214
Қарағанды облысының картасына Әулиетау (Ақмешіт),
Едіге тауы,
Алтын Шоқы, Бектау ата тауы және үңгірі және олардың арасындағы жол мен
жол бойында кездесетін елді мекендер белгіленеді.
Бірінші аялдаманы «Қарағанды облысының әдеби өмірі» деп атауға және
облыстың ақын-жазушыларымен таныстырып өтуге болады.
Екінші аялдама Әулиетау (Ақмешіт) – Ұлытаудың ең биік шыңы
(Ақмешіт үңгірі туралы аңыз-әңгімелерді оқу).
Үшінші аялдама – Едіге тауы туралы аңыз.
Төртінші аялдама – Алтын Шоқы Ұлытау жотасында Әмір Темір (1336 –
1405) белгі қалдырған тау.
Бесінші аялдама – Бектау ата. «Жерұйықты» іздеп, жаһанды кезген Асан
Қайғының аңызы.
Осы жерде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі»
айдарымен шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-
дастандары туралы айтып, таныстырылым жасауға болады.
«Әдеби караоке» – бұл музыкалық сүйемелдеумен өтетін мәнерлеп
оқу байқауы.
Мақсаты – білім алушылардың
поэзияға деген қызығушылығын,
сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шараға қамтылатын аудитория: білім алушылар, ата-аналар, педагогтер
(білім
алушылардың
жас
ерекшеліктеріне
байланысты
жеке-жеке
ұйымдастыруға болады).
Караокедегі тәрізді – музыка ойнайды, ал қатысушылар өлең оқиды.
Бұл іс-шараны ақынның туған күніне, атаулы датаға негіздеп немесе
әдебиет пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес өткізуге болады.
Өлеңді мәнерлеп оқушы оқитын өлеңін қай музыкамен оқитынын алдын-
ала білмейді, ол әуеннің ырғағына келтіріп оқуға тырысуы тиіс,
сонда ғана
поэзияның әдеби-музыкалық ғажайып орындалуы жүзеге асады. Музыкаға
классикалық әуендермен қатар қазіргі кездің әуендерін де алуға болады.
Әдеби мұражай – кез-келген сирек кездесетін фактілер, әдебиет
саласындағы мәліметтер (сирек кездесетін әдеби фактілер) туралы баяндайтын
іс-шара. Әр түрлі әдеби жанрларға арналуы мүмкін. Мысалы,
поэтикалық
мұражай.
Достарыңызбен бөлісу: