Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет12/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
математика 1 к

Сабақты талдау кестесі:

  1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, сабақтың түрі.

  2. Сабақтың ұйымдастырылуы.

  3. Сабақтың барысы, білімділік мақсатының шешілуі, оқу материалы көлемінің оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен сәйкестігі, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдеріін талдау, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және білімдерін есепке алу, тексеру формаларын қолданылуы.

  4. Сабақтың қандай кезеңдері болды? Әрбір кезеңдегі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті.

  5. Сабақта қолданылған Т.О.Қ, көрнекі құралдар, тақта.

  6. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен жазуы, жауабы, танымдық және шығармашылық іс-әрекеті.

  7. Сабақ бойынша жалпы талдау: 1) сабақтың ұйымдастырылуы; 2) мақсат пен міндеттердің (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, практикалық) шешілуі; 3) сабақтағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетіне жалпы баға беру.

Бақылау және ББД түзету сабақтары көбінесе екі кезеңмен: бақылау жұмысы және оқушылардың типтік қателерімен жұмысқа арналған арнайы сабақ түрінде өткізіледі, оның мақсаты:

а) теориялық материалды оқушылардың игеру деңгейін бақылау;

ә) білік, дағды қалыптасуын және оны практикада қолдану білігін бақылау;

б) игерілген ББД түзету, анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды жою.

Мұндай сабақтардың құрылымының үлгісі:


    • кіріспе түсініктеме бөлім: тапсырмаларды орындауға оқушыларды психологиялық дайындық; нұсқау, тапсырманы орындау, оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

    • негізгі бөлім: оқушылардың өзіндік жұмысы; оқушылардың сабырлылығы мен өзіне сенімділіін қолдау үшін кеңес түріндегі жеке-дара жұмыс.

қорытынды бөлім: өткізілген бақылауды талдау; типтік қателерді анықтау; түзету жұмыстарын жүргізу.

Үй тапсырмасы оқушының бәрiне бiрдей бiртүрлi мазмұндағы емес, балалардың қызығулары мен қабiлеттерiне қарай жекеленген түрде, бiрнеше вариантта берiлгенi пайдалы…

…Үй тапсырмасын (оның мазмұны, көлемiн) оқушылардың шамасы мен жас ерекшелiктерiн ескеру негiзiнде ұйымдастыру керек…”, деп жазады Т.Қ.Оспанов.

Үй тапсырмасын беруде мыналарды ескеру керек:



  1. Жаңа материалды қабылдауы (жай және тез);

  2. Өзiнiң ойын түсiндiре ала ма?

  3. Оқуға көңiл бөле ме?

  4. Оқушының жұмысқа кiрiсуге немесе бастаған жұмысын аяғына шейiн жеткiзуге дербестiлiгi, зейiндiлiгi, табандылығы жеткiлiктi ме?

  5. Ата-анасының баласының оқуына көзқарасы.

Үй тапсырмасын жекелеген балаларға карточка түрінде беруге болады:

Мысалы: үшiншi сыныпта “Аудан” (Математика-3, 23-24 беттер) тақырыбын өтуде оқушыларға үйге тапсырма ретінде 6 тапсырманың соңғы бағаны және 7 тапсырма берiлген.

№6 тапсырма: (522-448) +200

(800-668) +300

(912-732) +400

Барлық балаларға білім деңгейлеріне қарай мынадай карточкалар беруге болады:

1 карточка

732-(348+176) (902-347) +200

(567-80) +66 (805-458) +99

(399+77) – 49

2 карточка

(345+576) –312 912 (87+534)

821 + (342+423) (149+397)-200

(476+28)-307 (орташа оқитын оқушыларға)

3 карточка

8· 5 + 72 : 9 32 + 18 : 3 – 29

(72-42) : 5 9 · 4 – 6 : 2

4 карточка

48 : 6 + 7 · 3 63 : 7 + 35 – 19

49 : (81-74) 36 : 9 + 2 · 6 (жақсы оқитын оқушыларға)

№5 карточка

Теңдiк тура болатындай етiп жақша қой:

3+6+18 : 9 = 7 4· 5 + 2 = 28

17-40 : 8 = 12 7 + 2· 8 = 72

6 карточка

10 – 2 : 2 = 4 20 – 4 : 4 = 4

8+20 : 7 = 4 4· 2 + 3 = 20

7 карточка

180 – (74+38) өрнегi бойынша есеп құрастыр және шығар. (өте жақсы оқитын оқушыға)

Оқушыларға үйге тапсырма берумен қатар мiндеттi түрде тексерiлуi тиiс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет