Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет208/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік рөлі 
Ыбырай Алтынсариннің бала тәрбиесіне қатысты ұлы ағартушылық 
идеясы оның көркем шығармаларында да, ғылми мақалаларында көрініс тапты. 
Ол өзінің әңгімелері арқылы қазақ балаларының заманына лайықты озық 
азаматтық көзқарасын қалыптастыруды көздеді. Оның бұл педагогикалық 
қағидалары күні бүгінге дейін бала тәрбиесіндегі маңызын жойған жоқ. 


466 
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағынасы қызғылықты 
ұсақ әңгімелер жазды. Автордың бұл әңгімелерінің балалар үшін, тәрбиелік 
рөлі ерекше болғандығы күмән туғызбайды. 
Ы. Алтынсариннің «Шеше мен бала» деген өлеңнің бала тәрбиесіне 
қатысты педагогикалық, психологиялық маңызы өте зор. Ол өлеңдері 
жасөспірім балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, өнегелі болуға 
тәрбиелейді.
Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша 
ағаштары», «Аурудан аянған күштірек», «Мейірімді бала», «Палкан деген ит», 
«Қанағат», «Өтіріктің залалы», «Тәкаппаршылық» т.б. бұл әңгімелері жастарды 
әдептілікке, сабырлылыққа, салмақтылыққа және әділ, мейірімді, қайырымды 
болуға тәрбиелейді. Оның басқа әңгімелерінің де түйіні жастарға өнегелі тәрбие 
беру екендігін көреміз. 
Үй салу, егін кәсібімен шұғылдану, т.б. халқымыздың дәстүрлі 
шаруашылық мәдениетін ұлттық тұрмыс-салтын жастарға дәріптеу ниетінде, 
Ыбырай Алтынсарин бірнеше әңгімелер жазды. Әсіресе, «Қыпшақ Сейітқұл», 
«Малды пайдаға жарату», «Киіз үй мен ағаш үй» деген әңгімелерінде, автор 
қазақ жастарына көшпелі өмірден отырықшылық тұрмыспен айналысу, жер 
кәсібімен шұғылдану заман талабы екендігін сездірдсе, «Бай мен жарлы 
баласы», «Лұқпан әнін», «Малды пайдаға жарату» деген әңгімелерінде, автор 
сол кезде қазақ жастарына, тұрмыс тіршілікке бейімделуге шақырған нақты 
мысалын көреміз [14]. 
Жас зерттеуші Нұрбекова Диана Мейрамғалиқызының «Ыбырай 
Алтынсарин шығармалары-тәрбиенің алтын діңгегі» атты ізденіс жұмысында 
Ы. Алтынсаринның шығармаларын зерттеу арқылы өз жұмысында 
шығармалардың жеке тұлғаны қалыптастыруда қаншалықты маңызды екендігі 
атап көрсетілген [15]. 
Бала жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәрі де 
бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды,тартымды, 
олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілгендігін атап көрсеткен. Осы 
әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен 
сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында оқу 
үрдісінде, сынып сағаттарында, таңдаулы сабақтарда пайдалануға болады. 
Осы күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, 
балалар, оқылық» атты өлеңінің өзі неге тұрады?! «Біз болмасақ, Сіз барсыз, 
үміт еткен достарым»,- деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан 
қырлы асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен 
жүктеп, келешектен қуаныш күткен ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, 
түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым 
мен өнер үйренуінен армандауымен кеткен. 
Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн 
тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін 
тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, 
Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат 


467 
болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар 
беріледі. 
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясындағы» әңгімелер: еңбек 
сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін сүюшілік,талаптылық, 
жігерлілік, 
іздемпаздық, 
кішіпейілділік, 
махаббат, 
қайырымдылық, 
адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа 
тәрбиелеуге 
керекті 
мәселелерді 
қамтиды. 
Бұларға 
жалқаулықты, 
қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай 
әрекеттерден аулақ болуына жол көрсетті. 
Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін 
түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек. 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің 
де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, 
оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек 
ет, босқа жатпа дейді. 
Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала»- деген шығармасында мынадай 
мәселе қарастырылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе 
жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, 
балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», - 
деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде 
темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, тағаны соларға 3 
тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға 
бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп 
алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің 
қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып 
келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. 
Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала 
әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап 
тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана 
тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға 
алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. 
Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап 
боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді». 
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты 
қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы 
әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, 
жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл 
бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да 
әңгімелері аз емес. 
Жазушы «Атымтай жомарт»-әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге 
мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі-
жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел 
аузындағы ертегіні балаларға арнап, әңгіме ұсынды. Әңгіменің идеясы да, 
кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді. 
Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімнен тапқан пұлға нан сатып алып 


468 
жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі 
өзгеше болады екен», - дейді. 
Алтынсаринның тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі - талап. 
Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты 
ерге нұр жауар»-деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық 
шақ - жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа 
шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, 
өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, 
қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, 
талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы 
өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық 
дегенді айтады. 
Ыбырай еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. 
Сондықтан оның көптеген әнгімелерінің идеясы, Абай айтқандай, «Еңбек етсет 
ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан. 
Мәселен, «Бай мен жарлы баласы» деген әңгімесінде Үсенді 
тапқырлыққа, табандылыққа үйреткен тұрмыс тауқыметі -еңбек екендігін, сол 
себепті оның болашағы жарқын, өмір сүруі адал болматындығын көрсете келіп, 
жастайынан еңбексіз өскен бай баласы бос белбеу болбыр Асанды барынша 
келемеждейді. Ы. Алтынсарин осы іспеттес әңгімелерінде еңбек процесінің 
адамның сана-сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын 
жақсы түсінген. 
Ыбырай еңбек сүймей, жалқау болып өскен адамдар қулық-сұмдықпен 
күн көруді езіне мақсат ететінім, ал мұның өзі барып тұрған жексұрын қасиет 
екендігін, олай болса үлкендер балаларды кішкентайынан еңбекке баулу 
қажеттігін естерінен шығармауын ескертеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны 
ілесің» дегендей, жас өспірімдердің басында кездесетін түрлі жаман мінездерді 
семьядағы тәрбиемен терең астастырады. Ы. Алтынсарин көтерген 
психологиялық мәнді мәселслердің енді бір тобы оның методикалық 
пікірлерімен астасып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ОҚУ 
сонымен бірге тәжірибелі, методикалық ой-пікірі ОЗЫҚ мүғалім де еді. Ол 
оқыту әдісін өз түйгенінше, орыс мектебінің озық үлгісіне негіздей құруды, 
ойластырды.
Адамгершілік мінез-құлқына баулитын кейбір шығармаларына тоқталсақ: 
Шығармалары оқушыларды неге тәрбиелейді? 
«Әке мен бала» әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап 
боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», - дейді. 
«Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі. «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш 
құрлы жоқсың, сенде еңбек ет,боска жатпа»-дейді. Оқушыларды еріншектік, 
жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға шақырады [16].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет