Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет79/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

№ 
Тақырыптар 

Білім алушылар арасында «Мен кітап оқығанды ұнатамын» 
сауалнамасын өткізу… 

«Біз балалық шақта ... оқыдық», «Сіз нені оқығанды ұнатасыз», 
«Бүгінгі таңдағы ең қызықты кітап» атты ата-аналар арасында шағын 
сауалнама жүргізу 

Отбасылық оқу үшін «Отбасымен бірге оқимыз» айдарымен оқитын 
әдебиеттер тізімінен дайындау

«Менің алтын сөрем» атты дөңгелек үстел жұмысы (ата-аналардың 
бала кезіндегі сүйікті кітаптары, біздің балалар қазір не оқиды?) 

Әдеби мереке 

«Оқуға кеңес береміз» виртуалды байқауы. Білім алушылар және 
олардың ата-аналары мектеп сайтына оқуға кеңес беретін көркем 
немесе танымал ғылыми кітаптың тұсаукесерін орналастырады

Поэзия кеші 

Оқырмандар конференциясы 

«Бірге оқимыз» (дәріс) 
 
Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері үшін 
1) Бастауыш білім беру деңгейінде: 
 
Кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыруда ойын әдістері 
де маңызды рөл атқарады. Мысалы, жазушы-ақындардың шығармаларын 
оқығанда келесі әдістерді қолдануға болады: 
- «поэтикалық эстафета»: ересек адам алғашқы жолдарды айтады, ал 
балалар (немесе бір бала) өлеңді жалғастырады; 
- «көңілді рифма»: өлеңдер оқылады, бала сөзді болжайтын жерде үзіліс 
жасалады. 
 
Мектепке дейінгі балалардың және бастауыш білім беру 
деңгейіндегі білім алушылардың бойында оқуға деген сүйіспеншілікті 
қалыптастыру үшін: 

жазушының 
немесе 
ақынның 
шығармашылығына 
арналған 
ертеңгіліктер, ертегі кештерін, жұмбақтар кештерін; 
- тәрбиешінің/мұғалімнің балалар арасындағы кітап оқуы; 
- халық және жеке авторлардың ертегілері апталығы; 
- кітап көрмелерін немесе кітап бұрышын; 
- балалар мен ата-аналардың ертегілер жазуын және оқуын; 
- «Баланың өміріндегі оқу», «Баланы өз бетінше оқуға қалай үйретуге 
болады?», «Кітапқа деген қызығушылықты қалай оятуға болады?» және т.б. 
тақырыптардағы ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру қажет. 
 
Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға арналған 
«Ертегілерді өзіміз құрастырамыз», «Алдымен не, содан кейін не?», 
«Кейіпкерлер адасып қалды» тәрізді дидактикалық ойындар, ертегі пазлдарын, 


182 
лотолар, фольклорлық және авторлық туындыларға негізделген доминолар 
құрастыруға болады. 
 
Бастауыш 
сынып 
білім 
алушыларының 
оқуға 
деген 
қызығушылығын, оқу сауаттылығын қалыптастыру, яғни әріптерді үйрету 
барысында, біріншіден, әріптердің суреті салынған үлеспе қағаздарды, кубик, 
магнитті әліппе, түрлі плакаттар мен жапсырма қағаздарды қолдануға болады.
Екіншіден, ата-аналарының балаларымен бірге қағазға, тақтаға, жерге 
әріптің суретін салуы әріптерді жылдам жаттауға көмектеседі. 
Үшіншіден, үйде кездесетін ұсақ заттардан (мысалы, түймелерден) 
әріптер құрастыру, әріптерді жаттауға ғана емес, ұсақ моториканы дамытуға да 
көмектеседі. 
 
Ескерілуі тиіс ең негізгі ереже – алфавитті бір әріптен үйрету керек. 
 
Баланы қинап, күштеп әріп үйренуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Ол 
баланың қызығушылығы мен ниетіне кері әсер етеді және нәтижесінде балаға 
әріптерді жаттау ауыр соғады. 
 
Саналы оқу дағдыларын сәтті игеру үшін мұғалім сыныпта белгілі 
бір жұмыс режимін, яғни: 
1) оқу жаттығуларының күнделікті болуын; 
2) оқуға арналған мәтіндерді іріктеудің кездейсоқ болмауын, балалардың 
психологиялық ерекшеліктері мен мәтіндердің әдеби ерекшеліктерінің 
ескерілуін; 
3) қате оқудың алдын алу бойынша жұмыстың жүйелі жүргізілуін; 
4) оқу барысында жіберілген қателерді түзету жұмысында мақсатты 
жүйенің қолданылуын; 
5) сыбырлап оқу, оқылатынды дыбыссыз артикуляциялау, «дыбыссыз 
оқу» (іштен оқу) тәрізді оқудың бірнеше сатысын болжайтын іштен оқуға 
үйретуді арнайы ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс. 
 
Оқу пәндеріндегі берілетін мәтінді, тапсырманы, жаттығуды
ережені және т.б. оқу үшін дұрыс және мағынасын түсініп оқу, сондықтан оны 
қалыптастырғанда дұрыс оқу (дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіру, буындар 
құрауы, буындардан сөз құрау);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет