Білім беру бағдарламасы -5в011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқу түрі: күндізгі Барлық кредиттер: курс: Оқу семестрі: 2


Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы болады. Ол ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасып жатады



бет12/58
Дата03.01.2022
өлшемі187.65 Kb.
#451306
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы болады. Ол ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы резонаторлық қызмет атқарады. Кейбір үнді дауыссыздар (м,н,ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында , әсіресе, ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады.

Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше – тіл болады. Тілдің бірде ілгері , бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп , бірде төмен түсуінен, сондай- ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс (немесе денталь) дыбыстары ( т,д…) , ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюнен немесе жуықтауынан тіл арты (қ,ғ,к,г) жасалады.

Тіл дыбыстарының артикулякциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о,ө,у,ұ…) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м,п,б..) жасалуына да қатысы бар . Еріннің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндік дауыстылар (о,у,ө…) жасалса, екі еріннің өз ара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль дыбыстар (м,б,п…) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан лабиаль – денталь дыбыстар (ф,в) жасалады.

Сонымен, тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке дара болмай , бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланысты болады

Тест сұрақтары

1. Фонетика ғылымы ненi зерттейдi?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет