Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет213/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

5. Нормативтік-құқықтар актілері (одан әрі - НҚА) және еңбек 
тәрбиесі туралы видео ресурстар 
5.1. Еңбек тәрбиесі туралы НҚА 
52. Еңбек тәрбиесі бойынша бейне ресурстар; 
5.3. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бейне ресурстар. 
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып (білім деңгейі 
бойынша), жобаны іске асыру бағыттарын толығырақ қарастырайық. Барлық 
ұсыныстар ұсынымдық сипатта болады, мақсаттар мен міндеттерге байланысты 
өзгертілуі, толықтырылуы және түзетілуі мүмкін. 
 
Орта білім беру ұйымдарында еңбек тәрбиесі туралы ережелерді дайындау және 
қабылдау 
Елдегі заманауи әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар қазіргі 
жастардың жеке қасиеттеріне қатаң талаптар қояды. Сондықтан, еңбек тәрбиесі 
басым бағыттардың бірі болып табылады және саналы түрде еңбекке деген 
қажеттілікті, сондай-ақ осы қайта құрулар динамикасына сәйкес келетін жеке 
қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Бұл шара жас өспірімдерге адам 
өміріндегі еңбектің айрықша маңыздылығын түсінуге, мамандықтар туралы 
түсініктерін кеңейтуге көмектеседі. Олардың шығармашылық бастамаларын 
ынталандырады, кәсіптік бағдарлауға, жауапкершіліктің қалыптасуына, 
еңбексүйгіштікке, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал етеді. Қазіргі 
заманғы мектепте тұлғаны ойдағыдай қалыптастыру оқу жұмысын тек 
практикалық еңбек әрекетімен ақылға қонымды үйлестіру негізінде жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
Дұрыс жүргізілген еңбек тәрбиесі, мектеп оқушыларының қоғамдық 
пайдалы, нәтижелі еңбекке тікелей қатысуын, азаматтық жетілудің, тұлғаның 
адамгершілік және интеллектуалды қалыптасуының, оның физикалық 
дамуының тиімді факторы болып табылады. Мектеп түлектерінің болашақ 
тағдыры қалай өрбитініне қарамастан, оларға кез-келген қызмет саласында 
еңбек дағдылары қажет болады. Міне, сондықтан мектептегі білім берудегі 
еңбек элементі ежелден-ақ өте маңызды педагогикалық тәсіл болып келеді.
Қазақстандық білім беру жүйесі қиын кезеңді бастан кешуде. Жалпы білім 
беретін еңбек тәрбиесінің политехникалық мектебі уақыт өткен сайын 


479 
гуманитарлық сипатқа ие болуда. Оқытуды нәтижелі еңбекпен ұштастыру 
идеясы ұмытылып барады: оқушылар бригадалары, құрылыс отрядтары, 
өндірістік бөлімшелер және оқушылардың еңбек бірлестіктерінің басқа түрлері 
бүгінгі күні жұмыс істемейді. Білім берудің оқу-материалдық базасына қолдау 
көрсетілмейді. Қазіргі кезде білім беру үдерісіндегі басты екпін оқушылардың 
жеке қабілеттерін дамытуға, олардың қажеттіліктері мен бейімділіктеріне 
сәйкес 
сараланып 
білім 
беруді 
кеңейтуге, 
тереңдетіп 
оқытатын 
мамандандырылған мектептер мен сыныптар желісін, орта білім деңгейінің 
ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сай болуын қамтамасыз ететін әр 
түрлі пәндердің дамытуға бағытталған. 
Сондықтан, қазір, бұрын-соңды болмаған, мектеп оқушыларын жалпы 
еңбекке даярлау мәселелері маңызды болып тұр, өйткені оқушының білімі, 
біліктілігі, мақсаты, тілегі және ұмтылысына тек өзінің ғана емес
республиканың болашағы да байланысты болады.
Мектептегі еңбек тәрбиесі бойынша «Оқушылардың еңбек тәрбиесі 
туралы қағидасын» (бұдан әрі - Қағида) белгіледі ұсынамыз. Қағиданың 
құрылымына төмендегі ережелер кіруі мүмкін:
1. Жалпы ережелер 
1. Мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы жұмысы оқу жоспарына 
сәйкес ұйымдастырылады. 
2. Оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысы - қазіргі білім беру 
жағдайында оқушылардың жеке және кәсіби дамуына ықпал ететін оқу 
процесінің ажырамас бөлігі. 
Оның негізгі міндеттері: 
• еңбекке деген саналы қажеттілікті қалыптастыру; 
• еңбек адамдарына құрмет көрсету; 
табиғатқа деген қамқорлық, оған құрметпен қарау; 
• ұжымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; 
• еңбек және өндірістік тәртіпті тәрбиелеу; 
• жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру; 
• еңбекке баулу дағдылары мен іскерлігін, еңбекке баулу процесінде 
алған білімдерін бекіту; 
жалпы білім беру дайындығы
• мектеп аумағын абаттандыруға барлық мүмкіндігінше көмек көрсету; 
• мектеп ғимаратында тазалық пен тәртіпті қалпына келтіру үшін өзіне-өзі 
қызмет ету, сыныптар, мектеп алаңдарын таза ұстау. 
3. Қоғамдық пайдалы еңбек V - XI сынып оқушыларын еңбекке оқыту 
мен тәрбиелеудің қолданбалы бағытын күшейтеді. Еңбек сабағын ұйымдастыру 
үшін: 
V - VII сыныптарда - 2 сағат, 
VIII - IX сыныптар - 3 сағат; 
X және XI сыныптар - аптасына 4 сағат бөлінеді. 
4. Оқу жылы бойы оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысы 
ұйымдастырылады. Жұмыстар аптасына бір реттен артық емес мерзімде жүзеге 
асырылады: 


480 
5-9 сынып оқушылары үшін - 40 минуттан аспайды, 
10-11 сынып оқушылары үшін - 60 минуттан аспайды. 
5-11 сыныптарда әлеуметтік жұмысты сынып жетекшісі ұйымдастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет