170
кітап ең жақсы көмекшіге айналады. Өйткені, шығарманың беттерін аудара
отырып, оқырман кейіпкерлерге жанашырлық танытады, олардың сезімдері мен
эмоцияларының әлеміне енеді.
Мансапта алға жылжуға әсер етеді. Кітапты көп оқыған және кітап
оқығанды жақсы көретін қызметкерлер ғана болашақта көшбасшы бола алады
деген пікір бар. Бұл мағынасыз айтылған сөз емес. Өйткені, әдебиет жеке
тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер етеді, көптеген мысалдарда оқиғалардың
даму нұсқаларын көрсетеді. Егер өзінің өмірлік
тәжірибесі жеткіліксіз болса,
оны әдебиеттен алуына болады.
Сәнді болу ниеті қалыптасады Бүкіл әлемде кітап оқу сәнге айналуда.
Мысалы, Канадада халықтың 61%-і белсенді оқырмандар болып табылады.
Өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс пайда болады. Кітаптар бізді
ынталандырады, өз-өзімізді жетілдіруге бағыттайды, біздің ішкі әлемімізді
тереңірек білуге, белгісіз әлеуетті ашуға көмектеседі.
Сауаттылықты жетілдіруге әсер етеді. Мұнда бәрі анық: оқу адамның
бойында саналы түрде кез келген сөздің қалай жазылатыны туралы ақпарат
қалдырады. Кітап оқитын адам жазу кезінде, барлық ережелерді білетін, бірақ
кітапты ішінара ғана оқитын адамға қарағанда қателерді аз жібереді.
Дикцияны жақсартады. Мәнерлеп дауыстап оқу сөздің соңын жұту, тез
және шатастырып сөйлеу, сөзді анық айтпау, интонацияны шатастыру сияқты
мәселелерден арылуға көмектеседі [15].
Сондықтан, оқырман сауаттылығын дамыту үшін мұғалім білім алушыға
оқулықты, көркем әдебиетті және басқа да ақпарат көздерін жүйелі түрде
қолдануға үйретуі тиіс. Кітап оқуды үйрету –
бұл оқырманның кітап оқуды
дәйекті, қызықты, тұрақты және өз бетінше оқып шығуын үйретуді білдіреді.
Әрбір азаматтың тұлғалық жеке қалыптасуы мен өзін-өзі шығармашылық
тұрғыдан көрсетуі үшін жағдай жасау жаңа мыңжылдықтың басында оқуды
дамытудың стратегиялық жалпы мемлекеттік міндеті болып табылады. «Оқуға
құштар мектеп» жобасын іске асыру, ең алдымен, «өмір бойы оқуға» қабілетті
ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.
Оқылғанды толық және терең қабылдауы мен меңгеруі мақсатында оқу
тақырыбын саналы түрде таңдауы оқушының білімі, дағдылары мен
сезімдерінің жиынтығын білдіретін жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің
құрамдас бөлігінің жүйелілігін қамтиды.
Оқырман мәдениеті келесі компоненттерді қарастырады:
- жалпы білгірлік (әдеби эрудиция), әдебиеттен алынған нақты білім
(әдебиет теориясы мен тарихын білу, шығармаларды талдау логикасын игеру)
оқырман мәдениетінің оқу-мазмұндық аспектісінің құрамдас бөлігі болып
табылады;
-
әдебиетті таңдау, оны өңдеу, түсіндіру, белгілі бір әдеби құбылыс
туралы өз ойларын ауызша және жазбаша түрде білдіру практикалық іс-
әрекетте оқырман мәдениетінің болуы мен дәрежесін көрсетеді, бұл кітап оқу
қажеттілігіне, тәуелсіз оқуды игеруге әкеледі;
- нақты бір көркем шығармаларды қабылдау, өз сезімдері негізінде бұл
шығармаларды бағалау қабілеті, оқырмандық жеке қызығушылықтары,
171
эстетикалық талғамы жалпы оқырман мәдениетінің
құндылыққа бағытталған
аспектісін құрайды [16].
Білім алушылардың оқу іс-әрекетін дамыту оқырманның білімін,
біліктілігін және сезімін дамыту үрдісіне сүйене отырып, технологиялық тәсіл
негізінде құрылады. Бұл ойды дамыта отырып, қазіргі ғылымда оқу процесі
танымдық-коммуникативтік іс-әрекеттің бір түрі ретінде қарастырылады деп
айтуға болады.
Оқу процесіне қатысты оқу іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі болады.
Сондықтан көркем әдебиетті оқу барысында осы процестің сипатын
анықтайтын зияткерлік (білімнің белгілі бір мөлшерін игеру); эстетикалық
(сезімдерді, оқу әсерлерін сезіну); тұлғалық (оқу арқылы өзін-өзі тану, өзінің
оқырмандық қажеттіліктерін,
қызығушылықтарын, талғамдарын тәрбиелеу);
практикалық (алған білімдерін іске асыру, оқырман білігі мен дағдыларын
игеру) тәрізді факторларға көңіл аудару қажет
Көркем әдебиетті қабылдау психологиясы күрделі құрылым болып
табылады және әртүрлі, бірақ өзара байланысты бейнелі-эмоционалды және
дерексіз-логикалық деңгейде жүреді. Жалпы білім беретін мектеп білім
алушыларының көркем әдебиетті қабылдау процесінде оқудың үш кезеңін
бөліп көрсетуге болады:
1. Тікелей қабылдау, яғни мәтінге «ену», әдеби шығарманың бейнесін
елестету және бастан кешіру (бұл кезеңде қиялға басымдық беріледі, оның іс-
әрекеті барысында бейненің сөздік-түсініктік
формасының бейнелі-сезімдік
түрге айналуы болады, бейнелі жалпылау пайда болады), демек бейнелі-
эмоционалды қабылдау жүзеге асырылады.
2. Оқығанды түсіну және жалпы бағалау (бұл кезеңде кері процесс, яғни
бейнелі-сезімдік қабылдаудың ұғымдар тіліне ауысуы жүреді, жетекші рөл
ойлауға беріледі, бірақ ол эмоционалды қабылдауды теңестірмейді, керісінше
оны тереңдетеді; оқылғанды тікелей қабылдау және ойлау процестерімен қатар,
шығарманы эстетикалық бағалау жүзеге асырылады), демек бұл жерде
қабылдаудың дерексіз-логикалық деңгейі туралы айтылған.
3. Шығарманы оқығаннан кейінгі көркем әдебиеттің оқырмандардың
жеке басына әсері [17].
Білім алушылар «Қазақ әдебиеті» пәнінде әдеби шығарма сюжетінің
құрамдас
бөлшектерін талдай; әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты
гуманистік тұрғыдан талдай; кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері
тұрғысынан анықтай; үзінділерді жатқа айта алады.
Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады; эпикалық,
поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесі; шығармадағы көркемдегіш
құралдары: символ, эпифора (өлең тармақтарының соңында бір сөздің
тіркесінің бірнеше қайталанып келуі), анафора (сөйлеудің әр параллельді
элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішін), риторикалық
(риторика – сөйлеу өнерінің жалпы атауы)
сұрақ қолданады; шығармадағы
оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады. Сонымен қатар,
кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемесі, тарихи және
көркемдік құндылығын; әдеби жанр түрлерінің даму барысы, жаңашылдығы;
172
шығарманың ұлттық, эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу, әдеби эссе
жазады. Аталған жұмыс түрлері пән сабақтарында жүзеге асырылады, сонымен
қатар сабақтан тыс іс-шаралар барысында жалғасын табуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім
кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекітті.
Ұлттың рухани
және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне
балаларды және жастарды тартуда «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі
маңызды болмақ.
Жоба төрт стратегиялық бағытты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: