Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет89/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Ата-аналар үшін 
 
«Қазіргі замандағы отбасылық кітап оқу дәстүрі», «Кітап оқитын 
әке», «Кітап оқитын ана», «Ең кітап оқитын отбасы», «Кітап оқитын 
жолдастар» кітап оқу фестивалін өткізу. 
 
Отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастырудың әдістемелік 
шарттары: 
- оқуға іріктеліп алынған шығармалар көркем әдеби, яғни балаға да, 
ересектерге де бірдей қызықты болуы тиіс. Сонымен қатар, бұл 
шығармалардың мектеп жасындағы балаларға арналуы міндетті емес; 
- егер отбасы мүшелері шығарманы дауыстап оқимыз деп шешсе, онда 
шығарманың көлемі онша үлкен болмауы тиіс, шығарма көлемі біртіндеп 
ұлғайтылады, нәтижесінде бірнеше күн қатарынан оқитын шығармаларға 
ауысуға болады; 

оқу үшін таңдалған әдеби шығарманы оқу мәнері тым 
театрландырылған, әртістік ойын тәрізді болмауы тиіс. Орфоэпиялық 
нормаларды сақтап оқу маңызды болып табылады; 
- оқу барысында балалардың көңіл-күйіне (бәрі түсінікті ме, қызыға ма, 
жоқ па, шаршаған жоқ па) назар аудару қажет. Егер шығарма балаға ұнамаса, 
онда оның таңдауы бойынша басқа кітап оқуға ауысу қажет; 
- оқу барысында шығарма желісі бойынша сұрақтар қою арқылы баланы 
диалогке тарту қажет, бұл автордың ойын бағалауға мүмкіндік береді; 
- қарапайым оқудың ең басты және маңызды ережесі – баланы тыңдаудан 
жалықтырмай оқуды дер кезінде тоқтату; 
- баламен бірге оқитын ата-аналардың оқып-үйрену іштей немесе 


205 
дауыстап оқуға арналған күнделік. Күнделікте келесі бағандар болуы мүмкін: 
нөмір, шығарманың атау және автордың аты, оқылған беттер саны, оқу түрі 
(дауыстап және өздігімен), ата-ананың қолы. (Негізінен бастауыш сыныптарда 
қолданылады) [10]. 
● Отбасылық кітап оқу клубтарын құру: жас отбасы клубтары, болашақ 
әке-шешелерге арналған лекторий, ата-аналар мен балаларға арналған дамыту 
клубтары. 
Отбасылық оқырмандар клубының мақсаты – білім алушылар мен 
олардың ата-аналарының бірлескен оқу мен шығармашылыққа деген 
қызығушылықтарын ояту. 
Міндеттері: кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; ақпараттық 
мәдениетті тәрбиелеу; кітапқа тартудың стандартты емес түрлерін енгізу; оқу 
процесіндегі отбасының рөлін арттыру. 
Клуб жұмысының бағыттары келесідей болуы мүмкін: кітаптарды 
жөндеу; библиографиялық білім негіздері; оқу залындағы сабақтар; дауыстап 
оқу академиясы; шығармашылық жұмыс; ақпараттық желімен жұмыс; ата-
аналармен бірлескен сабақтар. 
Жұмыс формалары: отбасылық оқу жобаларын қорғау; оқу жоспарларын 
құру; суреттер, қолөнер көрмесі; аудио жазбалар тыңдау; біздің балалық 
шағымыздың кітаптары; отбасының сүйікті кітабы; біздің үй кітапханасы.
● «Балалар нені және қалай оқуы керек!», «Кітап оқитын ата-ана – кітап 
оқитын бала» ата-аналар сауаттылығы сағаттарын өткізу; «Отбасының кітап 
оқитын баланы қалыптастыруға ықпал ететін рухани климатын құру», «Ата-
аналарға арналған жадынама» әзірлеу (6-қосымша). 
● Кітап оқитын отбасының «Ең кітап оқитын отбасы» конкурсына 
қатысуын ұйымдастыру. Ереже әзірлеу. 
● Ата-аналарға арналған «Үйдегі кітапханамдағы кітаптар» балалар 
кітаптарымен таныстырылымы; буккроссинг «Үйдегі кітапхана». 
● Ата-аналар мен балалардың мәдениет мекемелеріндегі әдеби іс-шаралар 
мен спектакльдерге бірге баруы. 
● Отбасылық әдебиет демалысы күндерін өткізу. 
● «Отбасы күні: отбасымыздың өміріндегі кітап» мерекесін өткізу. 
● «Менің отбасым кітап оқиды» кітап оқу марафонын өткізу. 
Марафонға қатысушылар балалардың жас ерекшелігіне қарай бірнеше 
топқа бөлінуі және марафон ұзақ мерзімді (бірнеше ай) болуы мүмкін. Отбасы 
мүшелері балалар мен жасөспірімдердің оқу аясына кіретін кітаптарды оқиды 
және оқылған кітаптар туралы ақпаратты марафон сайтында орналастырады. 
Ақпарат тек марафон басталғаннан бері (мысалы, 01 маусымнан) бұрын емес, 
кітаптар туралы болуы маңызды. 
Әрбір жақсы пікір үшін қосымша балл беріледі. Қатысушылардың 
пікірлері кітап марафоны сайтында орналастырылады және оларды кез-келген 
адам оқи алады. 
Марафон модераторлары балалар мен жасөспірімдер оқуының шеңберіне 
кірмейтін кітаптарға пікірлерді (16+ жас белгісі) және дұрыс құрастырылмаған 


206 
пікірлерді, оның ішінде қатысушылардың плагиат пікірлерін жою құқығы 
барын ескеру қажет. 
Марафон аяқталғаннан кейін өз қашықтығын соңына дейін «жүгірген» 
әрбір қатысушы марапатталады [23].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет