Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет216/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Мұғалім оқушылардың педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып
тақырыпты таңдауға, өзіндік өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 
Сыныптағы «Абайдың қара сөздеріндегі еңбек туралы таным мен 
толғам» тақырыбындағы сағаттық әңгіме еңбектің мақсаттары мен 
міндеттерін түсінуге, салаларды кеңейту және еңбек адамдарына деген құрмет 
сезімін, өзінің және адамдардың мүдделері үшін жұмыс істеуге деген 
ұмтылысты тәрбиелеу мәселелерін шешеді [23].
Сынып сағаты 
1. Кіріспе бөлім 
 
I. Ұйымдастыру сәті 
2. Кіріспе әңгіме 
- Жұмыс не үшін қажет? 
- Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесің? 
Бос отырып қатып қалғанша, еңбек етіп күйіп кеткен артық. 
Еңбек береді, жалқаулық алады. 
Еріншек – су, еңбекқор – бал ішеді. 
Еріншектің туысы – қайыршы. 
Мал баққандікі, Жер жыртқандікі.
- мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір. 
II. Негізгі бөлім 
1. Абайдың қара сөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам 
тақырыбындағы сынып сағаты 
Сабақ тақырыбы: Абайдың қара сөздеріндегі еңбек туралы таным мен 
толғам. Отыз жетінші қарасөзі. 
Сабақ мақсаты: 
1. Абайдың қара сөздеріндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып
адамдық қасиеттер туралы түсінік беру. Абай Құнанбаев туралы білімдерін 
толықтыру. 
2. Оқушылардың танымдық түсініктерін дамыта отырып, өздіктерінен 
қорытынды шығаруға, жұмыс істеуге машықтандыру. 


484 
3. Қара сөздерден ұлағат алуға, эмоциялық әсер ала білуге, басқаның 
пікірін сыйлауға тәрбиелеу. 
Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы. 
Сабақ әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, слайдтар, 
өзіндік ой түйе білу. 
Сабақ көрнекілігі: презентация. 
Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 
2. Мотивация минуты. 
«Әлемге танылған - Абай» - Абайдың суреттері мен шығармалары бар 
көрме. 
3. Сабақтың дәйек сөзі: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.
«Әлемді шарлау» стратегиясы: 
- Абай Құнанбаев кім? 
- Толық аты кім? (Ибраһим) 
- Туған жері қай жер? 
(Семей облысы, Шыңғыстау өңірі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, 
Абай ауданы,Қасқабұлақ жайлауы). 
- Қай жылы туған? 
(1845 жыл 22 тамыз - 1904жыл) 
- Анасы мен әжесінің аты кім? 
Анасы- Ұлжан, Қаракесектің бошан руынан, Бертік бидің тұқымы, әжесі-
Зере (Тоқбала) 
- Қайда білім алды? 
Семейдегі Ахмед Риза медресесі - (13жасқа дейін)- «Приходская школа» 
(3ай) 
- Қай рудан шыққан? 
Тобықты руынан 
- Еңбектерінің негізгі тақырыбы не туралы? 
Негізгі тақырыбы: өнер-білімге, ғылымға шақырады. 
- Кімнің шығармаларын аударған? 
Пушкин, Крылов, Толстой, Байрон, Гете т.б. шығармаларын аударған. 
- Қанша аудармалары бар? 
50-ден асады. 
- Ең ірісі қай аударма? 
Лермонтов «Бородино». 
- Қарасөздері қанша? 
45 
- Неше күйі бар? 
Күйлері: “Торжорға”, “Желдірме”, “Май түні”. 
- Тарихтағы орны қандай? 
Тарихтағы орны – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақты әлемге 
танытушы. 
Абай туралы. /еске түсіру/ 5-7 слайд жасалынады 


485 
«Шеңбердегі өлең» 
Оқушылар дөңгелек жасап тұрады, бірінші оқушы Абайдың кез келген 
өлеңінің бір шумағын айтады, қасындағы оқушы жалғастырады. Осылайша әр 
оқушы Абайдың өзі сүйіп оқып, жаттап алған өлеңінің бір шумағынан айтып 
шығады. 
Жаңа сабақ. 
Мұғалім түсіндірмесі:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Қазақ 
халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзі бүгінгі сабағымызға арқау болмақ. Демек, 
бүгінгі сабағымызды халқымыздың дана да дара ұлдарының бірі - Абай 
Құнанбайұлының «Отыз жетінші қара сөзіне» арнаймыз». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет