2. Қорлау мен теріс белгілерді қолданбаңыз
Балаға «сен жамансың» немесе «сен ақымақсың» деп айту оның өзін-өзі
бағалауына зиян тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар сізді сыйламауға
жетелейді. Сондықтан да, бала бір нәрсені дұрыс жасамаса, «сен дұрыс
жасамадың» деп, оны кіналамай қателігін түсіндіріңіз. Бұл жағдайда баланы
сөгіп, кінәлай бермей, іс-әрекетіне назар аударып, бағыт-бағдар беріңіз.
3. Балаңызды құрметтеңіз
Баланың талғамы мен қалауын құрметтеңіз. Сіз оны ересек адамды
мәжбүрлемейтін сияқты, оны жасағысы келмейтін нәрсеге мәжбүрлемеңіз.
Ұсыныс білдіріңіз, жігерлендіріңіз, кеңес беріңіз, бірақ мәжбүрлемеңіз. Егер
балаңыз сіз ойлағаннан басқаша әрекет етсе, оған рұқсат етіңіз.
Балаларыңыздың мінез-құлқын немесе оның қалауын, ниетін толық бақылауға
тырыспаңыз. Балаңыздың пікірін құрметтеңіз және өзінің шешім шығаруына
мүмкіндік беріңіз.
4. Егер сіз қателессеңіз, кешірім сұраңыз
Балаларды құрметтеуге қалай үйрету керек? Егер сіз қателескен болсаңыз
немесе уәде еткен нәрсені орындамасаңыз немесе балаға тым қатал болсаңыз,
одан кешірім сұрау өте маңызды. Осылайша, біз оған қарапайымдылық пен
кешірім сұраудың маңыздылығын үйретіп қана қоймай, құрмет көрсетуді де
бойына сіңіре аламыз.
5. Егер бала құрмет көрсетсе, оны мадақтаңыз
Баланың қарым-қатынаста өзінің жақсы және құрметпен әрекет еткенін
түсінуі өте маңызды. Бұл үшін оны мадақтақтап отырыңыз, сонда ғана бала
болашақта үнемі құрмет пен сенімге ие болады.
Ынтымақтастық
Ынтымақтастық – бұл өзара түсінушілікпен, бір-бірінің рухани әлеміне
енуімен, осы іс-әрекетті дамыту барысында және нәтижелерін бірлесіп
талдаумен біріктірілген мұғалімдер, білім алушылар мен ата-аналардың
бірлескен іс-әрекет идеясы.
Ата-аналар балаларын болашақта қоғамның лайықты азаматтары ретінде
көргісі келеді. Отбасының қолдауынсыз мектеп тәрбиенің жоғары нәтижелерін
қамтамасыз ете алмайды. Отбасы бала тәрбиесінде күнделікті әсер етеді,
сондықтан оның жеке қасиеттерін қалыптастыруда шексіз мүмкіндіктерге ие.
Әлеуметтанушылар отбасылық тәрбие факторларына отбасының материалдық
өмір сүру жағдайларын, оның құрылымын, білім деңгейін, мүдделерін, рухани
қажеттіліктерін, мәдениет деңгейін жатқызады.
37
Ата-аналар арасындағы қарым-қатынас сипаты бойынша отбасылар үш
топқа бөлінді, олар:
- өзара ынтымқтастықтағы отбасы;
-ішінара жанжалдасатын отбасы;
-үнемі қақтығыстағы отбасы.
Әлеуметтік зерттеу мәліметтері негізінде бұл отбасыларында ата-аналар
арасындағы қарым-қатынастың сипаты баланың жеке басының моральдық
қалыптасуына қалай әсер ететіні анықталды. Әке мен ана арасындағы
түсіністігі бар отбасылардың көпшілігінде балалар мейірімді болып өседі. Ата-
аналары жанжалдасатын, қақтығыста болатын отбасылардағы балалар
жанжалдасуға, дөрекі қарым-қатынаста болуға үйір болады. Бұл отбасыларда
балалар нашар, қанағаттанарлық тәрбие алады.
Әлеуметтанушылардың зерттеулерінде отбасының тәрбиелік әсерін
төмендететін факторлар анықталған:
- отбасының тұрақсыздығы;
- уақыттың жетіспеуі;
- мектеппен дұрыс қарым-қатынастың болмауы;
- бір ғана баланың болуы;
- ата-аналардың бала тәрбиесіне педагогикалық білім мен дағдылардың
болмауы.
Мектеп пен отбасының тәрбиеде ынтымақтасып, өзара әрекеттесуі үшін
ата-аналар балаларының іс-әрекеті мен мінез-құлқын, олардың тәрбиесін
талдай білуі керек. Ол үшін ата-аналардың баласына тәрбие беру дайындығын
ескере отырып, педагогикалық ағарту жұмыстары жүргізілуі керек, ата-
аналарға педагогикалық басшылық жасау, сынып жетекшілері бала тәрбиесінде
тәрбиеші ретінде ата-аналардың белсенділігін арттыру, арнайы педагогикалық
және психологиялық білім саласындағы өзін-өзі тәрбиелеу процесіне
қызығушылықтарын тудыру, ата-аналардың балалармен және сынып
жетекшісімен қарым-қатынасын жақсарту бойынша бірқатар іс-шараларды
ұйымдастыру қажет. «Отбасы – орта мектеп» деңгейінде педагогикалық өзара
ынтымақтастық жүйесін құру туралы мәселе қойылуы қажет. Бірқатар
объективті себептерге байланысты бүгінде бұл үлкен мәселеге айналып отыр.
Бір жағынан, қоғамда болып жатқан дағдарыстық құбылыстар, оның
әлеуметтік-экономикалық жағдай отбасылық дағдарысты ушықтырады. Отбасы
ішіндегі өзара әрекеттесудің төмен деңгейі, көптеген отбасылардың ыдырауы,
ата-аналардың беделінің төмендеуі, отбасының рухани негіздерінің әлсіреуі,
ұрпақтар арасындағы алшақтықтың артуы педагогикалық қатынастардың
сипатына теріс әсер етеді. Екінші жағынан, жеке тұлғаны тәрбиелеудің жаңа
түріне назар аудару, өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену процестерінің
маңыздылығын арттыру, оқу процесін даралау мен саралау және басқа
құбылыстар оң өзгеріс ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл қарама-қайшылықтарды шешу отбасы мен мектептің барынша
жақындасып ынтымақтасуын талап етеді, оларды ортақ мақсат біріктіреді: жеке
және ұжымдық үйлесімділікті қамтамасыз ету арқылы баланың жеке басын
дамыту, өйткені әр бала бір уақытта әртүрлі әлеуметтік қатынастардың
38
объектісі және субъектісі болып табылады. Әр баланы жеке тұлға ретінде
дамыта отырып, отбасы мен мектеп оны қоғамдағы өмірге және қоғам
мүшелерімен ынтымақтастыққа дайындайды.
Мектеп ата-аналармен негізгі жұмысты ата-аналар бірлестіктері – ата-
аналар комитеттері, басқару кеңестері арқылы жүргізеді. Мұндай бірлестіктің
өз Жарғысы болады және онда қызметтің негізгі бағыттары, процеске
қатысушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалады. Ата-аналар
бірлестіктерінің басты міндеттерінің бірі педагогикалық жалпы білім беруді
ұйымдастыру және жүзеге асыру болып қала береді. Лекторийлер, дөңгелек
үстелдер және педагогикалық ағартудың көптеген басқа түрлері ата-аналарға
баланың оқу процесін дұрыс ұйымдастыруға, қиын мәселелерді шешуге
көмектесуге және дау-жанжал жағдайларын жеңуге көмектеседі. Жалпы
этикалық, эстетикалық, адамгершілік, ерік-жігер, зияткерлік құндылықтарды
құру
жұмыстары
ата-аналар
мектебін
құрудан
басталады.
Оның
ынтымақтастыққа барынша қабілетті белсенді мүшелері ретінде барлық ата-
аналарды гуманистік педагогиканың негіздерін, ынтымақтастық педагогикасын
және іс-әрекетке деген көзқарасты зерттеу қажеттілігіне сендірумен
айналысады. Нәтижесі өз білімін толықтыруға, отбасындағы балаларды дұрыс
тәрбиелеудің практикалық негіздерін үйренуге деген ұмтылысты ынталандыру.
Барлық ата-аналар балаларын дарынды, мәдениетті, білімді және табысты
болғанын көргісі келеді. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас осы
табиғи ұмтылысқа негізделген. Мектеп пен отбасының күш-жігерін үйлестіру
қайшылықтарды жоюды және біртекті білім беру мен дамып келе жатқан
ортаны құруды білдіреді. Мектеп пен отбасының бірлескен қызметі балалардың
адамгершілік қасиеттерін, физикалық денсаулығын, зияткерлік қасиеттерін,
қоршаған әлемді эстетикалық қабылдауын дамытуға бағытталған.
Отбасында баланы дамыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы,
оған бағыт-бағдар беруде жүзеге асыру үшін көптеген іс-әрекеттерді
ұйымдастыру қажет. Отбасымен байланысты қамтамасыз етудің негізгі
жүктемесі сынып жетекшісінің мойнында. Ол өз қызметін ата-аналар комитеті,
ата-аналар жиналысы, сондай-ақ осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер
арқылы ұйымдастырады. Сынып жетекшісінің отбасымен байланысын сақтау
жөніндегі практикалық іс-әрекетінің маңызды бөлігі – білім алушылардың
үйіне бару, сол жерде өмір сүру жағдайларын зерттеу, ата-аналармен тәрбиелік
әсерді күшейту және жағымсыз нәтижелердің алдын алу бойынша бірлескен
шараларды үйлестіру. Сынып жетекшісінің дәстүрлі функциясы –
ағартушылық: көптеген отбасыларға педагогикалық кеңестер, кәсіби қолдау
қажет. Ата-аналар жиналыстарында талқыланатын тұрақты тақырып – отбасы
мен мектеп талаптарының біртұтастығын сақтау. Ол үшін үйлестіру
жоспарының нақты аспектілері алынады, олардың орындалуы талданады, пайда
болған сәйкессіздіктерді жою жолдары көрсетіледі.
Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі өткір мәселе болып табылады,
оның әртүрлі аспектілері ата-аналар жиналыстарында талқылануы керек.
Өкінішке орай, бұл көбінесе мұғалім мен мектептің беделіне нұқсан келтіретін
ата-аналармен кәсіби жұмыстың кенде болып жатуында. Ата-аналар сынып
39
жетекшісінің балаларының тағдырына деген қызығушылығын көре отырып,
ынтымақтастыққа және кейінгі байланыстарға ұмтылуы тиіс.
Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты Л.Кассиль «Баламен
келеңсіз жағдайлар туындағанда кінәліні іздеп, оның себептерін дәлелдеуге
тырысып жатады: осындай жағдайда ата-ана баланың тәрбиесіне мектеп кінәлі
деп жатса, ал мектеп керісінше, отбасы тәрбиелеуі керек деп санайды. Екі пікір
де дұрыс емес. Егер отбасы мен мектеп – жағалау мен теңіз деп бейнелі түрде
айтатын болсақ, Жағалауда бала алғашқы қадамдарын жасайды, өмірдің
алғашқы сабақтарын алады, содан кейін оның алдында шексіз білім теңізі
ашылады және мектеп осы теңізде сабақ береді. Бұл оның толығымен жағадан
шығуы керек дегенді білдірмейді – өйткені алыс қашықтықтағы теңізшілер
әрқашан жағаға оралады, және әр теңізші өзінің жағаға борышты екенін біледі.
Отбасы баланың алғашқы тәрбие құрал сияқты, мектеп бере алмайтын
өмірге алғашқы дайындықты береді, өйткені баланың жақындары,
айналасындағылардың әлемімен, өте таныс, өте қажетті әлеммен тікелей
байланыстырады және бала оған алғашқы жылдардан бастап үйреніп, сенеді.
Содан кейін ғана балада белгілі тәуелсіздік сезімі пайда болады, оны мектепте
төмендетпей, дұрыс бағытта қолдау жасау керек [37].
Отбасында ата-аналар мектеппен ынтымақтаса отырып, дәстүрлі және
ұлттық құндылықтарды сақтауы маңызды. Бала тәрбиесінде отбасылық
құндылықтардың ықпалы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |