Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет84/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Тұжырымдамалық оқудың мақсаты – автордың тақырыпқа немесе 
құбылысқа қатынасын түсіну және осы көзқарасқа әсер ететін факторларды 
анықтау болып табылады. 
Кітап оқуға үйретудің айту, қабылдау және түсіну тәрізді үш құрамдас 
бөлігі негізінен сауаттылыққа үйретудің буындап оқу кезеңінде бір-бірінен 
бөлшектенеді. 
Синтетикалық оқудың мақсаты – автордың осы мәтінде қандай міндеттер 
қойғанын және оларды қалай шешкенін анықтау болып табылады. 


192 
Бұл кезеңде бала сөздерді толық оқып бастайды және оқу кезінде 
интонацияның болуы синтетикалық кезеңге өтудің басты белгісі болып 
табылады. Негізінен бұл бастауыш мектепте оқудың екінші жылында болады. 
Бұл кезеңде балалардың оқылған шығармаға өзіндік эмоционалды 
көзқарасы, мұғалімнің қосымша сұрақтарынсыз өз әсерлерімен бөлісу, 
оқығанын өз бетінше талқылау ниеттері болады. 
Жүзеге асыру тәсілдері: 
- міндетті түрде күнделікті кітап оқу жаттығулары; 
- жеке, мәтіндерді баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып 
таңдау; 
- балалардың оқу барысында жіберген қателіктерінің алдын алу және 
оларды түзету бойынша мұғалімнің жүйелі жұмысы [14]. 
Ішінен (сыбырлап, дыбыссыз) оқу бойынша арнайы ұйымдастырылған 
жұмысты үшінші сыныптан бастауға болады, өйткені бұл көру анализаторына 
мүлдем басқаша берілетін ақпарат.
Сонымен қатар, мұғалім көрнекі қабылдауды жақсартатын арнайы 
жаттығуларды қолдануы, артикуляциялық аппаратты дамыту, тыныс алуды 
реттеу тәрізді дұрыс және жылдам оқуға әсер ететін жұмыстарды да жүргізуі 
тиіс. 
 
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері келесідей болып бөлінеді: 
1-кезең. Оқуға дейінгі мәтінмен жұмыс. 
Мәтіннің мағыналық, тақырыптық, эмоционалды бағыты, шығарманың 
атауына, автордың аты, негізгі сөздері, мәтінге берілген суреттер бойынша 
оның кейіпкерлерін анықтауды, мәтіннің мазмұнын болжауды, алдын ала 
анықтауды қамтиды. 
Білім алушы өзінің болжамдарын тексеру үшін мәтінді өз бетінше оқып 
шығуға деген ықыласы пайда болады, нәтижесінде оның оқырмандық 
қызығушылығы артады. Мысалы, келесідей тапсырмалар қолдануға болады: 
шығарманың атауымен жұмыс, яғни атауы бойынша шығарманың мазмұнын 
болжау; автордың атымен байланысты ассоциацияларды қолдану (Балалар, 
шығарманың авторының атына назар аударыңдаршы. Сендерге оның аты таныс 
па? Бұл автордың шығармаларын бұрын кездестірген бе едіңдер? Бұл автор не 
туралы жазатынын білесіңдер ме? және т.б.) [19]. 
2-кезең. Оқу барысындағы мәтінмен жүргізілетін жұмыс. 
1) Мәтінді бастапқы оқу. Мәтіннің ерекшеліктеріне, білім алушылардың 
жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сыныпта өз бетінше оқу немесе оқу-
тыңдау немесе аралас оқу (мұғалімнің таңдауы бойынша). Бастапқы 
қабылдауды анықтау. Білім алушылардың бастапқы болжамдарының оқылған 
мәтіннің мазмұнымен, эмоционалды-сезімдік қабылдауларымен сәйкестігін 
анықтау. 
2) Мәтінді қайта оқу. Бүкіл мәтінді немесе оның жеке бөліктерін баяу, 
«ойланып» қайта оқу. 
3) Мәтінді талдау (әдістер: мәтін арқылы автормен диалог, түсініктеме 
беріп оқу, оқылған бойынша әңгімелесу, негізгі сөздерді, сөйлемдерді


193 
абзацтарды, мағыналық бөліктерді және т.б. бөлу). Әр мағыналық бөлікке 
нақтылау сұрақтарын қою. 
4) Мәтіннің мазмұны туралы әңгімелесу. Оқуды жалпылау. Мәтінге 
жалпылама сұрақтар қою. Қажет болған жағдайда мәтіннің жеке 
фрагменттеріне жүгіну.
5) Мәнерлеп оқу.
Мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп 
жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын
әуенін сақтап оқу. 
3-кезең. Оқудан кейінгі мәтінмен жұмыс. 
1) Мәтін бойынша тұжырымдамалық (мағыналық) әңгімелесу. Оқығанды 
ұжымдық 
талқылау, 
пікірталас. 
Шығарманы 
оқырмандық 
интерпретациялаудың (түсіндірудің, бағалаудың) авторлық ұстаныммен 
арақатынасы. Мәтіннің негізгі идеясын немесе оның негізгі мағыналарының 
жиынтығын анықтау және тұжырымдау. 
2) Жазушымен танысу. Жазушы туралы әңгіме. Жазушының тұлғасы 
туралы әңгіме. Оқулық материалдарымен, қосымша дереккөздермен жұмыс. 
3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет