76
Зерттеу жұмыстары білім алушыларға мұражай
тарихының дамуына өз
үлестерін қосып қана қоймай, жобалық іс-әрекеттерден тәжірибе алуға
мүмкіндік береді. Нәтижесінде мұражайдың білім алушылармен өзара мәдени
қарым-қатынасы қалыптасып, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал
етеді. Қазіргі уақытта бағдарламаның бұл түрі кеңінен танымал.
4 түрі – костюм бағдарламалары. «Костюм бағдарламалары» деп
аталатын бағдарламалар оның тақырыбына сәйкес
келетін костюмдерге киіну
процесін қамтиды. Костюмдік бағдарламалар мұражай мамандарының мектеп
оқушыларымен
өзара
ынтымақтасуының
жарқын,
белсенді
және
театрландырылған түрі болып табылады. Костюм бағдарламаларының
сценарийі ойындарды, көңілді конкурстарды, жұмбақтарды, викториналар мен
сайыстарды және т.б. қамтиды. Осылайша, бала белгілі бір тарихи кезең және
осы уақыттың кейіпкерлері туралы білімдерін еркін түрде толықтыра алады
және жарқын эмоциялық көңіл-күй мен тәжірибесімен алмасады.
5 түрі – отбасылық демалыс бағдарламалары. Мұражай қауымдастығы
ата-ана мен баланың өзіндік шыңармашылықтарын
дамытуда ерекше
эксперимент жасайды, онда олардың әрқайсысы толыққанды және ең бастысы
белсенді (бұл ескерту ересектерге қатысты) әрекет етеді. «Мұражайдағы
отбасылық демалыс» білім беру бағдарламасы шеберлік сыныптар,
дәрісханалар мен ғылыми шоуларды, ұлттық салт-дәстүрлермен танысуды
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: