Қазақстандық тәжірибе. Бүгінгі таңда Қазақстанда балалар мен жастарды
тәрбиелеу жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілуде және
тәрбие басым бағыт ретінде айқындалған. Қазақстанның білім беру
ұйымдарындағы тәрбиенің қазіргі жай-күйінің өзіне тән ерекшелігі оның
мазмұнын әлеуметтік талап етілетін құндылықтар, дәстүрлер, мінез-құлық
тәжірибесі тұрғысынан жаңартуға бағытталу болып табылады.
Отбасы бағытын мектеп және басқа да мүдделі тараптар «Рухани
жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздері арқылы жүзеге асырады. Мақсаты – ата-аналарға ағарту жұмыстарын
жүргізу, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және бала
тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Осы бағытқа сәйкес «Отбасы әлемі»
жобасы қарастырылуда. Сондай-ақ мектептерге ата-аналармен өзара әрекет
тетіктері ретінде Қамқоршылық кеңестер мен ата-аналар комитеттері,
Репродуктивті денсаулық орталықтары, мамандар кеңестері, бірлескен
отбасылық іс-шаралар ұсынылады; «Өзін-өзі тану» РАБ бағдарламасы
шеңберінде ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен қыздардың мінез-құлық
мәдениеті туралы жастармен әңгімелер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен
ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» элективті курстарын енгізу;
ата-аналардың білім беру ұйымдарының өміріне қатысуы; әкелер, әжелер
клубтары; ақсақалдар кеңесі; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналарды
психологиялық-педагогикалық жалпыға міндетті оқыту; үкіметтік емес
ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмысын қалпына келтіру;
балалар мен жастардың қосымша білім беру объектілеріне өтеусіз; элективті
курстар, фестивальдар, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы»
22
жарыстары; кітап көрмелері және кітап өнімдеріне қоғамдық шолу; «Оқуға
құштар мектеп», «Оқуға құштар колледж», «Оқуға құштар ЖОО» конкурстары.
Мектеп пен ата-аналардың бірлескен жұмысының нәтижелерінің бірі
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде
әзірленген, өскелең ұрпаққа отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және
дарытуға бағытталған «Өркендеу» жобасы болып табылады. «Өркендеу»
жобасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлер негізінде
тәрбиелеу, олардың білімдерін нығайту. Оларды ұлттық рухты құрметтеуге,
ата-бабаларымыз сеніп тапсырған жер мен тілді сақтауға, прогрессивті ұлттық
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға шақыру. Атап айтқанда, оларды
әдепті, зияткерлік тұрғыдан дамыған, ұлттық отбасылық құндылықтарды
зерделеуге және терең түсінуге шабыттандыру. Осы мақсатқа жетудің жолдары
«Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі»,
«Жеңге мектебі» болып табылады.
«Өркендеу» жобасы ғылыми-қолданбалы жоба ретінде қазіргі заманғы
педагогикалық ғылым мен білім беру саласы үшін, оның ішінде жалпы білім
беретін мектептерге енгізу маңызды. Отандық этнопедагогика және
этнопсихология қағидаттарының негізінде әзірленген бұл жоба үздіксіз білім
беру көзі ретінде отбасы институтын нығайтудың және кейіннен – мемлекеттік
негіздерді нығайтудың пәрменді тетігі болып табылады.
Ұлттық педагогика идеялары аясында отбасылық құндылықтарды дамыту
арқылы отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы ерекше мәнге ие болады.
Тәрбие практикасы балалардың ана тілін, ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлерін
құрметтеуге бағытталған.
Алайда, осы аспект бойынша отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастық
тәжірибесін талдау бірқатар проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Ата-
аналардың арасында балаларды ұлттық дәстүрде тәрбиелей алмайтындары да
бар, өйткені олардың көпшілігі ұлттық дәстүрлерді ұмытқан немесе өздеріне
онымен мүлде таныс емес. Ұлттық отбасылық дәстүрлер тұрақты емес.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Ұлттық дәстүрлер
мен халықтың менталитеті ескерілген отбасылық тәрбиенің республикалық
әдістемесін» әзірледі. Бұл құжатта ұлттық отбасылық тәрбиенің стратегиясы,
тактикасы, әдістері жүйелі түрде көрініс тапты, оларды отбасы мен білім беру
ұйымдарының практикасына енгізу осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге
мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістердің негізгі міндеті – әр баланың тарихты
сақтаушы, өзінің ұлттық дәстүрлерін білетін және бағалайтын, туған жерін
сүйетін адам болуы. Ұлттық дәстүрлер мен халықтың менталитетін ескере
отырып ұсынылған отбасылық тәрбиенің республикалық әдістемесі –
бұл
ұлттық рухани, материалдық және басқа да құндылықтарды жеткізудегі
отбасының және жеке тұлғаның қалыптастырудағы мақсатын жаңаша түсіну
[21].
1996 жылы Стамбулда өткен БҰҰ-ның екінші конференциясында елді
мекендер бойынша «Балаларға дос қалалар» халықаралық бастамасы
жарияланды. Бағдарламаның басты міндеті – қалаларда тұратын балаларға
жайлы және қауіпсіз жағдай жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру,
23
қоғамдық ұйымдар мен еріктілер бірлестіктеріне қатысу арқылы балаларды
әлеуметтік бейімдеу[22].
Қазақстанда «Балаларға дос қала» халықаралық бастамасын ҚР БҒМ
«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» қалалар мен аудандар
әкімдіктерімен бірлесіп ҚР Президенті жанындағы «Іскер әйелдер» және
«Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның» және
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігінің
қолдауымен жүзеге асырады. ҚР БҒМ «Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің» жанынан бірқатар министрліктер, ҮЕҰ және БҰҰ Балалар Қоры
(ЮНИСЕФ) өкілдерінің қатысуымен бастаманы іске асыру бойынша
ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
«Балаларға
дос
қала»
мемлекеттік
басқарудың
қазақстандық
тұжырымдамасы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту
жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ отбасының неғұрлым осал
топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасы мен
деңгейін жалпы арттыруға бағытталған. Осы мақсатта республикада отбасы
мен балаларға көмек көрсету орталықтары, әлеуметтік педагогтер мен
әлеуметтік қызметкерлер институттары, отбасылық тәрбие орталықтары
құрылып, олар қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен
педагогтер, психологтер үшін семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптар
өткізеді.
Жоғарыда аталған барлық шаралар ата-аналардың педагогикалық
мәдениетін арттыруға, мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын
нығайтуға, оның тәрбиелік әлеуетін күшейтуге, сондай-ақ ата-аналарды білім
беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысуға тартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының білім беру саласында жалпы адамзаттық
рухани құндылықтарға негізделген және бала тәрбиесіндегі мектеп пен
отбасының ұстанымын жандандыруға бағытталған бірқатар бағдарламалар
жұмыс істейді. Балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу мақсатында білім
берудің барлық деңгейлерінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру
бағдарламасы енгізілген, ол интеграцияланған сипатқа ие және әлеуметтік-
гуманитарлық пәндерді (этика, психология, философия, әлеуметтану,
құқықтану) қамтиды. Ұлттық құндылықтар білім беру арқылы отбасында
бастау алуы керек. «Бөбек» ҰҒПББСО-да осы мақсат үшін «Отбасылық өмірдің
әліппесі» отбасылық өмірдің рухани-адамгершілік негіздері бойынша
факультативтік курс ұсынады. 2013 жылдан бастап еліміздің 8 өңірінде
қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен педагогтер,
психологтер үшін адамгершілік-рухани және отбасылық тәрбие бойынша
семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптар өткізетін республиканың
отбасылық тәрбие орталықтары ашылды.
Білім беру ұйымы мен отбасының әлеуметтік ынтымақтастығы – «Рухани
жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде
орта, кәсіптік және техникалық білім беру, білім алушылардың отбасыларымен
тәрбие жұмысы жүйесінің мазмұнын жаңартудың ажырамас бөлігі.
24
Ата-аналар мен мұғалімдердің өзара сауатты байланысы ерекше өзекті
болып табылады. Отбасы – балаға әлеуметтік-тарихи тәжірибені, эмоционалды
және ынтымақтастық қарым-қатынас тәжірибесін берудің маңызды буыны.
Ата-аналар отбасының жеке тұлғаны қалыптастыру процесіне қандай үлес
қосатынын, білім беру ұйымының білім алушының білім деңгейіне, тәрбиесіне
қойылатын талаптары қандай екенін түсінуі тиіс.
Қазақстан Республикасында отбасы мен білім беру ұйымының әлеуметтік
әріптестігін жандандыру үшін Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарында «Отбасылық қарым-қатынас» клубы (бұдан әрі-ОК) құрылды.
ОК қатысушылары:
1) ата-аналар (заңды өкілдер) және олардың балалары;
2) педагогтер, аға тәлімгерлер, психологтер және т. б.;
3) әлеуметтік педагогтер, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі
инспекторлар.
ОК-қа отбасы мәселелерімен айналысуға дайын қоғамдық ұйымдар мен
бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның, БАҚ-тың мүшелері де қатыса алады.
Отбасылық қарым-қатынас клубы – баланың жеке басын қалыптастыру
процесінде ата-аналар мен мұғалімдердің өзара байланысының тиімді
дәстүрден тыс түрі. Клубтың негізгі мақсаты қазақстандық қоғамда дәстүрлі
отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасына табыну, жас ұрпақ арасында
отбасын құруға және жауапты ата-анаға сындарлы қарым-қатынасты
қалыптастыру болып табылады.
ОК қызметінің міндеттері:
1) бала-ата-ана қатынастарын жолға қоюға ықпал ету;
2) ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және құқықтық білім,
отбасылардағы кәсіптік бағдар беру жұмысы;
3) тәжірибе алмасу, балаларды тәрбиелеуде туындаған мәселелерді
талқылау;
4) бос уақытты бірлесіп өткізуді ұйымдастыру. Клубта ата-аналар бала
тәрбиесі, білім алушыны бейімдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселелері, үйде
балалармен сабақ ұйымдастыру бойынша білікті консультациялық көмек
алады; балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен алмасады және отбасылық саясатты
нығайту және дәстүрлі отбасылық және ұлттық құндылықтарды насихаттауда
жұмысты жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізеді.
ОК жұмыс түрлері: дамытушылық сабақтар, шеберлік сыныптар, ойын-
сауық бағдарламалары, экскурсиялар, бірлескен мерекелер, дөңгелек үстелдер,
психологиялық тренингтер, практикумдар, педагогикалық жағдайларды шешу,
отбасылық тәрбиені талқылау, бейне-фильмдер көру, консультациялар,
әңгімелер, шағын дәрістер және т.б. клубтың отырыстары мен іс-шараларын
өткізуге тәжірибелі жоғары білікті педагогтер, психологтер тартылады [23].
ОК қызметінің негізгі бағыттары:
1. «Отбасы университеті» - оқушылардың, ата-аналар мен педагогтердің
сабақтан
тыс
психологиялық-педагогикалық
қызметін
ұйымдастыру,
қазақстандық отбасы, отбасылық құқық мәселелері және бала асырап алған
отбасыларды әлеуметтік оңалту тақырыптары бойынша түсіндіру жұмысы;
25
2) отбасылық шығармашылық – отбасындағы бос уақытты, отбасылық
жобалық
қызметті,
отбасылық
шығармашылықты
ұйымдастырудағы
технологияларды танымал ету;
3) отбасылық туризм – туған өлкеге саяхат және экскурсиялар;
4) ұрпақтар естелігі – ардагерлер ұйымдарымен, қоғамдық ұйымдармен,
қозғалыстармен және бірлестіктермен елеулі жауынгерлік және еңбек
тәжірибесін аға ұрпақтың өмірінен кіші ұрпаққа беру бойынша өзара байланыс;
5) отбасылық бастама – аулаларды абаттандыру, отбасылық мәдени
демалыс, дене шынықтыру және сауықтыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі
жобаларға қатысу;
6) «Отбасы туралы сөз» - БАҚ-мен өзара байланыс, баспа материалдарын
жариялау, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша бейнефильмдер
шығару. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс
істейтін Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдары
«Асыл бала» қауымдастығына бірікті. «Асыл бала» - бұл біздің
Конституциямыз кепілдік бергендей, өмірде бастапқы жағдайларға ие бола
алатын балалардың мүдделерін қорғау саласында тиімді жұмыс істейтін ел
Президенті саясатын жүргізетін, балалардың мүдделерін қорғау мәселелерімен
айналысатын қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың
қауымдастығы [24].
Баламен нұсқаулар деңгейінде емес, құндылықтар деңгейінде сөйлесу
керек. «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры қызметінің негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында ұлттық
бірегейлікті сақтай отырып, отбасы және неке, отбасылық құндылықтар
институтын дамыту болып табылады. Әлеуметтік өзекті, әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді шешу бойынша идеялар,
жобалар мен бастамалар қорын құру.
Қоғамның рухани, эмоционалдық, психикалық және физикалық саулығын
сақтауға және нығайтуға білім беру саласындағы тәрбие жүйесін жақсартуға
ұмтылатын
психолог
мамандардан,
дәрігерлерден,
педагогтердің,
талдаушылардан, әлеуметтанушылар мен бағдарламашылардан тұратын
«BilimFoundation» қоғамдық қоры үлес қосады.
Қордың миссиясы: XXI ғасырға лайықты және болашақта өзін-өзі
дамытуға қабілетті рухани құндылықтарға ие Қазақстанның қуатты жас
буынын қалыптастыру, сақтау және дамыту.
Қор қызметінің мәні:
- қоғамдағы отбасылық құндылықтарды қолдау және нығайту;
- халықты кең ауқымды гендерлік ағартуға белсенді қатысу, жастарды
моральдық, рухани және құқықтық тәрбиелеу, жақындары үшін жауапкершілік
сезімін тәрбиелеу;
- семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын, дәрістер, тренингтер,
шеберлік сыныптар, білім беру бағдарламаларын, оның ішінде курстар
ұйымдастыру және өткізу;
26
- отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтуға,
қоғамды дамытуға, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған әлеуметтік
маңызы бар жобалар мен бағдарламаларға қатысу;
- білім беру ұйымдары мен ата-аналарға балаларды патриотизм, гуманизм,
аға ұрпақты құрметтеу рухында тәрбиелеуде, үздік отбасылық, тарихи, мәдени
және ұлттық дәстүрлерді түсінуде, ізгілік пен әділеттілікке сенуде қолдау
көрсету;
- қоғамның жағымсыз әсерлерін жағымды адамгершілік құндылықтарға
бағдарлау;
- ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, отбасылық құндылықтарды дарыту,
отбасы институтын нығайту.
Қор отбасылық құндылықтар мен отбасы бірлігін насихаттауға
бағытталған және қазақстандықтарды өздерінің отбасылық дәстүрлерімен
бөлісуге шақыратын «Менің отбасымның отбасылық дәстүрлері» челленджін
іске қосты, сондай-ақ «Отбасындағы және қоғамдағы әкенің рөлі» онлайн-
тренингін ұйымдастырды. Тренинг барысында әке болудың заманауи
тұжырымдамасы, қазіргі әке кім және оның отбасындағы және бала
тәрбиесіндегі рөлі, балаларына қалай тәлімгер болу, бірнеше рөлдерді – әке,
күйеу және табысты ер адамды қалай біріктіру сияқты тақырыптар ашылды.
Тренингке қатысушылардың көпшілігі – отбасында жайлы ахуал құруға
ұмтылатын әкелер, жас және көп балалы әкелер, әртүрлі өңірлерден келген
әкелер кеңесінің өкілдері, психологтер, білім беру ұйымдары мен үкіметтік
емес ұйымдардың өкілдері. Тренингтер қатысушыларға бала тәрбиесіндегі
негізгі кезеңдер мен олардың ерекшеліктері және әр кезеңдегі әкенің рөлі, бала
тәрбиесіне қатысудың отбасылық қатынастарға әсері туралы білуге мүмкіндік
береді. Қатысушылар отбасы мен бала тәрбиесіне қатысты өздерін
толғандыратын сұрақтарға жауап алады. Мұның бәрі қатысушыларға жауапты
әке болу мен ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
Балалар мен ата-аналарға арналған дәрістер, вебинарлар мен тікелей
эфирлердің онлайн форматы қолданылады.
2020 жылдың мамырынан қарашасына дейін ҚҚ АҚҚМ қолдауымен АБҚО
гранты шеңберінде «Әке институтын қолдау және іске асыру жөніндегі іс-
шаралар кешені» жобасын іске асырды. Жоба шеңберінде өңірлерде, оның
ішінде Қазақстанның 17 өңірінің білім беру ұйымдарында әке институтын
дамыту, балаларды тәрбиелеу процесіне қатысуға әкелерді тарту және
әкелердің психологиялық-педагогикалық құзыретін арттыру бойынша іс-
шаралар кешені (семинарлар/тренингтер, шеберлік сыныптар, дөңгелек
үстелдер, акциялар, конкурстар) өткізілді; ақпараттық өнімдер шығарылды:
республикалық БАҚ-да балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлі туралы
мақалалар сериясы; БАҚ-да және әлеуметтік желілерде таратыла отырып, екі
тілде әкелердің оң бейнелері туралы бейнесюжеттер мен бейнероликтер
шығарылды (батыр әкелер, көп балалы әкелер, жалғыз басты әкелер және т.б.);
барлық өңірлер өкілдерінің қатысуымен Республикалық әкелер форумы
өткізілді; ата-аналарға арналған нұсқаулық шығарылды, Қазақстанның әр
27
өңірінен белсенді әкелердің «Қазақстан әкелері» республикалық әкелер
қоғамдық бірлестігі құрылды.
«Bilim Foundation» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және
қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау
орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Жастар арасында
суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені»
әлеуметтік жобасын іске асыруға кірісті. Мақсаты – жастардың эмоционалды
жағдайын жақсарту. Нәтижеге мамандардың көмегіне жүгінудің деңгейін
арттыру, сондай-ақ психикалық денсаулықты сақтау мен дамытудың
маңыздылығын түсіну арқылы қол жеткізу жоспарлануда.
Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру саласындағы екіжақты
ынтымақтастықты дамыту үшін Елбасы Н. Назарбаев пен Президент Т.
Озальдің қолдауымен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры
құрылды. «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының басты мақсаты –
алдағы өмірінде зияткерлік-адамгершілік құндылықтары негізінде өзін тұлға
ретінде таныта алатын болашақ ұрпақты тәрбилеу, мектептен ұлттық дәстүрлер
рухында тәрбиеленген бәсекеге қабілетті жастарды тәрбилеп шығару. Лицейдің
негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды
дамыту және өзін-өзі белсенді етуге дайын дарынды балалардың
функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-
ақ ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген сапалы білім беру.
Бүгінгі таңда Қор кеңінен танымал ұйымдармен ұзақ мерзімді
стратегиялық серіктестікті табысты құруда:
- Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі, Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық
денсаулық ғылыми-практикалық орталығы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті. Аталған ұйымдар Бағдарламаны іске асыру кезінде
Қорға әдістемелік қолдау көрсетеді;
- «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Осындай ынтымақтастықтың арқасында Қор өз жобаларын жаңа білімдермен
және инновациялық технологиялармен жетілдіре отырып, шетелдік
серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік алады;
- Американдық психологиялық қауымдастық (American Psychological
Association, APA). Бұл қауымдастық әлемдегі кәсіби психологтердің ең
ықпалды бірлестіктерінің бірі болып табылады, оған АҚШ, Канада және басқа
елдерден 150 мыңға жуық маман кіреді. Қауымдастықтың миссиясы
психологияны ғылым, мамандық және адамдардың әл-ауқатын, психикалық
денсаулығын және білімін жетілдірудің құралы ретінде алға жылжыту болып
табылады;
- Халықаралық жастар қоры (InternationalYouthFoundation), ол жастарға
көшбасшылық қасиеттерді, техникалық және өмірлік дағдыларды игеруге және
дамытуға, жастардың өмірлік және кәсіби бағдарларын анықтауға көмектеседі.
Қор Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан және Қызылорда, Ақтөбе, Атырау
және Көкшетау қалаларында өкілдіктері қызмет атқарады. Қор ұсынған бірегей
қарым-қатынас
ортасын
құруға
бағытталған
бағдарлама
мыңдаған
28
жасөспірімдерге өздерін табуға, өмірдегі негізгі құндылықтарды анықтауға
және қоршаған әлемге жағымды көзқараспен қарауға көмектеседі.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ өзінің
құрылымына отбасылық және гендерлік саясат бойынша ғылыми зерттеулер
жүргізетін отбасы институтын зерттеу орталығын енгізген.
Отбасы институтын зерттеу орталығының негізгі міндеттері:
- отбасылық саясат бағыттарын мониторинтеу, талдау, болжау және
моделдеу;
- сандық және сапалық әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
- отбасы саласындағы өзекті және басым үрдістерді айқындау;
- отбасылық саясат институттарын әдістемелік базамен қамтамасыз ету;
- отбасылық саясат институттары құзыреттерінің деңгейін арттыру;
- отбасылық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру бойынша
ұсынымдар дайындау.
Бүгінгі таңда балалардың бойында патриотизмді, рухани-адамгершілік
құндылықтарды қалыптастырудағы отбасы басшысының рөлін нығайтуға
қоғамның назарын аудару мәселесі мемлекеттік органдар мен қоғамдық
бірлестіктер жұмысының басымдығы болуы тиіс. Отбасы басшысы барлық
уақытта әл-ауқат пен тұрақтылықтың тірегі болды, болашаққа деген
сенімділікті бейнеледі. Біздің қоғамға бұрынғыдан да еркектік, әкелік күш пен
қамқорлықтың жарқын мысалдары қажет. Ер мінез-құлық моделінің адалдық,
батылдық және жауапкершілік сияқты қасиеттері балаларға әкеден беріледі.
2020 жылы «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен
онлайн тренингтерден өткен белсенді, саналы әкелер «Қазақстан әкелері»
республикалық әкелер қауымдастығын құрды.
«Қазақстан әкелері» әкелер қауымдастығының негізгі мақсаты әке болу
институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды, гендерлік теңдікті нығайту
және өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мәселелерінде мүдделі
тараптардың диалог алаңын құру болып табылады. Әкелер қоғамдастығы ҚР
Білім министрлігімен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен,
«UNPFA Кazakhstan» КЕҰ-мен, РӘҚ қызметін, оның мақсаттары мен
міндеттерін дәріптеуге, халықаралық деңгейде беделін көтеруге, басқа елдердің
қауымдастықтарымен байланыс орнатуға қажетті мемлекеттік құрылымдармен,
ҮЕҰ және басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
Мектептерде «Қазақстан әкелері» қамқорлығымен әкелер қауымдастығы
құрылады. «Қазақстан әкелері» әкелер қауымдастығы білім беру ұйымдарында
ата-аналардың қатысуымен «Саналы әке мен отбасы туралы түсінік», «Өмір
кезеңдері. Әкенің балаға әсер етуінің 7 аспектісі», «Саналы әке мен отбасы
ұғымы», «Саналы әке және жанұя» вебинарлары, «Әке болудың құндылығы»,
«Саналы әке болу. Отбасындағы қарым-қатынас», «Әкенің балалармен қарым-
қатынасы», «Әкенің балаларымен қарым-қатынасының тетіктері», «Патронат
баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі», «Дәстүрлі қолөнер» және т.б.
тақырыптарында тікелей эфирлер өткізді.
|