Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет197/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
 
2-қосымша 
Мектеп жобасының үлгісі 
 
Жобаның ақпараттық картасы 
1. Жобаның атауы: «Біз білеміз және көмектесеміз!» 
2. Жобаның номинациясы: Азаматтық бастама 
3. Жобаның мамандануы: Әлеуметтік жоба 
4. Жобаның мақсаты: балаларды, жасөспірімдерді әртүрлі өмірлік 
жағдайларда өз құқықтарын пайдалануға үйрету, мектеп оқушыларының 
құқықтық сауаттылығын арттыру. 
5. Жоба авторы (Т. А. Ә., мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы):
6. Жобаны іске асыру мерзімі: 2021 жылғы қыркүйек-2022 жылғы сәуір 
7. Жоба географиясы:  
8. Қолдаушы ұйымдар:  
9. Жоба қай санатқа бағытталған: (ХХ-ХХ сынып) 
10. Жоба қатысушылары: 11-сынып оқушылары – «Жас заңгерлер» 
 
Жобаның қысқаша аннотациясы 
Мектеп жобасы «Біз білеміз және көмектесеміз!» №___мектепте 2021 
жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асырылды, жобаның басты идеясы – 
оқушылардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық санасын жетілдіру.


442 
Жобаның өзектілігі: Өз құқықтары мен міндеттерін білетін, жоғары 
азаматтық ұстанымға, құқықтық санаға ие азаматты тәрбиелеу – білім берудің 
алдында тұрған басым міндеттердің бірі. 
Жас заңгерлер «Тобының жұмысы»: 
- сауалнама жүргізу (1-қосымша). 
- ойын-сауық іс-шаралары нысанында білім алушылардың құқықтары мен 
міндеттерімен таныстыру бойынша курстар өткізу. 
- тексеру жұмыстарын жүргізу. 
- білімді практикада тексеру (құқықтық білімді, сондай-ақ азаматтың 
міндеттерін қолданудың практикалық дағдыларын диагностикалау мақсатында 
қоғамдық орындарға бару) 
- ойын-сауық іс-шараларымен қорытынды сабақ, өткен тақырыптарды 
нығайту. 
Жобаны іске асыру тетігі 
Кіші жас санатына арналған (7 жастан 14 жасқа дейін) бағдарлама 
- «Құқықтық сауаттылық негіздері» тақырыбында сынып сағатын өткізу 
(№2 қосымша) 
- Ойын-сауық іс-шаралары түрінде азаматтардың құқықтары мен 
міндеттерімен таныстыру бойынша курстар өткізу (№3 қосымша). 
- Білімді практикада тексеру (өз құқықтарын іске асыру мақсатында 
қоғамдық орындарға бару) 
- Ойын-сауық іс-шараларымен қорытынды сабақ, өткен тақырыптарды 
бекіту. 
Ата-аналарға арналған бағдарлама. 
- Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру бойынша 
курстар өткізу. 
- Тексеру жұмыстары (№4 қосымша) 
- Онлайн курстар. 
- Қызықтыратын сұрақтар бойынша заңгерлік кеңес. 
- Қоғамдық ұйымдарда тәжірибе. 
- Ойын-сауық іс-шараларымен қорытынды сабақ, өткен тақырыптарды 
бекіту. 
- балалары бар ата-аналарға арналған ойын-сауық бөлмесі 
Жобаның нәтижесі: 
1. Құқықтық сауаттылықты арттыру. 
2. Жергілікті атқарушы органдармен белсенді ынтымақтастық. 
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қылмыстар 
санын азайту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет