Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырыпты оқытып-үйретудiң жоспары



бет37/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
математика 1 к

Тақырыпты оқытып-үйретудiң жоспары:

    1. Нумерациялық материалдардың қарастырылу реті.

    2. Негізгі нумерациялық ұғымдар: сан және цифр; санның натурал қатарының кесіндісі; санаудың ондық жүйесі, бір таңбалы сандар, толық ондықтар, екі таңбалы, үш таңбалы және көп таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар.

    3. Сандарды концентрлер бойынша оқытудың әдістемесіне сипаттама

Жұмысты орындаудың тапсырмалары мен нұсқаулары:

  1. Оқулықтан (Математика-1, Математика-2) нумерациялық материалдарды тауып, өтiлу ретiн қарастырыңыз.

  2. 10 көлемiндегi сандар нумерациясын өтуде қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасаңыз.

  3. Кез-келген таңбалы санды шығарып алу әдiстемесiне талдау жасап, сандар құрамымен таныстыру әдiс-тәсiлдерiне тоқталыңыз.

  4. 10 санымен таныстыру әдiстемесiне тоқталып, әр «бiр таңбалы сан», «екi таңбалы сан» терминдерiн енгiзу фрагментiне тоқталыңыз.

  5. Толық ондықтар, оларды шығарып алу, атаулары жайлы мәселелерге талдау.

  6. Кез-келген екi таңбалы санды таныстырудағы сабақтың ролi қандай?

  7. «1 саны және цифры», «0 саны және цифры», «2 саны және цифры», «3 санының құрамы», «10 саны», «толық ондықтар, ондықтармен, бiрлiктермен санау” тақырыптарына жаңа материалды түсiндiру сабағының үзiндiсiн дайындап, өткiзiп, талдау жасаңыз.

  8. «1000 көлемiндегi сандар» тақырыбы қай сыныпта қалай қарастырылады?

  9. Үш таңбалы санды таныстыру сабағына ауызша талдау жасаңыз.

  10. «1000 көлемiндегi сандар» тақырыбын өтуде қолданылатын көрнекi құралдар туралы не айтар едiңiз?

  11. «Көп таңбалы сандар» тақырыбымен таныстырудың бiр сабағына талдау жасаңыз.

  12. Осы тақырыпты өтуде қандай әдiс-тәсiлдердi қолдануға болады? Дәлелдеңiз.

  13. Оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастырудың қандай формаларын пайдалануға болады?

  14. «Математика-2» оқулығындағы 156-беттегi №2,3-жаттығуларды қалай орындатар едiңiз?

  15. Жаңа материалды түсiндiру сабағының үзiндiсiн дайындап, өткiзiп, талдаңыз.

8 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Жаңа ұғым мен әрекет тәсілдерімен таныстыру кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау.

Мақсаты: Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттерiн оқытудың жүйесi мен қарастырылу ретiн оқып-үйрену; осы тақырып бойынша материалды өтуге дайындық; бекiту және тексеру тапсырмаларын iрiктеу және құрастыру.

Тақырыпты оқытып-үйретудiң жоспары:

1. Тақырыпты оқып-үйренудiң мiндеттерi.

2. Негiзгi арифметикалық амалдар және олардың қасиеттерi: әрбiр арифметикалық амалдың мәнi-мағынасы; математикалық символика; қосынды, айырма, көбейтiндi, бөлiндi және олардың мәндерi; қосу мен көбейтудiң ауыстырымдылық және терiмдiлiк заңдары; қосындыны санға көбейту және бөлу; амалдардың 0 мен 1-ге қатысты қасиеттерi; қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы; көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысы; оларды қарастыру ретi.

3. Оқулықтағы материалдар мен тақырып бойынша көрнекі құралдарды оқып-үйрену, талдау.

4. Көрнекi құралдарды қолданудың маңызы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет