208
Білім алушыларға өз ойларынан әңгіме немесе ертегі жазу және өз
жұмыстарын қызықты да тартымды етіп рәсімдеу ұсынылады.
Тапсырманы
орындау үшін бір ай уақыт беріледі.
Дайындықтан кейін балалар өз
жұмыстарын бүкіл сыныпқа ұсынады, ал тыңдаушылар бір-бірінің
шығармаларында ең ұнаған жерлері туралы айтады. Сонымен қатар әңгіменің
немесе ертегінің рәсімделуінің бірегейлігі бағаланады.
Білім
алушылар қиялын, шығармашылық
қабілеттерін, сондай-ақ
көпшілік алдында ұялмай сөйлеу қабілеттерін көрсетеді.
Сыныптан тыс іс-шарадан кейін мұғалім білім алушылармен бірге
өздеріне ұнайтын шығарманы кез келген уақытта қайта оқып шығуы үшін
өздерінің «үй» кітапханасын ұйымдастырады.
Бұл сыныптан тыс іс-шара білім алушылардың кітапқа деген
эмоционалды-құндылықты
қатынасын
арттыруға,
жанрлық
айырмашылықтарды түсінуге, оқырмандық тәуелсіздігі
мен оқырмандық ой-
өрісін кеңейтуге бағытталған.
«Ертегілер әлемінде» атты іс-шара
Сыныптан тыс іс-шара ерекше түрде
өткізіледі, онда сынып ертегі
әлеміне, ал балалар ертегі кейіпкерлеріне айналады. Сыныпты бірнеше топқа
бөлуге болады. Әр бала өзінің қай топта болатынын таңдай алады және бұл іс-
шараға немен келетінін де өзі белгілейді. Сынып сағаты кітаптар және ертегілер
көрмесімен танысудан басталады. Білім алушылар үйлерінен әкелген өздерінің
кітаптарын ұсынады.
«Ертегіні тап» сайысын ұсынуға болады. Мұғалім ертегіден үзінділер
оқиды, ал балалар ертегінің авторы мен атауын айтулары тиіс. Жеңімпазға
түрлі-түсті жетон (түрлі-түсті қағаздан қиылған шеңбер) беруге болады.
Әр топ алдын ала дайындалған және талқыланған өз ертегісін көрсетеді,
ал «көрермендер» оның атауын дұрыс айтулары тиіс. Дұрыс жауап үшін
балалар жетон алады. Көп жетон жинаған топ жеңімпаз аталады. Бұдан кейін
балалар шығармашылық жұмыс орындайды.
Әр топтың алдында үлкен қағаз парағы, түрлі-түсті қарындаштар, борлар,
фломастерлер бар. Балалар ертегі кейіпкерлері пайда болатын өздерінің «ертегі
алаңқайын» салады.
Білім
алушылар барлығы бірігіп, бір-біріне көмектесіп жұмыс істейді.
Содан кейін топтар өз жұмыстарын көрсетеді және әр бала өзі бейнелеген
кейіпкер туралы әңгімелейді. Ұжымдық жұмыс әр балаға эмоционалды
қобалжу арқылы өзін-өзі көрсету тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Бірлескен
эмоционалдық қобалжу балаларды біріктіреді, тұлғаралық қарым-қатынасты
дамытудың негізі қызметін атқарады.
Ұсынылған сыныптан тыс іс-шара білім алушылардың кітапқа деген
эмоционалды-құндылықты
қатынасын
арттыруға,
жанрлық
айырмашылықтарды түсінуге, оқырмандық тәуелсіздігі мен оқырмандық ой-
өрісін кеңейтуге бағытталған.
Дереккөз:
http://elar.uspu.ru/bitstream/uspu/10020/2/10Kaduhina.pdf
209
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінді
«Бабалар Үні» акциясы. Мақсаты: эпостық жырларды насихаттау.
Ауызша шығарылып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған көркем-әдеби
туындылар, яғни қазақ халқының ауыз әдебиеті эпостарындағы оқиғалар ел,
халық өмірінен алынған,
негізінен батырлықты, ерлікті дәріптеу арқылы
жастарды елін-жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейлі, сонымен қатар махаббат
тақырыбын және өмірде болған нақты оқиғаларды да жырлайды. Білім
алушылардың қазақ халқының ауыз әдебиетін
оқуға деген қызығушылығын
тудыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар «Бабалар Үні», «Батырлар
жыры – ұрпаққа мұра», «Тұлпар мініп ту алған» атауларымен жүзеге асырылуы
мүмкін.
Аталған іс-шаралардың мақсаты: халық ауыз әдебиеті мұраларының
мәуелі бәйтерегі болып табылатын эпос жырларды насихаттау.
Іс-шараға қамтылатын аудитория: 5-11 сынып білім алушылары, ата-
аналар, педагогтер.
Іс-шара түрлері: эпостық жырларды мәнерлеп оқу сайысы; эпостар желісі
бойынша сурет салу конкурсы; ортақ шешіммен бір эпосты таңдап үзілістерде,
сынып сағаттарында рольдерге бөліп дауыстап оқу; бір эпос желісімен шағын
көрсетілім әзірлеу.
Оқуға ұсынылатын эпостар:
Батырлық жырлар: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар
батыр», «Көлұғлы», «Ер Тарғын», «Құбығұл» және т.б.
Ғашықтық жырлар: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-
Шолпан», «Мақпал қыз», «Сұлушаш», «Есім сері-Зылиқа» т.б.
Эпостарды насихаттау мақсатында мектеп дәліздерінде, мектеп сайтында,
әлеуметтік желілерде шағын жарнамалық ақпараттар орналастыруға болады.
Мысалы, Құбығұл эпосы, Айман-Шолпан жыры.
Эпос Уәли ханның және оның ұлы Құбығұл батырдың хиқаялары туралы
баяндайды. Батырдың балалық шағы, шын махаббатын тапқан кезі,
ханның
кәрілігі туралы әңгімелейді.
Құбығұл – өмірді сүйетін батыр. Жігіт жасынан бостандыққа, саяхатқа
ұмтылады. Жасы жеткенде ғажайып орманды аралап қызға ғашық болады.
«Айман-Шолпан» – лиро-эпостық жыры.
Жыр оқиғасы, 19 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің
әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын сипаттайды. Айман – ел
тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді қыз.
«Бабалар Үні» акциясына орай 2016 жылы «ҚазАқпарат» баспа
корпорациясының баспаханасынан «Ұлы даланың дара тұлғалары» атты ортақ
айдармен «Қазақ хандары», «Қазақ би-шешендері», «Қазақ батырлары», «Қазақ
тарихындағы әйелдер» атты танымдық жинақтар
жарық көргенін айта кету
қажет. Бұл жинақтарда – осынау тарих көшінде қазақ топырағында өз
заманының биік тұлғасы болып қалыптасқан ұлағатты адамдардың өмір-
тарихын қамтитын, қысқаша мәліметтер берілген.
Қазақ хандары: танымдық жинақ /Құраст. Талас Омарбеков/. – Алматы,
«Айғаным» баспа үйі, 2016. – 148 б.
210
Қазақ би-шешендері: танымдық жинақ /Құраст. Серікқазы Қорабай/. –
Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016. – 204 б.
Қазақ батырлары: танымдық жинақ /Құраст. Серікқазы Қорабай/. –
Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016. – 148 б.
Қазақ тарихындағы әйелдер: танымдық жинақ /Құраст. Серікқазы
Қорабай/. – Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016. – 148 б. [24].
Дереккөз:
http://blog.karlib.kz/kz/node/1091
Достарыңызбен бөлісу: