173
- балалар мен жасөспірімдер арасында әдеби
кітаптар оқуды насихаттау
және тұрақты оқуға ынталандыру;
- оқылған кітапты, әдебиетті, мақаланы талқылауға тарту.
Аталған жоба білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығының
төмендеу мәселесін шешу,
яғни кітап оқуды жандандыпу, насихаттау,
танымалды ету мақсатында жүзеге асырылады.
Мәдениет мекемелері (кітапханалар, мұражайлар, театрлар және т.б.)
жобаны жүзеге асырудың әлеуметтік серіктестері болып табылады
Жоба негізінен жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларына,
олардың ата-аналарына және педагогтерге бағытталған.
Жобаны жүзеге асыру механизмдері
Облыстық және қалалық білім басқармалары деңгейінде
жүргізілетін жұмыс түрлері:
● жобаны іске асыру мерзімдерін белгілеу;
● жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
● облыстық деңгейде өткізілетін сайыстардың ережелерін әзірлеу;
● әзірленген ережелерді аудандық/қалалық білім бөлімдеріне жіберу;
● педагогтердің кітап
оқу беделін арттыру туралы, білім алушылардың
кітап оқуын ұйымдастыру туралы және ата-аналардың өздерін кітап оқуға тарту
жөніндегі жеке жұмысты өткізу туралы жария сөз сөйлеулері;
● педагогтердің балалардың кітап оқуын қолдауға бағытталған біліктілік
деңгейін арттыру бойынша оқыту курс бағдардамасын әзірлеу;
● мұғалімдердің онлайн-олимпиадаларға,
байқауларға, оқу мәдениетін
арттыру жобаларына қатысуын ұйымдастыру.
Аудандық/қалалық білім бөлімдері деңгейінде жүргізілетін жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: