Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет85/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Тақырыптың атауымен, суреттермен жұмыс. Тақырыптың 
мағынасын талқылау. Білім алушылардың дайын суреттерге жүгінулері. 
Суретшінің көзқарасын оқырман көзқарасымен байланыстыруы. 
4) Білім алушылардың оқу іс-әрекетінің кез-келген саласына негізделген 
шығармашылық тапсырмалар (көркемдік форма бойынша қиялдау, мазмұнды 
түсіну). 
Мағыналық оқылым мәтінді оқу мақсатын түсіну; оқу түрін оның 
мақсатына (қалай? қалайша?) қарай таңдай білу; негізгі және қосалқы 
ақпаратты анықтау білігі; әр түрлі стильдегі мәтіндерде еркін бағдарлану және 
қабылдау мүмкіндігі; мәтіннен алынған ақпаратты дұрыс бағалау мүмкіндігі 
тәрізді бөліктерден тұратын әмбебап оқу әрекеті кешенін білдіреді. 
 
Мағыналық оқуды дамытудың әдістемелік тәсілдерін «Жіңішке» 
және «жуан» сұрақтар»; «Мәтінге сұрақтар құрастыру»; «Оқимыз және 
сұраймыз»; «Қысқаша жазба жасау»; «Қос жазбалар күнделігі»; «Таңбалап оқу. 
Инсерт»; «Блум түймедағы»; «Қысқа және күрделі сұрақтарды қабылдау»; 
«Дұрыс және дұрыс емес пікірлер»; «Кідіріс жасап оқу»; «Білемін. Білгім 
келеді. Қолымнан келеді кестесі»; «Болжау ағашы» деп аталатын тәсілдер 
түрінде жүргізуге болады [14]. 
«Жіңішке» және «жуан» сұрақтар» тәсілі. 
Бұл типтегі сұрақтар сабақ барысында пайда болады. «Жіңішке» сұрақтар 
– қарапайым, қысқа жауапты, «жуан» сұрақтар – толық, егжей-тегжейлі 
жауапты қажет ететін сұрақтар. Бұл тәсіл сұрақ құрастыру және ұғымдарды 
өзара байланыстыру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тақырыпты 
оқып болғаннан кейін білім алушыларға өтілген материалға байланысты үш 
«жіңішке» және үш «жуан» сұрақ құрастыру ұсынылады. Содан кейін олар 
«жіңішке» және «жуан» сұрақтар кестесін пайдаланып бір-бірімен 
сұхбаттасады. 
«Жіңішке» сұрақтар 
«Жуан» сұрақтар 


194 
Кім? 
Не? 
Қашан? 
Келісесің бе? 
Дұрыс па? Неге екенін түсіндір? 
Неліктен олай ойлайсың? 
Айырмашылығы неде деп ойлайсың? 
Ұқсастықтары неде деп ойлайсың? 
Ұқсастығына 3 дәлел келтір 
 
«Қысқаша жазба жасау» тәсілін қолдану барысында білім 
алушылардың бойында оқу мәтінін мақсатты түрде оқу, проблемалық сұрақтар 
қою, топта пікірталас жүргізу қабілеті қалыптасады. 
 
«Мәтінге сұрақтар құрастыру» тәсілін қолдану барысында білім 
алушылар мәтінде берілген ақпаратты талдайды, мәтіндегі сөйлемдер бойынша 
сұрақтар құрастырады, құрастырылған сұрақтарға жауап біру үшін мәтінді 
және басқа да қосымша деректерді пайдаланады, мәтінде пайдаланылмаған 
деректер қалады. 
Бұл тәсіл басылым деректерімен өздігінше жұмыс істеу, сұрақтар 
құрастыру, жұпта жұмыс істеу білігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
 «Әр түрлі сұрақтар қоюды үйренеміз» – «Блум түймедағы» тәсілі. 
Түймедағының алты күлшесі – алты түрлі сұрақтар.
Қарапайым сұрақтарға жауап беру барысында қандай да бір фактілерді 
айту, қажетті ақпаратты еске түсіру қажет, яғни мәтін туралы білімді тексереді. 
Жауап мәтінде қамтылған ақпараттың қысқа және дәл көшірмесі болуы керек. 
Мысалы: Басты кейіпкердің аты кім? Жайық өзені қайда құяды? 
Нақтылау сұрақтары мәтінді түсіну деңгейіне шығарады. Бұл «иә» – 
«жоқ» жауаптарын талап ететін және мәтіндік ақпараттың шынайылығын 
тексеретін ойландыратын сұрақтар, мысалы «бұл рас па...», «Егер мен дұрыс 
түсінсем, онда...». 
Мұндай сұрақтар пікірталас дағдыларын қалыптастыруға айтарлықтай 
үлес қосады. Дұрыс және әсірелемей, нақты сұрақ қоюға үйрету керек. 
 
Мағынаны пайымдау (түсіндірме) сұрақтар мәтіндік ақпаратты 
талдау үшін қолданылады. Кейбір жағдайларда сұрақтың бұл түрі ақтауға 
мәжбүрлеу ретінде теріс қабылдануы да мүмкін. Олар негізінен «неліктен?» 
деген сұрақтан басталады және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауға 
бағытталады. Мысалы, «Ағаштардың жапырақтары неліктен күзде сарғаяды?». 
Мұндай сұрақтың жауабы мәтінде дайын түрде болмауы маңызды, әйтпесе ол 
қарапайым санатқа енеді, сонымен қатар бала сұрақтың жауабын білетін болса 
да қарапайым санатқа енеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет