады. Дамушы мектептің түлегі 
өзін-өзі дамытып, дамушы қоғамда өмір сүруге дайын және қоғамды дамыта 
білуі керек. Бүгінгі таңда ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтап келген 
жалпыұлттық, 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарымызды 
дәріптеп, 
оны 
отбасылық дәстүрлерде өскелең ұрпаққа бере отырып, жаңғыртуымыз керек.
Өйткені ұлт болашағы – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ұлттық 
сананы қалыптастыратын, тілі мен ділін, дінін сақтайтын, дені сау, салауатты, 
білімді, жан-жақты дамыған тұлғаның қолында. 
Сондықтан күнделікті өмірде тәрбие әдістері арқылы салт-дәстүрлерді 
сақтап, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді 
жалғастырып, дамытып отыру міндеттіміз. 


121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет