Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет95/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
 
Шешілген және шешілмеген құпиялар кеші (Біздің айналамыздағы 
құпиялар»). 
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың назарын ғылыми 
жаңалықтарға, шешілмеген мәселелерге, әлемнің әртүрлі құбылыстарына 
аударту. 
Іс-шараға қамтылатын аудитория: жоғары сынып білім алушылары, ата-
аналар, педагогтер. 


215 
Гипотезалар, нұсқалар, білімнің медицина, жаратылыстану ғылымдары, 
психология, тарих тәрізді әртүрлі салаларындағы ашылулар, телекинез, 
телепортация, полтергеист және т. б. 
Тақырыптар: «Гипноз: мүмкіндіктері, құпиясы», «Атлантиданың 
құпиясы: Аңыз ба? Шындық па?», «Тунгус метеоритінің құпиясы», 
«Дельфиндер – теңіз жұмбағы», «2030 жылға қарайғы жасанды интеллект – 
мүмкін бе?» және т.б. 
Аталған тақырыптарға қатысты кітаптар тізімін әзірлеу, кітапхана 
қорындағы кітаптардан көрме ұйымдастырып, кітаптарға шолу жасау. 
Әдебиеттегі табиғат тақырыбы – сонау ерте замандардан бері жазылып 
келе жатқан мәңгілік тақырып. Айтулы ақындардың барлығы да осы 
тақырыпты жырлауда небір жауһар шығармалар тудырды. Әрбір ұлттың 
әдебиетінде табиғат жырлап, суреттеуінде сол халықтың таным-түсінігі, тарихи 
дүниетанымы бірге көрініс табатыны анық. Қазақ әдебиетінде ақын-жыраулар 
толғауларында, Ыбырай, Абай, Мағжан, Сәкен, Ілияс т.б. ақындар 
шығармашылығында табиғат лирикасы ұлттық нақышпен, халықтық таным-
білікпен жырланды. Табиғат жырлауда әр ақын өзінше ерекшеленіп, 
суреткерлік шеберлікпен дараланады.
Экология қазақ үшін жұмбақ дүние емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, 
бұл ананың ақ сүтімен берілген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге 
негізделген ғылым. Сәкеннің «Көкшетауын» алыңыз. Қалай мадақтайды тау-
тасын, жер-суын, міне, «көк шөпті баспа», «суға түкірме» деп үйреткен, 
«ботам», «құлыншағым», «қошақаным» деп еркелеткен қазақ баласының 
түсінігі. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-
қонып жүрген. Көшкен жұртта бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын 
тегістеп, қазығын қалдырмаған. Табиғатпен етене өскеннің белгісі [27].
 
 
Орман репортаждары (конкурс, ақпараттық-таныстырылым) – 
импровизацияланған 
экологиялық 
ойын-жарыс, 
ақпараттық 
хабарлама/таныстырылым оның 
барысында оқырмандар 
экологиялық 
проблемалармен жұмыс істейтін журналистік бригада рөлінде өздерін сынап 
көреді. Аталған іс-шараны «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» 
бағытымен байланыстыру ұсынылады. 
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экология, табиғат 
тақырыбындағы кітаптарды оқуға деген қызығушылығын арттыру. 
Іс-шараға қамтылатын аудитория: білім алушылар, ата-аналар, педагогтер 
(білім 
алушылардың 
жас 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
жеке-жеке 
ұйымдастыруға болады). 
Қатысушылар ақпараттық бағдарлама үшін «оқиға орнынан репортаж» 
дайындаулары қажет. Тапсырманы орындау үшін: 
- репортерлік істің құпияларын білуі; 
- қызықты тақырып табуы; 
- репортаждың жанрын анықтауы (журналистік тергеу, «белгілі» 
тұлғамен сұхбат немесе ойын сюжеті); 
- жарқын және қызықты, өзіндік мәтін құрастыруы тиіс 


216 
Сынып жетекшісі немесе кітапханашы ойынның жүргізуші болады. Ол: 
бағдарламаның басында ормандағы, даладағы, өзендегі оқиғалар туралы 
тыңдармандармен қызықты сұхбат жүргізуі және соңында «Сөз кезегін біздің 
тілшілерімізге беремін» сөйлемімен тыңдармандардың назарын тілшілерге 
аударуы тиіс.
Әр репортаждан кейін оның құрастырушыларына алғыс айтып, 
бағдарламаның соңында ауа райы болжамымен таныстырып және 
тыңдаңдармен қоштасуы тиіс. 
Тақырыптар: «Жасыл әлемнің өмірінен», «Өсімдіктердің емдік қасиеті», 
«Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Қазақстанның ерекше қорғалатын 
жерлері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Орман поэзиясы мен прозасы» және 
т.б., яғни қатысушылар табиғат туралы ақпараттар әзірлеулері тиіс. 
Репортажды дайындау барысында қолданған кітаптары туралы да айтулары 
тиіс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет