Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


- дәріс Тақырыбы: Сабақ – математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы



бет11/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
математика 1 к

5- дәріс

Тақырыбы: Сабақ – математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы

Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:

- оқу-тәрбие процесінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут) ішінде өтуі;

- сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан тұруы;

- қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;

- өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;

- әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара формаларымен іске асырылуы.

Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.

Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: - білімділік;

- дамытушылық;

- тәрбиелік;

- практикалық.

Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі қолданылатындары - сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін түрлері. Атап айтсақ: - аралас сабақ;

- мұғалімнің жаңа білімді хабарлау сабағы;

- оқылған материалды бекіту сабағы;

- оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы;

- тексеру және оқушылардың білімдерін есепке алу сабағы.

Математика сабағы көбінесе аралас сабақ болып келеді. Әрбір сабақтың түріне қарай оның кезеңдері де әр түрлі болуы тиіс. Дегенмен қазіргі кездегі сабақ мұғалімнің түсіндірмесінен, дәптермен және оқулықпен, дидактикалық материалдармен жұмыстан тұрады.

Сабақта қолданылатын әдіс түрлері - сөздік, практикалық және көрнекілік әдістер. Бұлардың да түрлері әрбір сабақта, тіптен әрбір сыныпта әр түрлі болуы мүмкін.

Қазіргі заманғы математика сабағына төмендегідей талаптар қойылады, ол талаптар сабақтың жоспарын дайындауға және оны талдауға көмектеседі.



  1. Сабақтың тақырыбын анықтау;

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық) анықтау;

  3. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне орай сабақтың барысын және әр кезеңдердегі міндеттерді анықтау;

  4. Сабақтың білімділік міндетіне сәйкес оқу материалын іріктеу;

  5. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау;

  6. Оқыту құралдарын (оқулық, дидактикалық немесе үлестірмелі материалдар, көрнекі құралдар, 1-сынып дәптерлері) іріктеу;

  7. Өтілген материалды тексерудің формасы мен мазмұнын анықтау;

  8. Үй тапсырмасын орындауға нұсқау мен сабақты қорытудың формаларын ойластыру.

Күнделікті сабақ жоспары - бастауыш мектептегі жоспарлаудың бір түрі, онда мұғалімнің іс-әрекеті мен шамамен берілетін оқушылардың жауабы және әр түрлі нұсқадағы олардың іс-әрекеті сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет