Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет86/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Шығармашылық сұрақтар алынған ақпараттағы мағлұматтарды 
біртұтас құбылыс ретінде жинақтап зерттеуді білдіреді. Олар әрқашан «егер ...» 
сөзімен жалғастырылатын немесе болашақ уақытты білдіретін сұрақ, ал 
тұжырымдаманың құрамында болжам немесе қиял элементі болады. Мысалы, 
«Егер ..., не болар еді?». 
 
Бағалау сұрақтары құбылыстарды, оқиғаларды, фактілерді бағалау 
критерийлерін анықтауға бағытталған. «Сіз ... қалай ойлайсыз?», «Дұрыс істеді 
ме?» тәрізді сұрақтар. 


195 
 
Практикалық сұрақтар қолдануға, теория мен тәжірибе 
арасындағы байланысты іздеуге бағытталған. Мысалы, «Кейіпкердің орнында 
болсаң, не істер едің?», «Есеп шығару дағдысы саған не үшін қажет болады?» 
тәрізді сұрақтар [20]. 
Оларға жауап бере отырып, кейбір фактілерді атау, есте сақтау керек, 
сонымен қатар кейбір ақпаратты көбейту керек. Олар көбінесе сынақ, 
терминологиялық диктант кезінде басқа да дәстүрлі бақылау формаларында 
тұжырымдалады.
Нақтылаушы сұрақтар әдетте «Яғни сен ... деп ойлайсың?», «Егер мен 
дұрыс түсінсем, онда ... ?», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, сен ... туралы 
айттың?» тәрізді сұрақтардан тұрады. Бұл сұрақтардың мақсаты – сұхбаттаушы 
адамға не айтқаны туралы кері байланыс беру болып табылады. Кейде олар 
хабарламада жоқ, бірақ болжанатын ақпарат алу үшін сұралады. Сұрақ қою 
барысында бет әлпетінде жағымсыз мимиканың болмауы өте маңызды.
 
«Инсерт» тәсілі – бұл оқу барысында мәтінді таңбалап немесе 
белгілеп отыру тәсілі. Ол негізінен мұқият оқуды ынталандыру және оқуды 
қызықты саяхатқа айналдыру үшін қолданылады [21].
- Оқу барысында білім алушы мәтінде келесідей белгілер қойып отырады: 
V – бұрын білгенмін; 
+ –жаңа; 
– – басқаша ойлағам; 
? – түсінген жоқпын, сұрақтарым бар. 
- Мәтінді екінші рет оқи отырып және материалды жүйеге келтіре отырып 
кесте толтырады. 
Бұрын білгенмін (V) 
Жаңа ұғым білдім (+) 
Басқаша ойлағам (–) 
Сұрақтарым бар (?) 
Негізгі сөздерден, фразалардан тұратын қысқа жазбалар жасайды. Кестені 
толтырғаннан кейін балалардың қолында қысқаша конспект пайда болады, 
сондай-ақ білім алушылармен әңгіме режимінде жұмыс нәтижелерін 
қорытындылауға болады. Егер білім алушыларда сұрақтар туындаса, онда 
мұғалім білім алушылардың бірі туындаған сұраққа жауап бере ала ма, жоқ па 
екенін алдын ала біле отырып, сұрақтарға өзі жауап береді. Бұл әдіс білім 
алушылардың жаңа ақпаратты жіктеу, жүйелеу, жаңасын бөлу қабілетін 
дамытуға ықпал етеді. 
 
«Кластер» тәсілі материалды құрылымдау және жүйелеу үшін 
қолданылады. Кластер – оқу материалын графикалық ұйымдастырудың тәсілі, 
оның мәні парақтың ортасында негізгі сөз (идея, тақырып) жазылады немесе 
сызылады, ал оның екі жағында онымен байланысты идеялар (сөздер, 
суреттер) жазылады [22]. 
 
Мұғалім балаларға оқылған материалды қайта оқып, сабақтың 
тақырыбы шеңберіндегі негізгі ұғымдарды, өрнектерді, формулаларды жазуды 
ұсынуына болады. Содан кейін әңгіме немесе жұптағы, топтардағы жұмыс 


196 
барысында, осы негізгі ұғымдарды, өрнектерді, формулаларды қажетті 
ақпаратпен толықтырады. 
«Негізгі сөздер» тәсілін қолдану арқылы әңгіме құрастыруға немесе 
кейбір ұғымдарды анықтауға болады. 
«Дұрыс және дұрыс емес пікірлер» тәсілі – білім алушылардың білімін 
өзектендіруге және олардың ойлау қызметін белсендендіруге ықпал ететін 
әмбебап тәсіл. Бұл әдіс балаларды ақыл-ой белсенділігіне тез қосуға және 
сабақтың тақырыбын зерттеуге логикалық түрде көшуге мүмкіндік береді. 
Стратегия жағдайды немесе фактілерді бағалау, ақпаратты талдау, өз пікірін 
білдіру қабілетін қалыптастырады. Балалар ереже бойынша пікірлерге өз 
көзқарастарын дұрыс болса «+», дұрыс емес болса «–» белгілерін қою арқылы 
білдіреді. 
 
Мағыналық оқу әмбебап әрекет ретінде мұғалімнің: 
- проблемалық оқыту технологиясын; 
- интерактивті технологияларды; 
- сыни ойлау технологиясын және басқа да жұмыс формаларын 
қолдануының арқасында қалыптасады. 
 
Оқудың заманауи тәсілдерін ескере отырып, мұғалімдерге келесі 
жолдарды ұсынуға болады: 
- білім алушылардың жаңа материалды игеруі үшін оқудың ең ұтымды 
түрлерін таңдау; 
- мәтінмен жұмыс істеудің стандартты емес түрлері мен әдістерін енгізу 
арқылы білім алушылардың бойында оқуға деген қызығушылық қалыптастыру; 
- оқулықпен жұмыс істеу кезінде білім алушылардың әртүрлі топтары 
қызметінің сипатын анықтау.
Оқулықтардың ақпараттары үлкен тиімділігімен ерекшеленеді, себебі 
олардың құрамында сабақ тақырыбына қатысты көптеген ақпараттар болады. 
Олармен жұмыс істеу барысында білім алушылар тапсырма алады, сол 
тапсырмаларда қарастырылған жұмыстарды орындайды.
Оқулықтарда көлемді апараттар қысқартылып беріледі, қосымша ақпарат 
алу, яғни білімді тереңдету үшін білім алушылар қажетті ақпаратты басқа 
дереккөздерден іздейді, оқиды. Оқулықтарда оқу материалын көбірек 
«жинақтау» үшін мәтіннен басқа қорытынды кестелер, диаграммалар, 
графиктер және т.б. беріледі Сондықтан, мұғалімдер оқулықтағы ақпаратты 
талдауға назар аударулары тиіс [10 ];
- оқу іс-әрекетінің белгілі бір түрлерінде білім алушыларға қиындықтар 
тудыруы мүмкін жағдайларды алдын-ала болжау; 
- білім алушылардың білуге ұмтылысына, алға жылжуына қарай оқудағы 
дербестік деңгейін арттыру; 
- білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында сабақ 
барысындағы іс-әрекеттерді түрлендіру; 
- әр түрлі қызмет түрлерінде өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі ұйымдастыруға 
үйрету. 
Жоғарыда аталған жұмыс әдістерін бастауыш және негізгі білім беру 
деңгейлерінің 
білім 
алушыларының 
(мәтіннің, 
әңгіменің, 
есептің, 


197 
тапсырманың) мағынаны түсініп оқуын дамыту үшін кеңінен қолдануға 
болатындығы анық. Әдебиеттік оқу сабақтарында білім алушылардың оқу 
шеберлігі мен көркем шығарма әлеміне «ену» қабілетін, сонымен қатар көркем 
әдебиет оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет