211
3. Сұраққа дұрыс жауап берген қатысушы лоттың сатып алушысы болып
саналады, жүлде алады.
Аукционның кезеңдері:
1-лот. «Есімдер».
Абай Құнанбаевтың айналасындағы есімдер (отбасы, туыстары, достары,
әріптестері, жаулары…). Мысалы, әкесі – Құнанбай, атасы – Өскенбай, шешесі
– Ұлжан ...
2-лот. «Фактілер».
«Ақын өмірбаянының фактілері (даталар, оқиғалар, кездесулер…).
Мысалы, 1845 жылы тамыз айында дүниеге келген.
Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыды.
«Кім екен деп келіп ем түйе қуған...» өлеңін 10 жасында жазған.
3-лот. «Шығармалар».
«Абайдың шығармашылығы» (Абай
Құнанбаевтың шығармаларының
атаулары).
Поэтикалық марафон – шағын алаңда белгілі бір ақынның
поэзиясын бірнеше оқырманның кезектесіп мәнерлеп оқып шығуы.
Қатысушылар білім алушылар,
педагогтар, ата-аналар, жергілікті
ақындар, кітапханашылар және т.б.
Өткізілу түрі: поэтикалық оқулар (музыкалық және би номерлері қосуға
болады). Іс-шара бір ақынның шығармашылығына
немесе оқырмандардың
өздері шығарған өлеңдерін оқуға арналуы мүмкін.
Кітап оқу арқылы білім алушылардың білім алуға қызығушылығын
арттыратын түрлі шаралар кешенін ұйымдастыру:
Іс-шараның басталуынан бұрын кітапханашы кітапханадағы кітаптарға
қысқаша шолу жасауын ұйымдастыруға болады.
Өлеңді оқуға берілетін уақытты алдын ала анықталады.
Оқырман бенефисі – бұл іс-шара үздік
оқырманның құрметіне
арналған іс-шара. Оқырманның сүйікті кітаптарының кітап көрмесін алдын ала
ұйымдастыруға болады. Үздік оқырман міндетті түрде сыныптың/көпшіліктің
алдында өзі туралы және оқыған кітаптары туралы айтады.
Іс-шараны мереке түрінде дайындауға болады, онда оқырманға құрмет
көрсетіледі, ол музыкалық нөмірлермен ойын бағдарламасымен бірге жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: