191
-
таныстырылымдық оқу – мәтіннен негізгі мағынаны, негізгі ақпаратты
анықтауға бағытталған мағыналық оқу түрі;
-
зерттеуші – мақсатқа байланысты толық және
нақты ақпаратты іздейтін
және оны әрі қарай түсіндіретін мағыналық оқу түрі. Мәтіннің ең басты
мағынасы белгіленеді;
-
рефлексивті – мазмұнына ден қойып, мұқият оқу. Мұндай процесс
кезінде оқырман тақырыпты оқу немесе мәтінді оқу барысында болашақ
оқиғаларды болжайды [14].
Оқудың тағы бір түрі – мәтінге түсініктеме беру, талқылау және болжау
түрінде жүргізілетін
түсіндіріп оқу.
Түсіндіріп оқыту негізінен мәтінді қайта оқу кезінде пайдаланылады. Бұл
«автормен сұхбат»
қалай болатынын, оқырманды «ойға қалдыруға» кепілдік
беру үшін болуы мүмкін. Сөйлем немесе фрагменттің соңына дейін оқымай
мәтіннен қажетті жерін ғана түсіндіру. Сондықтан, кез келген уақытта баланың
оқуын тоқтатуға болады.
Оқудың келесі түрі –
таңдап оқу. Таңдап оқу барысында білім алушы
кейбір нақты ақпаратты (мысалы, статистикалық деректерді,
кейбір оқиғаның
сипаттамасын және т.б.) немесе жаңадан берілген мәліметті іздейді. Бұл
жағдайда білім алушы мәтіндегі жаңа, маңызды және пайдалы мәліметтерді
түсінуі жеткілікті. Айта кету керек, бұл ресми іс-қағаз,
публицистикалық,
көркемдік, ғылыми стильді мәтіндер болуы мүмкін. Білім алушылар өзіне
қажетті аспектілерге ғана назар аударады.
Зерделеп оқу мұғалімнің жетелеуімен білім алушының:
- Мен терең әрі мағыналы оқығаннан кейін, жұмысымның неге сәтті
болғанын түсінуге тырыстым ба?
- Оқу барысында мәселелер туындады ма?
- Бұл мәселелердің сипаты қандай?
- Мен оларды түзете аламын ба, әлде оқуға беріліп ұмытып кетемін бе?
тәрізді өзіне-өзі қойған сұрағынан басталады [10].
Мағыналық оқу дағдыларын қалыптастыру
барысында ақпаратты оқу
және өңдеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін қиындата отырып жүйелі
жүргізу қажет. Сонымен қатар оқу шапшаңдығы, түсініп және дауыс ырғағын
келтіріп оқу тәрізді оқу дағдыларының сапасын да ескеру керек.
Оқу дағдыларын қалыптастырудың кезеңдері тұжырымдамалық,
синтетикалық, автоматтандырылған деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: