194
Кім?
Не?
Қашан?
Келісесің бе?
Дұрыс па? Неге екенін түсіндір?
Неліктен олай ойлайсың?
Айырмашылығы неде деп ойлайсың?
Ұқсастықтары неде деп ойлайсың?
Ұқсастығына 3 дәлел келтір
«Қысқаша жазба жасау» тәсілін қолдану барысында білім
алушылардың бойында оқу мәтінін мақсатты түрде оқу, проблемалық сұрақтар
қою, топта пікірталас жүргізу қабілеті қалыптасады.
«Мәтінге сұрақтар құрастыру» тәсілін қолдану барысында білім
алушылар мәтінде берілген ақпаратты талдайды, мәтіндегі сөйлемдер бойынша
сұрақтар
құрастырады, құрастырылған сұрақтарға жауап біру үшін мәтінді
және басқа да қосымша деректерді пайдаланады, мәтінде пайдаланылмаған
деректер қалады.
Бұл тәсіл басылым деректерімен
өздігінше жұмыс істеу, сұрақтар
құрастыру, жұпта жұмыс істеу білігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Әр түрлі сұрақтар қоюды үйренеміз» – «Блум түймедағы» тәсілі.
Түймедағының алты күлшесі – алты түрлі сұрақтар.
Қарапайым сұрақтарға жауап беру барысында қандай да бір фактілерді
айту, қажетті ақпаратты еске түсіру қажет, яғни мәтін туралы білімді тексереді.
Жауап мәтінде қамтылған ақпараттың қысқа және дәл көшірмесі болуы керек.
Мысалы: Басты кейіпкердің аты кім? Жайық өзені қайда құяды?
Нақтылау сұрақтары мәтінді түсіну деңгейіне шығарады. Бұл «иә» –
«жоқ» жауаптарын талап ететін және мәтіндік ақпараттың шынайылығын
тексеретін
ойландыратын сұрақтар, мысалы «бұл рас па...», «Егер мен дұрыс
түсінсем, онда...».
Мұндай сұрақтар пікірталас дағдыларын қалыптастыруға айтарлықтай
үлес қосады. Дұрыс және әсірелемей, нақты сұрақ қоюға үйрету керек.
Мағынаны пайымдау (түсіндірме) сұрақтар мәтіндік ақпаратты
талдау үшін қолданылады. Кейбір жағдайларда сұрақтың бұл түрі ақтауға
мәжбүрлеу ретінде теріс қабылдануы да мүмкін. Олар негізінен «неліктен?»
деген сұрақтан басталады және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауға
бағытталады. Мысалы, «Ағаштардың жапырақтары неліктен күзде сарғаяды?».
Мұндай сұрақтың жауабы мәтінде дайын түрде болмауы маңызды, әйтпесе ол
қарапайым санатқа енеді, сонымен қатар бала сұрақтың жауабын білетін болса
да қарапайым санатқа енеді.
Достарыңызбен бөлісу: