74
қабілеттілігін арттыру;
-
Ұлттық сананы жаңғыртуда ұлттық сабақтастықты негізге ала
отырып, рухани жаңғырудың ұлттық жаңғыруға ұласуына барынша күш-
жігерімізді салып, ұ
лтымызды жаңа сапалық деңгейге көтеруде отбасы, мектеп,
қоғам қызметін жандандыру.
- Болашақ отбасының ұлттық моделін құру;
- Отбасы институтын нығайтуға ықпал ететін отбасыларды қолдау
орталықтары, медициналық және спорттық ұйымдар, ғылыми-зерттеу
орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, білім беру мекемелері, мәдени-
демалыс ұйымдары, рухани даму жөніндегі ұйымдар, медиациялық орталықтар,
мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, кеңес беру
орталықтары,
отбасылық психологтер, медиаторлар және т.б. тығыз байланыс
орнату.
I. «Балалар мұражайда» бағдарламалары
Мұражайдағы іс-шара
Бүгінгі таңда мұражай қызметкерлері отбасымен өзара әрекеттесу үшін
әдеттегі оқыту форматтарын өзгертетін жаңа білім беру бағдарламаларын
ұсынады. Балалар мұражай негізінде шығармашылық шеберханаларға, театр,
өнер курстарына баруға, ата-аналарымен бірге
арнайы мұражай жобаларына,
демалыс
күндеріне,
отбасылық
клубтарға,
кешенді
экскурсиялық-
шығармашылық сабақтарға, отбасылық шығармашылық студияларға қатысуға
мүмкіндік алады, бұл олардың бос уақытын толтыруға көмектеседі. Бірлескен
бос уақыттың ең көп таралған түрі – бейнелеу өнері.
Мұражайдың білім беру бағдарламалары аясында тарихи ортаға «ену»
әдістері; тарихи оқиғалардың рөлдік «өмір сүруі» (бала рөл алады);
репродуктивті әдіс (тапсырмалар жүйесі); өнімді әдіс (мәселені шешу); зерттеу
әдісі (мұражай затын зерттеу); фактілерді, оқиғаларды, жағдайларды модельдеу
және қайта құру (ой бағамдау және заттық); алдын-ала ынталандыру әдісі
(мұражайдағы балалардың белсенділігін ынталандыру) мүмкін.
Мәдени - білім беру бағдарламаларының ережелері:
- білім беру және
мұражай негіздерін біріктіру;
- мұражай ортасын сауатты игеру үшін жинақталған дағдыларды беру;
- мәдени-білім беру қызметін жүзеге асыру процесінде жеке-тұлғалық
бағыттылыққа бағдарлау;
- семантикалық және эмоциялық құрамдас бөліктің бірыңғай алгоритмін
қамтамасыз ету;
- ақпарат берудің жүйелілігі;
- шығармашылық еркіндік.
Мұражай формалары сан алуан. Оларға модельдердің келесі негіздері
кіреді: дәстүрлі және жаңа;
топтық және жеке; белсенді және пассивті;
қарапайым және күрделі; бір реттік және циклдік; коммерциялық және
коммерциялық емес, зерттеу, демалыс және т. б.
Отбасымен жұмыс жасау кезінде «Отбасы – орта мектеп» тәрбие
жобасының міндеттеріне байланысты экскурсиялық мұражай бағдарламаларын
75
таңдау
керек.
Мұражай
мөрін,
мұражай
сайттарын
талдау
[54]
бағдарламалардың 12 түрін бөлуге мүмкіндік берді:
Достарыңызбен бөлісу: